Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тиісті тауар
нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектілері мен нарық
субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «мөлшерімен» деген сөзден кейін «не монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының процентімен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 69-баптың екінші бөлігі «салық салу» деген сөздерден кейін «, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнама» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«147-бап. Нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдерi
(келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық)
жағдайды теріс пайдалану
Нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалану, -
дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) мынадай мазмұндағы 147-2, 147-3, 147-4, 147-5-баптармен толықтырылсын:
«147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезінде нарық
субъектілерінің заңсыз іс-әрекеттерi
Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектілерінің оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-3-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін орындамау.
Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және
үй-жай мен аумаққа кіруге кедергі жасау
Шешімді (нұсқаманы) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргізетін лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кіруіне кедергі жасау, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-4-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті,
жосықсыз бәсеке
1. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жосықсыз бәсеке -
дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-5-бап. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу
Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар туралы заңнамамен белгіленген шектеулерді сақтамауы, табиғи монополия субъектісінің міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын өзге де бұзуы -
дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «147 (үшінші бөлігінде), 147-1,» деген сөздер алып тасталсын;
6) 565-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«565-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 147, 147-2, 147-3, 147-4-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
7) мынадай мазмұндағы 565-1-баппен толықтырылсын:
«565-1-бап. Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды
және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 147-5-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
8) мынадай мазмұндағы 565-2-баппен толықтырылсын:
«565-2-бап. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған
қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын
уәкілетті орган
Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 147-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
9) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
отыз бірінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы отыз үшінші абзацпен толықтырылсын:
«табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (356-бап);»;
10) 638-баптың бірінші бөлігіндегі «дереу,» деген сөзден кейін «монополистік қызметті жүзеге асыру кезінде - тергеу немесе тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
134-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.»;
2) 14-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополия субъектілерін қайта тіркеу үшін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі талап етіледі; тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін қайта тіркеу үшін монополияға қарсы органның келісімі талап етіледі.»;
3) 16-баптың төртінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополия субъектісі қызметінің тоқтатылуын тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.».
4. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат):
1) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіпорындардың (мемлекеттік монополия субъектілерін қоспағанда) монополиялық түрде өткізетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалардың көтерілуіне жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган мұндай бағаларды белгілеу тәртібін айқындайды.»;
2) 40-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазыналық кәсіпорындардың (мемлекеттік монополия субъектілерін қоспағанда) монополиялық түрде өндіретін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалардың көтерілуіне жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган мұндай бағаларды белгілеу тәртібін айқындайды.»;
3) 49-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі орталық атқарушы» деген сөздер «монополияға қарсы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық органның» деген сөздер «монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):
19-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер борышкер табиғи монополия субъектісі болып табылған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы борышкердің сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасын алған кезден бастап, табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның оларға он күн ішінде беретін қорытындысы;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) егер борышкер тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі болып табылған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы борышкердің сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасын алған кезден бастап монополияға қарсы органның оларға он күн ішінде беретін қорытындысы қоса тіркеледі.».
6. «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Жосықсыз бәсеке туралы» 1998 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж. № 9-10, 84-құжат; 2000 ж., № 21, 397-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 1-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«монополияға қарсы орган - бәсекеге жәрдемдесу мен оны дамыту және жосықсыз бәсекенің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
2) 5-бапта:
4), 7), 8) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бәсекені жою және шектеу арқылы кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға әкеп соғатын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер).»;
3) 5-1-бапта:
3-тармақтың екінші абзацындағы «өтініші» деген сөз «арызы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «бағдарламасын» және үшінші бөліктегі «бағдарламасы» деген сөздер тиісінше «жоспарын», «жоспары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Тексеру жүргізу үшін монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен жұмыс тобының құрылуы, оның құрамы бекітілуі, жұмыс тобының басшысы мен басшысының орынбасары белгіленуі мүмкін.
Тексерілетін субъект тексеру жүргізу туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамы және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тарта алады.
Тексеру жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тарту тексеруді болдырмауға негіз болып табылмайды.»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тексеру жүргізу жоспары:»;
6-тармақтың үшінші бөлігіндегі «бағдарламасына» деген сөз «жоспарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Монополияға қарсы органға жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажет коммерциялық құпия ақпарат беруден бас тарту үшін негіздеме бола алмайды.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Монополияға қарсы орган тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының мамандарын, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар тартуға құқылы.
Тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына тексеру нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюға және өтініштер жасауға тыйым салынады.»;
4) 7-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Монополияға қарсы орган:»;
1) тармақшадағы «шекарасы бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен шығатын» деген сөздер алып тасталсын;
5) 7-1-бап алып тасталсын.
8. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
10-баптың 7-тармағындағы «монополияға қарсы саясат саласындағы уәкілетті атқарушы өкімет органының» деген сөздер «монополияға қарсы органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тауарларды (мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер атқаратын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді) мемлекеттік реттеу мақсатында монополияға қарсы орган мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.».
10. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
27-баптың 1-тармағының 22-6) тармақшасы алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
68-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «монополияға қарсы заңдардың нормалары мен ережелеріне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнамаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызметтеріне, сондай-ақ мұнай өнімдерін өткізуге, сақтауға арналған тарифтерді бекітеді.».
13. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат):
6-бап алып тасталсын.
14. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
26-баптың 1-тармағындағы «оның құрылымын монополияға қарсы орган» деген сөздер «оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен монополияға қарсы орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің7-сі.
№ 174-III ҚРЗ