Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2007.27.07. берілген өзгерістермен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат):
10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау тәртібін енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. Қазақстан Республикасының заңдарында өнімге қатысты белгіленген талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті растау жөніндегі талаптар және (немесе) қызметті мемлекеттік бақылау мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау белгіленеді.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат):
14-баптың 2-тармағындағы «қызметтің тиісті түрлерімен айналысуға берілген рұқсатты қайтып алуға» деген сөздер «лицензиатты жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 52-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Кредиттік бюроны қоспағанда, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреттері шегінде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырады.»;
2) 357-3-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «онға дейінгі» деген сөздер «елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «оннан он беске дейінгі» деген сөздер «елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «он бестен жиырмаға дейінгі» деген сөздер «алпыстан жетпіске дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 357-5-баппен толықтырылсын:
«357-5-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны қайтармау
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиаттың он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 541-баптың бірінші бөлігіндегі»«357-4,» деген цифрлардан кейін «357-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 636-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
жиырма алтыншы абзацтағы «357-3,» деген цифрлардан кейін «357-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
жиырма жетінші абзацтағы «357-1,» деген цифрлардан кейін «357-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
жиырма тоғызыншы абзацтағы «357-4,» деген цифрлардан кейін «357-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
отызыншы абзацтағы «357-3,» деген цифрлардан кейін «357-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) тармақшада:
«валюталық операциялар жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
«357-1-баптар» деген сөздер «357-1, 357-5-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 121-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру және қосымша жалпы және кәсіптік білім беру жөніндегі қызмет көрсетуден;»;
2) 227-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның сегізінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсету;»;
3) 371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мыналарды:
медициналық, дәрігерлік қызметті; ветеринария саласындағы қызметті: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды өткізуді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізуді; ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануды, жөндеуді және салуды;
күзет белгісі құралдарын монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
жолаушы лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
дәрілік заттарды дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды;
жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатындарын қоспағанда) өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды;
алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды;
ақпараттандыру мен байланыс, телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет, жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс желілерін жобалау, салу саласында қызметтер көрсетуді;
жолаушыларды өзен көлігімен тасымалдауды;
жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді;
өлшеу құралдарын жасауды және жөндеуді;
тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;
мыналардың:
мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың;
мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың;
жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, оның ішінде кәсіптер бойынша, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін;
жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;
электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды, электр станцияларын, электр желілері мен шағын станцияларды жобалауды және пайдалануды;
тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау мен пайдалануды, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды;
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық-барлау, тау-кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу тасығыш температурасы 1150С болатын қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жобалауды, жасауды, монтаждауды, жөндеуді (негізгі лицензияланатын қызмет түрінің технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықты жобалауды, жасауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда);
астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеуді;
қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді;
мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрлерін:
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді;
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждауды, орнатуды, оларға қызмет көрсетуді қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.»;
4) 530-баптың 3-тармағындағы «кері қайтарып алынған немесе» деген сөздер алып тасталсын.
5. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 64-баптың 3-тармағындағы «қайтарып алынған немесе тоқтатылған» деген сөздер «одан айырылған немесе ол тоқтатылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге
асыруға арналған лицензиядан айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) тиісті уәкілетті мемлекеттік орган тауарларды тасымалдауға берген лицензиядан айыру;
2) кедендік тасымалдаушы табыс еткен дұрыс емес мәліметтер негізінде лицензия беру;
3) осы тарауда айқындалған шарттардың сақталмауы;
4) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің осы Кодекстің 66-бабында белгіленген мерзім ішінде жойылмауы негіз болып табылады.»;
3) 70-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «лицензия кері қайтарып алынғанда» деген сөздер «лицензиядан айырылғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 88-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «немесе еркін қойма құруға арналған лицензия» деген сөздер «құруға арналған лицензия және еркін қойма құруға арналған шешім» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«107-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған
лицензиядан айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
2) лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің жойылмауы;
4) соттың лицензиатқа уақытша сақтау қоймасы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.»;
6) 108-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «лицензия қайтарылып алынған» деген сөздер «лицензиядан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«139-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензиядан айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
2) лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің жойылмауы;
4) соттың лицензиатқа кеден қоймасы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.»;
8) 140-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «лицензия қайтарып алынған» деген сөздер «лицензиядан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 146-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«146-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешім
1. Бажсыз сауда дүкенін қазақстандық тұлға кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осы орган беретін шешімді алғаннан кейін құрады.
2. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыс істеп жатқан бажсыз сауда дүкендері туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланып отырып, ақпарат жариялауды қамтамасыз етеді.»;
10) 147-бапта:
тақырыбындағы «лицензияны» деген сөз «шешімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «лицензияны» деген сөз «шешімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «лицензия» деген сөз «шешім» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтағы «лицензиат» деген сөз «бажсыз сауда дүкенінің иесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 148-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«148-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешімнің
қолданылуын тоқтата тұру
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі өз міндеттерін және бажсыз сауда дүкенінің қызметіне қойылатын талаптарды орындамаған жағдайларда, шешімнің қолданылуы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұру кезінде бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне тауарларды орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға дейін бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге орналастырылуға тиіс.
