Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңның іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; №5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; №23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; №23, 139, 140-құжаттар; №24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; №21-22, 86, 87-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; 2009 жылғы 29 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 22 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 18 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 22 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 тамызда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 11 тамызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 тамызда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 11 тамызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 157-1-баппен толықтырылсын:
«157-1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы бұрыс есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы, -
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - жетпіс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 541-баптың бірінші бөлігі «157,» деген цифрлардан кейін «157-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының қырқыншы абзацы «356» деген цифрлардың алдынан «157-1, 158 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
1) 2 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
2) бағалау амалы - бағалаудың бір немесе бірнеше әдістерін пайдалана отырып, бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау тәсілі;
3) бағалау әдісі - бағалау объектісінің нарықтық және өзге құнын белгілеу үшін пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығы;
4) бағалау күні - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құны анықталатын күн немесе уақыт кезеңі;
5) бағалау қызметі - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектілеріне қатысты бағалаушылар жүзеге асыратын белгілі бір күнге нарықтық немесе өзге құнды белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет;
6) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер - бағалау жүргізуге, бағалау туралы есептерде пайдаланылатын амалдар мен әдістерге, олардың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгілейтін актілер;
7) бағалау стандарттары - бағалау қызметі саласындағы ережелер, принциптер мен сипаттамалар жалпыға бірдей және бірнеше рет пайдалану үшін белгіленетін нормативтік құжат;
8) бағалау туралы есеп - бағалаушының бағалау жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы тапсырыс берушіге берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және осы Заңның талаптарына сай келетін жазбаша хабарламасы;
9) бағалаушы - бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
10) бағалаушылар палатасы - бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық нысаны;
11) бұрыс бағалау - жоқ объектіге немесе бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын бұрыс деректерді пайдалана отырып, жүзеге асырылған бағалау;
12) қайталап бағалау - бағалау қызметі субъектілерінің арасында бағалау нәтижелері бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектінің нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
13) нарықтық құн - мәміле жасасушы тараптар бағалау объектісі туралы қолжетімді барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететін, бәсекелестік жағдайындағы мәміленің негізінде сол объектіні иеліктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәміленің бағасына:
мәміле жасасушы тараптардың бірі бағалау объектісін иеліктен шығаруға, ал екінші тарап сатып алуға міндетті болмағанда;
мәміле жасасушы тараптар мәміленің нысанасы туралы жақсы хабардар болып, өз мүдделеріне әрекет еткенде;
мәміленің бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай сыйақының баламасы болып табылса және мәміле жасасушы тараптарға қатысты қандай да бір тараптан мәміле жасауға мәжбүрлеу болмағанда, қандай да бір төтенше жағдайлар әсер етпейді;
14) өзге құн - бағалау объектісінің нарықтық құнынан басқа, түрлері бағалау стандарттарымен белгіленетін өзге құны;
15) тапсырыс беруші - бағалаушы көрсететін қызметтерді тұтынушы жеке немесе заңды тұлға;
16) уәкілетті орган - бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
17) үшінші тұлғалар - бағалаушылар мен тапсырыс берушілердің қатарына кірмейтін, бағаланатын мүлікке, бағалаушының бағалау қызметіне және тапсырыс берушінің тапсырысына белгілі бір қатысы бар тұлғалар.»;
«4-бап. Бағалау қызметінің субъектілері
1. Бағалаушылар, тапсырыс берушілер және үшінші тұлғалар бағалау қызметінің субъектілері болып табылады.
2. Бағалаушы жеке тұлғалар осы Заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негізінде не Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негізінде дара кәсіпкер ретінде дербес бағалау қызметімен айналысуға құқылы.
3. Бағалаушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негізінде бағалау қызметімен айналысуға құқылы.»;
2) 6-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «бағалау» деген сөз «кадастрлық (бағалау)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тапсырыс берушіге тиесілі кез-келген» деген сөздер «кез келген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) бағалау жүргізу кезінде қолданылатын бағалау стандарттарына нұсқау;»;
4) 9-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «бағалаушы-орындаушы» деген сөздер «бағалаушы-жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы «табылса, бағалауды жүргізе алмайды.» деген сөздер «табылса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«бағалаушы-заңды тұлға басшысы не ол уәкілеттік берген адам тапсырыс беруші-жеке тұлғамен және (немесе) заңды тұлғаның басшысымен не ол уәкілеттік берген адаммен жақын туыстық немесе жекжаттық қарым-қатынаста болса, бағалауды жүргізе алмайды.»;
6) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын:
«10-2-бап. Бағалау стандарттары
1. Қазақстан Республикасында бағалау стандарттары деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және уәкілетті орган бекіткен бағалау стандарттары танылады.
Бағалаушылардың бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық стандарттарды пайдалануға құқығы бар.
