Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 14-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат):
1) 39-баптың бірінші бөлігінің з) тармағы алып тасталсын;
2) 41-баптың төртінші бөлігіндегі «, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер алып тасталсын;
3) 47-бап алып тасталсын;
4) 61-бапта:
бірінші бөліктің а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) қамаудың бір күні;»;
екінші бөлігіндегі «тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен,» деген сөздер алып тасталсын;
5) 62-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «, тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың», «, тәртіптік әскери бөлімде ұстау» деген сөздер алып тасталсын;
6) 63-баптың бірінші бөлігіндегі «немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау» деген сөздер алып тасталсын;
7) 70-баптың бірінші бөлігіндегі «, тәртіптік әскери бөлімде ұстау» деген сөздер алып тасталсын;
8) 73-баптың төртінші бөлігіндегі «не тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер алып тасталсын;
9) 77-баптың үшінші бөлігінің б) тармағындағы «тәртіптік әскери бөлімде ұсталу,» деген сөздер алып тасталсын;
10) 367-бапта:
бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер «бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлігінің екінші абзацындағы «тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер «бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 368-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға,» деген сөздер алып тасталсын;
12) 369-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «не екі жылға дейінгі мерзімге әскери тәртіптік бөлімде ұстауға» деген сөздер «не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 370-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «, не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер алып тасталсын;
14) 371-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлігінің екінші абзацындағы «не бес жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер «не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 372-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
1. Бейбіт уақытта жасалған, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен тастап кетушілік бір айдан ұзаққа созылса, -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, егер өз бетімен тастап кетушілік бір тәуліктен ұзаққа созылса, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ұзақтығына қарамастан, ұрыс жағдайында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, -
үш жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
16) 374-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге әскери қызметі бойынша шектеуге не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
17) 375, 376, 377, 378-баптардың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «, не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер алып тасталсын;
18) 379-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса,-
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
19) 382-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер «не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 387-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «, не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер алып тасталсын;
21) 388-баптың екінші абзацындағы «, не бір жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер алып тасталсын;
22) 389-баптың екінші абзацындағы «не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға,» деген сөздер алып тасталсын;
23) 390 және 391-баптардың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға,» деген сөздер алып тасталсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат):
1) 192-баптың бірінші бөлігіндегі «372-бабында (бесінші және алтыншы бөліктерінде),» деген сөздер «372-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 285-баптың бесінші бөлігінде:
«372 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздер «372 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын.
«379 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «379» деген цифрлармен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат):
1) 13-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «тәртіптік әскери бөлімде ұстауға,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 14-бапта:
2-тармағындағы «немесе тәртіптік әскери бөлім» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармағындағы «тәртіптік әскери бөлімде ұстауды - осы үшін арнайы арналған тәртіптік әскери бөлімдер;» деген сөздер алып тасталсын;
3) 18-баптың 3-тармағындағы «тәртіптік әскери бөлімде ұстауды,» деген сөздер алып тасталсын;
4) 24-баптың 2-тармағындағы «немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау» деген сөздер алып тасталсын;
5) 27-баптың 2-тармағындағы «немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстауға» деген сөздер алып тасталсын;
6) 5-бөлімнің тақырыбындағы «және тәртіптік әскери бөлімде ұстау» деген сөздер алып тасталсын;
7) 20-тарау алып тасталсын;
8) 173-баптың 1-тармағындағы «және тәртіптік әскери бөлімде ұстау» деген сөздер алып тасталсын;
9) 174-баптың 1-тармағындағы «не тәртіптік әскери бөлімде ұстауды» деген сөздер алып тасталсын.
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 35-бапта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемінде:
«әскери жиында жүрген азаматтар» деген сөздер «әскери жиында жүрген әскери міндеттілер, осы Кодекстің 512-1 - 512-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінде:
бірінші сөйлеміндегі «санитариялық заңдарды» деген сөздер «санитариялық заңнаманы» деген сөздермен ауыстырылып, осы сөйлем «қызмет орындарынан тыс кеден ережелерін,» деген сөздерден кейін «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, бюджет және салық заңнамасын,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлеміндегі «, ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) айыппұл түрінде де» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдануға болмайды.»;
2) Мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді.
3) мынадай мазмұндағы 512-1, 512-2, 512-3, 512-4-баптармен толықтырылсын:
«512-1-бап. Әскери қызметшіні қорлау
1. Әскери қызмет міндеттерін орындау уақытында немесе орындауға байланысты олардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаған кезде бір әскери қызметшінің екінші әскери қызметшіні қорлауы, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, —
айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
512-2-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
1. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, бес тәуліктен артық, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылу, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, он тәуліктен артық, бірақ бір айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
512-3-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару ережелерін бұзу
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқару ережелерін бұзуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
512-4-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау
Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы, -
он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
4) 541-баптың бірінші бөлігі «501,» деген цифрлардан кейін «512-1 - 512-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5 ) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«әскери полиция органдарының (512-1 - 512-4-баптар);
елу үшінші абзацындағы «(147-бап)» деген сөздерден кейін «уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар» деген сөздермен толықтырылсын;».
6) 727-бапта:
бірінші бөлік «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «және әскери полиция органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әскери қызметшілер әкімшілік қамауды гауптвахталарда өтейді.».
5. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат):
21-2-баптағы «, бас бостандығынан айыру не тәртіптік әскери бөлімде ұстау» деген сөздер «не бас бостандығынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):
1) 5-баптың 7) тармақшасы «гауптвахтаға жабу арқылы ұстауды орындау» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны орындау» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың 20) тармақшасындағы «гауптвахтада ұстау арқылы қамау түріндегі тәртіптік жаза» деген сөздер «әкімшілік қамауға алуды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 10-ы.
№ 177-ІV ҚРЗ