Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2012.27.04. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны:
мынадай мазмұндағы жаңа: 16-1-тарау мен 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-6, 219-7, 219-8, 219-9 және 219-10-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
219-1-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу
219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтынатын жабдықтың жұмыс режимін бұзу
219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау
219-4-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы
219-5-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі
219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіру
219-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және оның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы
219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау
219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу
219-10-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқамасын орындамау немесе толық көлемде орындамау»;
356-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау»;
32-тарау мынадай мазмұндағы жаңа 548-1-баппен толықтырылсын:
«548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары»;
2) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы бөлiмнiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операция сомасының пайызымен, не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiмен, не монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының пайызымен не құқық бұзушылық болған кезеңде, бірақ бір жылдан аспайтын бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының пайызымен көрсетiледi.»;
3) 69-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалары, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.»;
4) Мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:
«16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
219-1-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу
1. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан бес пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан он пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған сәттегі нарықтық баға негізінде айқындалады.
219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтынатын жабдықтың жұмыс режимін бұзу
1. Энергетикалық ресурстарды өндіру және беру кезінде, сондай-ақ суды беру кезінде олардың тікелей ысырабына әкелген ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін бұзу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-тармақтың 4) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма алтыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау
1. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау, -
объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Лауазымды тұлғалар деп осы бапта мемлекеттік қабылдау комиссиясының және (немесе) қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін түсіну қажет.
2. Лауазымды тұлғалар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағатына орта есеппен 50 кВт-тан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен қамтамасыз ету шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапты болмайды.
1-тармақтың 4) тармақшасының жиырма жетінші - отыз бірінші абзацтары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
219-4-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия аудитінен өткеннен кейін бес жылдың ішінде энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-тармақтың 4) тармақшасының отыз екінші - отыз алтыншы абзацтары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
219-5-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіру
Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын өндіру және сату, -
жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-тармақтың 4) тармақшасының қырқыншы - қырық төртінші абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
219-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Энергетикалық ресурстарды жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет,-
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - акредиттеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - акредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу
1. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - алты, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - он екі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-10-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау, -
жеке тұлғаларға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 356-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да іс-әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не бұрыс ақпарат беру, -
жеке тұлғаларға - үшке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 130, 147-9, 168, 173, 216, 219, 219-10, 305, 313-баптарында, 317-баптың екінші бөлігінде, 317-1, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау,-
жеке тұлғаларға - беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге он беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) 541-баптың бiрiншi бөлiгi «218-1 (жетiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «219-6, 219-8 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен толықтырылсын.
7) мынадай мазмұндағы 548-1-баппен толықтырылсын:
«548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстің 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-7, 219-8 (бірінші бөлігі), 219-10-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
8) 566-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 219-9, 317 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
1-тармақтың 9) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді