ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 640-бап өзгертілді
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.
2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерістерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бір тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса біреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.
38-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 642-бап өзгертілді
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады.
2. Осы Кодекстiң 246, 247, 447, 447-1, 447-3, 461-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 295, 296, 298, 298-1, 335 және 336-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 643-бап өзгертілді
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу
1.Судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 644-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам, егер ол адам:
1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болса;
2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 645-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және олардан бас тарту
1. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, алқалы органның басшысына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
4. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, алқалы орган, жоғары тұрған лауазымды адам ол түскен күннен бастап бір тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 646-бап өзгертілді
646-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай шешiм қабылдайды:
1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не тапсырылған материалдар толық болмаған, iстi қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) керi қайтару туралы;
5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы;
6) осы Кодекстiң 642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;
7) осы Кодекстiң 580-581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 1)-6) тармақшаларында көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
3. Осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.
3-1. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) іс жүргізуде бір адамға қатысты қозғалған екі немесе одан да көп істер барын анықтай отырып, осы істерді бірге қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.
4. Осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және 594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 647-бап өзгертілді
647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқықты судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады.
1-1. Сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы істі судья (сот) соттың бірінші, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясындағы тікелей осы отырысында қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ ол бір айдан аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн.
3. Жасалуы әкiмшiлiк қамауға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адам жөнiнде - ол ұсталған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 648-бап өзгертілді
648-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртібі
1. Алқалы орган отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қай бабы негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып отырған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар жоқта iс қарау туралы не iс қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды;
6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiш жасауларды шешедi;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып бередi;
9) iс қарауды кейiнге қалдыру туралы: егер iс қараушы судьяның не лауазымды адамның, сондай-ақ алқалы орган мүшесiнiң өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, бас тарту мәлiмделуiне; егер қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, аталған бас тартуға; iстi қарауға қатысушы адамдардың келуi немесе iс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстің 56-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда судья (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
10) осы Кодекстiң 646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
1-1. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтап, факті туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 8) және 10) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 513-бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
Процеске қатысушы адамның тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтау осы сот отырысының хаттамасында тіркеледі.
2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлға немесе заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды.
3. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да iс жүргiзу iс-әрекеттерi жүзеге асырылады.
649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанын, осы адамның соны жасауға кiнәлiлiгiн, оның ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн анықтауға, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 650-бап өзгертілді
650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бірiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 642-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралы (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;
4) 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Көлік құралын жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 580-бабында көзделген iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 581-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес адамды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдарын тиiстi органдарға беретiн жағдайларда шығарылады.
05.12.03. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 651-бап өзгертілді; 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 651-бап өзгертілді
651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда:
1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi, алқалы органның атауы мен құрамы;
2) iстiң қаралған күнi мен орны;
3) өзіне қатысты іс қаралған тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, сәйкестендiру нөмiрi және банк реквизиттері;
3-1) қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі;
4) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
5) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
6) iс бойынша шешiм;
7) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзімі;
8) айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі көрсетілуге тиіс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы дәлелдi болуы тиiс.
Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бір мезгiлде шешсе, қаулыда өтеуге жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртібі көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру туралы шешім шығарылған кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сол мерзім ішінде кетуі тиіс ақылға қонымды мерзім көрсетіледі.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда жеке адамда болған алынып қойылған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл кезде:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiмi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады, қалған жағдайларда тиесiлi адамына қайтарылады;
2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;
3) құнды емес және пайдаланыла алмайтын заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар өтiнiш жасаған жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;
4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi адамдарға берiледi.
4. Алқалы органның қаулысы отырысқа қатысқан алқалы орган мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға қаулы шығарған судья, алқалы органның отырысында төрағалық еткен лауазымды адам қол қояды.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 652-бап өзгертілді
652-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыны хабарлау және қаулының көшiрмесiн тапсыру
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады.
2. Өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулының көшірмесі ол хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі. Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшірмесі дереу прокурорға жіберіледі.
3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiнi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген адам жөнiнде осы Кодекстiң 332 және 369-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.
653-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда, шағым беру мерзiмi мен тәртібін қоспағанда, осы Кодекстiң 651-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 654-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиiстi ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi.
2. Ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдар жеке қаулыны және ұсынысты оны алған күннен бастап бір ай iшiнде қарауға және ұсыныс енгiзген судьяға, органға (лауазымды адамға) қолданылған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.
39-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
09.08.02 ж. № 346-II; 02.07.03 ж. № 451-II; 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 64-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 655-бап өзгертілді
655-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру құқығы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады.
2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьяларының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
2-1. Судья (сот) сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша осы Кодекстің 648-бабы 1-1-бөлігінің тәртібімен шығарған қаулыға жоғары тұрған инстанциядағы сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулысы қайта қаралуға жатпайды.”;
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым берiлiп, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 656-бап өзгертілді
656-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру тәртібі
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде оларды iстiң бүкiл материалдарымен тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.
1-1. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға осы Кодекстің 655-бабының 2-1-бөлігіне сәйкес шағым берілген, наразылық келтірілген жағдайда, сот отырысы хаттамасынан фактінің анықталуы бөлігіндегі көшірмені сот қаулыға қоса тіркейді.
2. Шағымды, наразылықты қарауға уәкiлеттi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға тiкелей сотқа шағым беру тәртібі азаматтық iс жүргiзу заңдарымен белгiленедi.
3. Судьяның әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағым, наразылық алынған күнi жолдануға тиiс.