Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат):
49-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«компаниясын» деген сөзден кейін «, мақта өңдеу ұйымын» деген сөздермен толықтырылсын;
«және секьюритилендіру» деген сөздер «, секьюритилендіру және мақта саласын дамыту» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат):
1) 20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Карантин ережелері, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және ветеринариялық қадағалау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
2) мынадай мазмұндағы 309-4-баппен толықтырылсын:
«309-4-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзу
1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтамен жүргізілген операциялар көрсетілетін құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мақта талшығының тиісті сапа паспортынсыз мақта талшығын өткізу - жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге — он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасымен белгіленген талаптарды бұзғаны туралы уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мақта өңдеу ұйымдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұза отырып, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге қоюы, сондай-ақ оларсыз шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын немесе айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, негізгі құрал-жабдықтарды мақта өңдеу ұйымының иеліктен шығаруы - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мақта қолхатын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін оларды құжаттамалық растау талабымен үнемі (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензиаттың лизенция алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқарған кезеңде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы - жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұру мерзімі өткен соң, осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
3) 541-баптың бірінші бөлігі «309-2 (төртінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 560-1-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«560-1-бап. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган
«1. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1, 309-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
5) мынадай мазмұндағы 576-4-баппен толықтырылсын:
«576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар
1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыс әкімі және оның орынбасарлары құқылы.»;
6) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті органның 186, 309-4 (бірінші, екінші, үшінші бөліктері) - баптар;»;
мынадай мазмұндағы қырық жетінші абзацпен толықтырылсын:
«облыстың жергілікті атқарушы органының 309-4-бап (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктер), 357-2-бап (бірінші бөлік);».
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 299-ІІІ ҚРЗ