3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін мұндай шешім қабылданған күннен бастап кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылады.»;
12) 149-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «лицензияны», «Лицензияны», «лицензиядағы», «лицензияның», «Лицензия» деген сөздер тиісінше «шешімді», «Шешімді», «шешімдегі», «шешімнің», «Шешім» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
2) тармақшадағы «лицензиат» деген сөз «бажсыз сауда дүкенінің иесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «лицензиатқа» деген сөз «бажсыз сауда дүкенінің иесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шешімді қайтарып алу кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының қайтарып алу туралы бұйрығы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады.»;
13) 150-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «лицензияның», «лицензия», «лицензиясы» деген сөздер тиісінше «шешімнің», «шешім», «шешімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 244-баптың 5) тармақшасындағы және 246-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «лицензия» деген сөз «шешім» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 247-бапта:
тақырыбындағы «лицензия» деген сөз «шешім» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «берген лицензия», «Мұндай лицензия» деген сөздер тиісінше «берген шешім», «Мұндай шешім» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның еркін қойма құру туралы шешімі осы орган белгілеген нысан бойынша ресімделеді.»;
4-тармақ алып тасталсын;
16) 248-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «лицензия» деген сөз «шешім» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтағы «лицензиат» деген сөз «еркін қойманың иесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 249-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«249-бап. Еркін қойма құруға берілген шешімнің қолданылуын
тоқтата тұру
1. Еркін қойманың иесі осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, шешімнің қолданылуы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұру кезінде тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін еркін қоймаға орналастырылған тауарлар кедендік бақылаумен басқа еркін қоймаға ауыстырылуға немесе өзге кедендік режимдерге орналастырылуға тиіс.
3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін мұндай шешім қабылданған күннен бастап кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылады.»;
18) 250-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «лицензияны», «лицензиядағы», «Лицензияны», «Лицензия», «лицензия», деген сөздер тиісінше «шешімді», «шешімдегі», «Шешімді», «Шешім», «шешім» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
2) тармақшадағы «лицензиат» деген сөз «еркін қойманың иесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «лицензиатқа» деген сөз «еркін қойманың иесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«туралы шешім» деген сөздер алып тасталсын;
«ресімделеді» деген сөзден кейін «және қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап қолданылады» деген сөздермен толықтырылсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақтағы «лицензияны қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін» деген сөздер «белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 251-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «лицензияның», «лицензия», «лицензияны» деген сөздер тиісінше «шешімнің», «шешім», «шешімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «тоқтату туралы шешім» деген сөздер «тоқтату» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 298-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
21) 403-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«403-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына арналған лицензиядан айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
2) кеден ісі саласында бір жылдың ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
3) біліктілік аттестаты жоқ маманның, біліктілік аттестаты қайтарып алынған маманның немесе біліктілік аттестатының қолданылуы сот шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не бұл қызметпен айналысу құқығынан айырылған маманның қызметтерін пайдалану;
4) лицензияның қолданылуын бұрын тоқтата тұруға негіз болған себептердің жойылмауы;
5) соттың лицензиатқа брокерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.»;
22) 404-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «лицензия қайтарып алынған» деген сөздер «лицензиядан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «лицензияны қайтарып алуға» деген сөздер «лицензиядан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 405-баптың 6-тармағындағы «ол қайтарып алынған» деген сөздер «одан айырған» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат):
150-баптың 2-тармағындағы «заңдарына» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат):
1) 41-баптың 4) тармақшасындағы «лицензияның кері қайтарылып алынуы» деген сөздер «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 89-бапта:
тақырыбындағы «және бөрене кесу жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
«және бөрене кесу жөніндегі жұмыстар» деген сөздер алып тасталсын.
8. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат):
1) 23-баптың 7-тармағындағы «лицензия және» деген сөздер алып тасталсын;
2) 37-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы, 40-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы, 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «лицензия немесе», «лицензияның немесе» деген сөздер алып тасталсын, «арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне», «арнайы су пайдалану қызметінің түрлеріне» деген сөздер «арнайы су пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 49-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «лицензияларды және» деген сөздер алып тасталсын;
4) 64-баптың 3-тармағындағы «лицензия немесе» деген сөздер алып тасталсын;
5) 75-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы және 3-тармағындағы «лицензияны немесе» деген сөздер алып тасталсын;
6) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Арнайы су пайдалану
1. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшін мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
суды жер үсті және теңіз суларынан механикалық және өз бетімен ағызу жолымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
жер үсті және теңіз суларына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
ағынды суларды суармалау, булану, сүзгілеу алқаптарына және жергілікті рельефке бұруға арналған құрылыстарды;
бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (оның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
гидравликалық электр станцияларын;
сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғату жүйелерін;
жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшін, оның ішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
ағынды суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар);
шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
су деңгейін мәжбүрлі төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алуға арналған өздігінен шығатын ұңғыларды, шахта құдықтарын, шегендеу көздерін және басқа да шағын құрылыстарды;
өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерітінділерді жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;