ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мынадай мазмұндағы 161-1-баппен толықтырылсын:
«161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта аталған сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.»;
2) мынадай мазмұндағы 354-2-баппен толықтырылсын:
«354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн
кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу -
өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 416-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 539-баптың төртiншi бөлiгі алып тасталсын;
5) 568-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«568-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары осы Кодекстiң 130, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.»;
6) 570-1-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
«161 (бiрiншi бөлiгiнде)»деген сөздерден кейiн», 161-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«166» деген цифрлардан кейiн», 169-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 571-баптың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы «Қаржылық бақылау» деген сөздерден кейiн «және мемлекеттік сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 571-1-баптың екiншi бөлiгi «орынбасарлары» деген сөзден кейiн», аумақтық бөлiмшелердiң басшылары» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 630-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «467-471» деген цифрлар «467-469, 470 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 471» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
он үшiншi абзацындағы «139 (екiншi бөлiгi),»деген сөздер алып тасталсын;
он бесiншi абзацтағы «мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарының» деген сөздер «мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма алтыншы абзац «154-157» деген цифрлардан кейiн», 168-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
жиырма сегiзiншi абзац «354» деген цифрлардан кейiн», 354-2» деген цифрлармен толықтырылсын;
отыз алтыншы абзацтағы «139,»деген цифрлар алып тасталсын;
қырық бірінші абзац алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 21 қазан 2005 жыл
№ 80-III ҚРЗ