Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 224-1-баппен толықтырылсын:
«224-1-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті білікті энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу, —
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 636-баптың бірінші бөлігі 1-тармақшасының он жетінші абзацы «224» деген цифрлардан кейін «, 224-1» деген цифрлармен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 16-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы «мұнай және газ өңдеу объектілерін» деген сөздерден кейін «, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;»;
2) 26-баптың 4-тармағындағы «кеңейте түсу үшін» деген сөздер «, энергетиканы дамыту үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 119-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «станциялары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын» деген сөздер «станцияларын және олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 135-бап «шаруашылықтарының қажеттері» деген сөздерден кейін «, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру» деген сөздермен толықтырылсын.
3. «Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жаңартылатын энергия көздері - табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, қуаты отыз бес мегаватқа дейінгі қондырғыларға арналған гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жер асты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын;
2) қайталама энергетика ресурстары - негізгі өндірістің ілеспе өнімі немесе қалдығы ретінде алынатын энергетика ресурстары;
3) отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіші - белгілі бір өнімге, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге отын мен энергияның үлестік шығыстарының нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін шамасы;
4) отын-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану - техника мен технологиялардың қазіргі даму деңгейі және сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға техногендік әсердің азаюы кезінде отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың жоғары нәтижелі, техникалық жағынан мүмкін болатын, экономикалық жағынан ақталған тиімділігіне қол жеткізу;
5) отын-энергетика ресурстарының өнімсіз шығыстары - жаңадан іске қосылған жабдық үшін стандарттардың (техникалық шарттардың) талаптарынан ауытқудан, нормативтік актілердің, технологиялық регламенттердің және қолданыстағы жабдыққа арналған паспорттық деректердің талаптарын бұзудан туындаған отын мен энергия шығасылары;
6) отын-энергетика ресурсы - техника мен технологиялардың қазіргі даму деңгейінде пайдаланылатын немесе ұтымды пайдаланылуы мүмкін энергия көзі;
7) шартты отын - органикалық отынның әрқилы түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, техникалық-экономикалық есеп-қисаптар кезінде қабылданған және нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
8) экологиялық жағынан таза энергетикалық ресурстар - күн, жел, жер асты жылы сулардың, жер жылуы энергиясының, судың, толқынның қозғалыстағы ағындары энергиясының көздері;
9) энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануға бағытталған (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық) қызмет;
10) энергия үнемдеу объектілері - отын-энергетика ресурстарының, жылу және электр энергиясының барлық түрлерін шығаруға, өңдеуге, тасымалдауға, өндіруге, сақтауға және пайдалануға байланысты процестер;
11) энергия үнемдеу саласындағы саясат - энергия үнемдеу саласындағы қызметті құқықтық, ұйымдық және қаржы-экономикалық жағынан реттеу;
12) энергия үнемдеу технологиялары, жабдығы және материалдары - қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар, жабдық пен материалдар.»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
4. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат):
18-4-бапта:
1-тармақ «осы баптың 4» деген сөздерден кейін «, 4-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Электр және (немесе) жылу энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымнан сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
5. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 10-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздер «нарығында;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өздерінің электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер тікелей қосылған өңірлік электр желілері компаниялары тиісті энергия өндіруші білікті ұйымдар өндірген электр энергиясын толық көлемде, өздерінің желілеріндегі электр энергиясының нормативтік шығасыларын өтеу үшін осы шығасылар мөлшерінің елу процентінен аспайтын көлемде сатып алуға міндетті.
Энергия өндіруші білікті ұйымдардың электр энергиясын өндіру көлемі тиісті өңірлік электр желілері компаниясының нормативтік шығасылары мөлшерінің елу процентінен асып кеткен жағдайда, осы электр энергиясының қалған көлемін жүйелік оператор ұлттық электр желісіндегі электр энергиясының нормативтік шығасыларын өтеу үшін сатып алады.».
6. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-баптың 1) тармақшасының бірінші абзацы «электр және жылу энергиясын» деген сөздердің алдынан «жеке қажеттіліктері үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 4-і.
№ 166-ІV ҚРЗ