2. Бағалау стандарттары бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндетті болып табылады және олардың күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
3. Бағалау стандарттары қабылдануы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды.»;
7) 11-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дереккөздерін көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес бағалау әдістері мен бағалау амалдарын дербес қолдануға;»;
2) тармақша «тапсырыс берушіден» деген сөздерден кейін «объектіге, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
8) 11-1 және 11-2-баптар алып тасталсын;
9) 12-бапта:
1) тармақша «Заңның,» деген сөзден кейін «бағалау стандарттарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасы бекіткен іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерін сақтауға;
1-2) бағалаушылар палаталарының біреуінің ғана мүшесі болуға;»;
10) 13-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ бағалау стандарттарының, іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерінің талаптарын бұзғаны;»;
«3) бұрыс бағалағаны;»;
11) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1 тарау. Бағалаушылар палаталары
13-1-бап. Бағалаушылар палатасы
1. Бағалаушылар палатасы өзінің құрамына бағалаушыларды біріктіретін коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі.
Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында бір ғана бағалаушылар палатасы құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
3. Бағалаушы палатаның құрылтай шартын және жарғысын таныған және бағалаушылар палатасына мүшелікке кіру шарттарын орындаған кезде оны бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға болмайды. Бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
4. Бағалаушылар палаталары қауымдастық (одақ) нысанында Республикалық бағалаушылар палатасына бірігуге және халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіруге құқылы.
13-2-бап. Бағалаушылар палатасының функциялары
Бағалаушылар палатасының функциялары:
1) бағалаушының іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерін әзірлеу және бекіту;
2) бағалаушыларды оқыту және қайта даярлау;
3) палатаға мүшелікке қабылдау және одан шығару негіздерін көрсете отырып, бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдау ережелері мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
4) өз мүшелерінің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарымен қатынастарында олардың мүдделерін білдіру;
5) өз мүшелерінің бағалау қызметі туралы заңнаманың, бағалау стандарттарының, іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;
6) бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мүдделі тұлғаларға беру;
7) өз мүшелерінің ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
8) палатаның бағалаушысына палата бағалаушыларының, бағалау қызметі саласында көрсетілетін қызметті тұтынушылардың өтініштерін, өтінішхаттарын, шағымдарын қарау;
9) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес бағалаушылар палатасы мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы өтінішхат беру;
10) біліктілік комиссиясының құрамына кіргізу үшін өкілдер жіберу болып табылады.
13-3-бап. Республикалық бағалаушылар палатасы
1. Республикалық бағалаушылар палатасы өзінің құрамында Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалаушылар палаталарының жалпы санының жартысынан астамын біріктіретін коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Республикалық бағалаушылар палатасы ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның атауында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Республикалық бағалаушылар палатасы» деген сөздер болмауға тиіс.
2. Республикалық бағалаушылар палатасының қызметі осы Заңмен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағында бір Республикалық бағалаушылар палатасы құрылады.
4. Республикалық бағалаушылар палатасының функциялары:
1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарында бағалаушылар палаталарының мүдделерін білдіру;
3) бағалаушылар палаталарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) бағалау стандарттарын әзірлеуге қатысу;
5) бағалаушыларды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
6) тағылымдамадан өту тәртібі туралы ұсынымдар әзірлеу;
7) бағалаушылар палатасына бағалаушылар палаталарының, бағалау қызметі саласында көрсетілетін қызметті тұтынушылардың өтініштерін, өтінішхаттарын, шағымдарын қарау;
8) Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мүдделі тұлғаларға беру болып табылады.»;
12) 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының қолданылу практикасын жинақтап қорыту;
3) бағалау стандарттарын әзірлеу және бекіту;
4) бағалау қызметін лицензиялау;
5) бағалау қызметімен айналысуға үміткер адамдар үшін біліктілік емтиханын өткізу;
6) бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту;
7) бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін тең жағдайлар жасау арқылы мүлікті бағалау бойынша қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
8) бағалау қызметінің субъектілеріне бағалау қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету;
9) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жатады.
20-бап. Қазақстан Республикасында бағалау қызметін лицензиялау
1. Бағалау қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер жеке тұлғалар олардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында біліктілік емтиханынан өткізіледі.
Біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрамына мүшелердің тақ саны кіретін кемінде бес адамнан тұратын біліктілік комиссиясы құрылады. Біліктілік комиссиясының құрамына бағалаушылар палаталарының өкілдері міндетті түрде кіреді, олардың саны комиссия құрамының жалпы санының кемінде екіден бірін құрауға тиіс.
Емтиханға «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білімі бар адамдар жіберіледі.
Емтиханнан өткен адамдар оны тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханынан өткендігі туралы уәкілетті органның шешімін алады.
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
3. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; №3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; 2009 жылғы 12 тамызда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 11 тамызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 тамызда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 11 тамызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
көрсетілген Заңға қосымшаның 24-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бағалау қызметі саласындағы бақылау.».
2-бап.
1. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және жұмыс істейтін бағалаушылар палаталары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өзінің қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде бағалау қызметін жүзеге асырып жатқан жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап тоғыз ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшелігіне өтуге міндетті.
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы қарашаның 9-ы.
№197-ІV ҚРЗ