ҚР 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 630-бап өзгертілді; ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 630-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара). 2005.21.10. № 80-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 630-бап өзгертілді
630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу
1. Осы Кодекстің 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463-4 (үшінші, төртінші бөліктерінде), 467, 470 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 471 (екінші бөлігінде), 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, шағын көлемді кемені уақытша сақтау үшін оларды арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы ұстау себептері жойылғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
осы Кодекстің 461 (бірінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші және екінші бөліктерінде) 468, 469-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралын пайдалануға тыйым салу себептері жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алып қою арқылы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткізудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе ұлттық стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 631-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның өкiлiнің не өзге қызметкерiнің жеке басы туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де сәйкестік белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен деректемелері туралы мәлiметтер көрсетiледi.
5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, оның өкiлi не кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда заңды тұлғаның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда тиiстi жазба жасалады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 632-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 632-бап өзгертілді
632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстің 177-3, 177-4, 177-5, 317-1-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 632-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 632-1-бап өзгертілді
632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билік етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және, егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершілікпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесi мен екі куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бірiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бірдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 633-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беру
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен өзге де материалдардың көшiрмелерi жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бір тәулiк iшiнде жiберiледi.
7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.
37-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 634-бап өзгертілді
634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен негiздемесi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) уәкiлеттi лауазымды адамның осы баптың 2-1-бөлігінің ережелерін ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
2-1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
Осы бөлік «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде және салық қызметі органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 635-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 635-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 635-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін 635-баптың мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептелсін
635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөнi; өзiне қатысты ic қозғалған адам туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң 2-бөлімінің осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), мекенжайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеп жазу кезiнде пайдаланылса, метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың көрсеткіштері; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ іс бойынша iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам (адамның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
5. Тиiстi түрде хабарланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам болмаған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
6. Өзiне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жасайды.
7. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескертпелер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде сәйкестендіру нөмiрi ол бар болса, көрсетіледі.
12.07.01 ж. № 240-II; 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр.ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 311- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 64-IV (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.04.05. № 156-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08 № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.09.11. № 197-ІV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.12 № 215-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара); 2009.08.12 № 225-IV (бұр. ред. қара); 2010.06.01. № 238-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.21.01. № 242-ІV (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.29.04. № 272-IV (бұр.ред.қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара); 2010.06.10. № 343-ІV (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 352-ІV (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 636-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 636-бап өзгертілді