Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат):
1) 69-баптың алтыншы бөлігіндегі «күрес» деген сөз алып тасталып, «қылмыс» деген сөз «қылмыс, сондай-ақ террористік қылмыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 75-баптың төртінші бөлігіндегі «қылмыс» деген сөзден кейін «, сондай-ақ террористік қылмыс» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат):
1) 289-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы «тану туралы» деген сөздерден кейін «, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 36-2-тараудың тақырыбы «тану туралы» деген сөздерден кейін «, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 317-6-бапта:
бірінші бөлік «экстремистік ұйым деп тану туралы» деген сөздерден кейін «, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «террористік ұйым деп тану туралы» деген сөздерден кейін «, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 317-7-бапта:
бірінші бөлік «жүзеге асыру фактісін» деген сөздерден кейін «не оның өз атауын өзгерту фактісін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «тану туралы» деген сөздерден кейін «, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 317-8-бап «тану туралы» деген сөздерден кейін «, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат, № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар, № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар):
1) 344-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «және ақтауға бағытталған» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 362-1-баппен толықтырылсын:
«362-1-бап. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында құқықтық режимнің бұзылуы
Құқықтық режимді бұзу немесе терроризмге қарсы операциялардың жариялануына байланысты белгіленген талаптарды:
1) келудің және кетудің ерекше режимі;
2) жергілікті жерлердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі жасау;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке тексеріп қарауға және жеке адамның заттарын тексеріп қарауға, көлік құралдарын тексеріп қарауға кедергі жасау;
4) байланысты пайдаланудың айрықша ережелері;
5) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі жасау;
6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі жасау;
8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі жасау;
10) қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, күшті әсер ететін химиялық және улы заттар саудасын шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнімдер айналымының айрықша режимін орнату бөлігінде орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата отырып, екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 541-баптың бірінші бөлігі «362,» деген цифрлардан кейін «362-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 620-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі бұзылған немесе терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген талаптар орындалмаған кезде - терроризмге қарсы операцияға белгіленген құзыреті шегінде қатысатын лауазымды адамдар;»;
5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзац «362,» деген цифрлардан кейін «362-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық ұланның (388-бап), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (362-1, 388-баптар);
қырық жетінші абзац «356-2,» деген цифрлардан кейін «362-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат):
53-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацындағы «қарсы күрес» деген сөздер «қарсы іс-қимыл» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат):
33-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «террористік актілер» деген сөздер «терроризм актілері» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «адам құрамымен», «адам құрамының», «адам құрамына», «адам құрамын» деген сөздер тиісінше «жеке құрамымен», «жеке құрамының», «жеке құрамына», «жеке құрамын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың бірінші бөлігінде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«- қоғамдық тәртіпті сақтауда, қоғамдық тәртіптің жаппай және топтасып бұзылуына тыйым салуда, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуде ішкі істер органдарымен бірлесіп қатысу, террористік операция жүргізуге қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу;»;
сегізінші абзацтағы «террорлық актілерді» деген сөздер «терроризм актілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-баптың он үшінші абзацындағы «жүргізу жүктеледі» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«терроризмге қарсы операцияны жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу жүктеледі.»;
4) 22-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) терроризмге қарсы операцияға және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану.»;
5) 28-баптың бірінші бөлігінде:
«құқықтық режимін қамтамасыз ету мен» деген сөздер «құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету, терроризмге қарсы операцияға қатысу және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«террорлық актілерді» деген сөздер «терроризм актілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 39-баптың үшінші бөлігіндегі «адам құрамын» деген сөздер «жеке құрамды» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 220-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2000 ж., № 20, 380-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
6-баптың а) тармақшасындағы «зорлық-зомбылық» деген сөздер «терроризм актісі» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат):
1) 1-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операция жүргізген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы оралымды штабты басқаруды жүзеге асырады.»;
2) 2-баптың бесінші абзацындағы «терроризмге қарсы күресті» деген сөздер «терроризмге қарсы іс-қимылды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың бірінші бөлігінде:
2) тармақша «ұсыныстар» деген сөзден кейін «және (немесе) нұсқамалар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) жеке және заңды тұлғаларды тексеруді және оларды күзетілетін адамдар мен объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;
2-2) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;»;
13) тармақша «әскери бөлімшелерінің» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 12-баптың үшінші бөлігінде:
«, сондай-ақ оларды қолдану ережелерін» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
5) 18-баптың екінші бөлігінің бесінші абзацы «азаматтар» деген сөзден кейін «құқық бұзған немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 24-баптағы «атқарылуын» деген сөз «қолданылуын» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат):
1) 10-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операцияларға қатысу, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз ету;»;
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану;».
10. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат):
2-баптың 1-тармағында:
9) тармақшадағы «терроризм актілерінің жолын кесуге,» деген сөздер алып тасталсын;
13) тармақшадағы «жасау болып табылады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығына ие бола отырып, терроризмге қарсы операция жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.».
11. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж.,№ 19, 88-құжат):
1) 11-баптағы «террорлық актілерді» деген сөздер «терроризм актілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;».
12. «Мемелекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер.».
13. «Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат):
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы»;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
1) «Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнің зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негізгі принциптерін, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың міндеттері мен құқықтарын, оларды сақтау кепілдіктерін белгілейді.»;
3) мәтін бойынша «террористік акцияларды», «террористік акцияларға», «террористік акциялардың», «террористік акция», «террористік акцияны», «террористік акцияның», «террористік акциядан» деген сөздер тиісінше «терроризм актілерін», «терроризм актілеріне», «терроризм актілерінің», «терроризм актісі», «терроризм актісін», «терроризм актісінің», «терроризм актісінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мақсаттағы бөлімшелер - терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін құрылған мамандар топтары;
2) кепілге алынған адам - кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;
3) терроризм - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;
4) терроризм актісі - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;
5) терроризмді (террористік қызметті) қаржыландыру - террористік қызметті жүзеге асыру үшін террористерге және (немесе) террористік ұйымдарға ақша және (немесе) өзге мүлік беру немесе жинау не қаржылай қызмет көрсету;
6) терроризмге қарсы операция - адам күшін, қызметтік иттерді, әскери және өзге де техниканы, қарулар мен арнаулы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм актісінің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені. Тізбесі «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шаралары да терроризмге қарсы операцияларға жатады;
7) терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағы - терроризмге қарсы операцияның басшысы анықтаған, аталған операция жүргізілетін шектегі жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, құрылғы, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ;
8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі - терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, онда терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеудің жекелеген шараларын белгілеуге жол беріледі;
9) терроризмге қарсы іс-қимыл - терроризмді анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою;
10) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
11) терроризм профилактикасы - терроризмнің алдын алуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар жүйесі;
12) террорист - террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;
13) террористік топ - террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында біріккен екі және одан да көп адамдардан құралған топ;
14) террористік тұрғыдан осал объектілер - тізбесін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін объектілер;