Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95- құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; №11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
20-тараудың тақырыбындағы «және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау» деген сөздер «, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 310-1 және 559-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«310-1-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу»;
«559-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган»;
2) 20-тараудың тақырыбындағы «және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау» деген сөздер «, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 310-1 және 559-1-баптармен толықтырылсын:
«310-1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық куәлік берусіз асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректер есебін жүргізуден бас тартуы және есептілік бермеуі;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында пайдалануы;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды бағалау нәтижелерін бұрмалауы;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаты жоқ жеке тұлғалардың асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру жөніндегі қызметтер көрсетуі;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаты жоқ жеке тұлғалардың асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуі;
10) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тізілімінде тіркеу үшін жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректер беруден бас тартуы түрінде бұзуы;
11) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен өсіру мақсатында сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін бұзуы, -
аттестаттың қолданысын тоқтата отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер (әрекетсіздіктер) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттан айыруға әкеп соғады.».
«559-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары осы Кодекстің 310-1-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
4) 541-баптың бірінші бөлігі «309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «310-1 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
«асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (310-1-бап (екінші бөлік);».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж. № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
53-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының жиырма бесінші абзацындағы «жемшөптi және» деген сөздер алып тасталсын.
3. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж. № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымды аналық бал арасы - асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
2) асыл тұқымды бал ара ұясы - ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;
3) асыл тұқымдық зауыт - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгілі бір тұқым тобының сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтерін, белгілі бір тұқымның зауыттық желісін өсірумен, жетілдірумен және сатумен айналысатын заңды тұлға;
4) асыл тұқымдық куәлiк - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;
5) асыл тұқымдық кiтап - белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
6) асыл тұқымдық құндылық - ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгілеріне әсер ететін асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің деңгейі;
7) асыл тұқымды мал - тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
8) асыл тұқымды малдың карточкасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;
9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi - асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;
10) асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi - дистрибьютерлiк орталық) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын алуға, сақтауға және өткізуге маманданған заңды тұлға;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы - тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) асыл тұқымдық орталық - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрықтарын, эмбриондарын алумен, жинақтаумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;
14) асыл тұқымдық репродуктор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік немесе ата-енелік үйірін өсірумен, жетілдірумен және өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлға;
15) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары мен бал ара пакеттері;
16) асыл тұқымды тұқымдық мал - асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;
17) асыл тұқымдық шаруашылық - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгілі бір түрін, желілері мен типтерін өсірумен және өткізумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
18) аттестат - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекет танығандығы туралы куәландыратын құжат;
19) аттестаттау - Қазақстан Республикасының заңнамасымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге қойылатын талаптарға жеке және заңды тұлғалардың сәйкестігін айқындаудың (растаудың) кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсімі;
20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрі - мал) - адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
21) бағалау - тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, малды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;
22) бағалаушы (сыныптаушы) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, малды бағалауды жүргізу жөнiнде қызмет көрсететін жеке тұлға;
23) бал ара пакеті - құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;
24) ен салу (таңбалау) - тиiстi малды дәл бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;
25) желi - асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
26) зауыттық тип - тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
27) индекстік бағалау - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен анықталған аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі;
28) кросс - малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
29) қолдан ұрықтандыру - жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы -құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы - будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
32) малдың шығу тегі (ата-тегi) - асыл тұқымды малдың кемінде үш ұрпағының ата-енелерi мен тектері туралы мәлiметтер;
33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс - малды өсіру кезінде өнімділік бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге арналған дәйекті іс-қимылдардың жиынтығы;
34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры - уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
35) селекциялық карточка - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған селекциялық малды есепке алу нысаны;
36) селекциялық мал - таза тұқымды асыл тұқымдық малдан алынған, тұқымның түріне және өнімділік бағытына сай келетін мал;
37) таза тұқымды өсіру - селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;
38) тектiк қоры шектеулi тұқым - селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;
39) техник-ұрықтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, малды жасанды ұрықтандыру бойынша қызмет көрсететін жеке тұлға;
40) тұқым - адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;
41) тұқым стандарты - уәкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы және шығу тегi бойынша тиісті тұқымдағы асыл тұқымды мал үшін қойылатын ең төмен талаптар;
42) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;
43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) - асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;
44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, жоғары өнімді асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу бойынша қызмет көрсететін жеке тұлға.»;
2) 2-бапта:
бірінші бөліктің бесінші абзацындағы «заңды және жеке тұлғаларға» деген сөздер «жеке және заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
3) 4-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.»;
44) 5-бапта:
тақырып «өнiмге» деген сөзден кейін «(материалға)» деген сөзбен толықтырылсын;
мәтіндегі «заңды және жеке тұлғалардың» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады.».
6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.
Жер учаскелерi мен су тоғандарын беру тәртiбi және пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.»;
7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты
Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген және уәкiлеттi орган таныған ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк немесе оған барабар құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.»;
8) 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер кіреді.
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) мыналарды:
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын;
асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдаланудың салалық бағдарламаларын;
асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша субсидиялау тәртібін;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу тәртібін;
жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;