Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 163-5 және 163-6-баптармен толықтырылсын:
«163-5-бап. Тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеу
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілерінің тауарларды беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуы не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:
1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асырушы сауда қызметі субъектісінен осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасқан шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы шарттармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуі, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
163-6-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерден асуы
1. Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асыруы, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер, -
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 541-баптың бірінші бөлігі «163-4,» деген цифрлардан кейін «163-6,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 565-баптың бірінші бөлігі «147-4-баптарында» деген сөздер «147-4, 163-5-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның (317-1-бап (машиналар мен жабдықтар, химия өнімі, ойыншықтар қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша);
сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасаса), 168-3-бап);»;
елу төртінші абзац «127,» деген цифрлардан кейін «163-6,» деген цифрлармен толықтырылсын.
2. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
17-баптың 3-тармағындағы «жүргізілген» деген сөз «жүргізілетін» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер - квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні - бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген деңгейі, оған дейін сауда қызметі субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын айқындауға құқылы;
3) бөлшек сауда - кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй ішінде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
4) кедендік баждардың квотаішілік ставкасы - белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелім бажының мөлшері (шамасы);
5) кедендік баждардың квотадан тыс ставкасы - белгіленген тарифтік квотадан тыс әкелінетін тауарларға белгіленетін әкелімді кедендік баждың мөлшері (шамасы);
6) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй ішінде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет;
7) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
8) рұқсат - осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келісімшарт) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін рұқсат ету құжаты;
9) сауда алаңы - тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуіне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектісінің алаңы;
10) сауда желісі - ортақ басқарудағы және (немесе) бірыңғай коммерциялық белгіні немесе дараландырудың өзге де құралымен пайдаланылатын, екі мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екі және одан да көп сауда объектiлерiнің жиынтығы;
11) сауда қызметi - жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
12) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi -уәкiлеттi орган) - сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) сауда қызметi субъектici - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) сауда объектiсi - арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдің бір бөлігі, құрылыс немесе құрылыстың бір бөлігі, ғимарат немесе ғимараттың бір бөлігі, автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
15) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен принциптердi іске асыру үшiн мемлекеттік органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау және өзге де шаралар жиынтығы;
16) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;
17) тарифтiк квота - кедендік әкелім бажының қолданыстағы ставкасымен салыстырғанда тауардың белгілі бір санын әкелу кезінде (заттай немесе құнымен алғанда) белгілі бір кезең ішінде кедендік әкелім бажының мейлінше төмен ставкасын қолдануды көздейтін, үшінші елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді реттеу шарасы;
18) тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
19) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық - уәкілетті орган беретін лицензияның негізінде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығы;
20) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау - тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпініне мониторинг жүргізу мақсатында белгіленетін уақытша шара;
21) ірі сауда объектісі - сауда алаңы екі мың шаршы метрден кем емес сауда объектісі;
22) iшкi сауда - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;
23) экспортты дамыту - отандық өндірушілердің тауарларды экспорттау қабілетін дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
24) экспортты дамытудың және ілгерілетудің институционалдық жүйесі - өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталған шаралар кешені;
25) экспортты дамытудың және ілгерілетудің экономикалық құралдары - экспортты сервистік қолдау және экспорттаушылардың өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі шығындарының бір бөлігін өтеу;
26) Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық ұйым - өңделген отандық тауарлар экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
27) экспортты ілгерілету - Қазақстан Республикасы экспорттаушыларының сыртқы нарықтарға кіруіне жәрдемдесуге бағытталған, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
28) экспортты сервистік қолдау - өңделген отандық тауарларды дамытуға және сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталған шаралар кешені.»;
2) 3-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жасау болып табылады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «сауда қызметіне қатысушылар» деген сөздер «сауда қызметі субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
1-тармақтағы «меншiк нысанына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «арнаулы» деген сөз «өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу
5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері
1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:
1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;
3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;
4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;
5) сертификаттау болып табылады.
2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:
1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;
2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;
5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) бірыңғай мемлекеттік сауда саясатын жүргізеді;
2) мемлекеттік сауда саясаты бағдарламаларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
4) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолданады;
5) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;
6) ішкі сауда қағидаларын бекітеді;
3-тармағы 4) тармақшасының жиырма төртінші абзацы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекітеді;
8) сауда қызметі саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкілдіктерін ашуды жүзеге асырады;
9) сауда қызметі саласында келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;
10) уәкілетті органды айқындайды;
11) өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
12) сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін өңделген отандық тауарлар тізбесін бекітеді;
13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағалардың шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін бекітеді;
14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекітеді;
15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген шекті мөлшерін бекітеді;
16) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді атқарады.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді және қорытындылар дайындайды;
3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
5) сауда қызметi саласында орталық атқарушы органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiреді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметіне мониторинг жүргізеді;
3-тармағы 4) тармақшасының қырық екінші абзацы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді;
8) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейді;
9) республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;
10) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан өкілдік етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
12) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары мөлшерін белгілеудің орындылығын айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;
14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу және жыл сайынғы негізде оларға бағалардың шекті мәндерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлейді;
16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептілік, тексеру парақтары нысандарын әзірлейді және бекітеді;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-1-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
2) тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін өңделген отандық тауарлар тізбесін әзірлейді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) мемлекеттік сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
3-тармағы 4) тармақшасының алпыс үшінші және алпыс төртінші абзацтар ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9-бап. Сауда қызметi саласында баға белгiлеу
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметiнің субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлері артқан кезде сауда қызметінің субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
5) 10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «сауда автоматы» деген сөздер «автомат» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 13-баптың 3-тармағындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу
14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру;
3) сауда қызметі субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
4) электрондық сауданы дамыту;
5) шекара маңындағы сауданы дамыту;
6) отандық сауда желілерін дамыту.
3-тармағының 7) тармақшасының он бірінші - он бесінші абзацтары ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді.
14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.
2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.
3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс.»;
8) 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Сыртқы сауда қызметі
15-бап. Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралар
Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралар:
1) экспорттық кредиттердің кепiлдіктерi мен сақтандыру жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
2) сыртқы сауда қызметiн дамытуға жәрдемдесетін сауда көрмелерiн, жәрмеңкелерді және өзге де iс-шараларды ұйымдастыру;
3) экспортты дамытудың және ілгерілетудің институционалдық жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4) экспортты дамытудың және ілгерілетудің экономикалық құралдарын қолдану;