Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім)(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж. № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат):
1) 61-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
«құрылтайшылары» деген сөз «қатысушылары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«құрылтайшылары» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 79-баптың 2-тармағының 6) тармақшасында «құжаттарды» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 91-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Акционерлік қоғам қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат, № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж.,.№№ 10, 102-құжат; 2003 ж. № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, № 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 35-құжат; № 13, 85-құжат):
728-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктерге осы банк эмитенті болып табылатын акциялармен қамтамасыз етілген заемдар беруге не осы акцияларды сатып алуға арналған заемдар беруге тыйым салынады.».
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат):
159-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «ақшаға» деген сөзден кейін «және сауда-саттық ұйымдастырушылар ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан»репо»операциясы бойынша нысана болып табылатын мүлікке де» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «адамның» деген сөзден кейін «(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі актілерін, сондай-ақ олардың жазбаша нұсқамаларын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 30 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 25 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 168-2-бап мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
«12. Клиенттермен жасалатын шарттарда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы ставкаларын көрсету жөніндегі, сондай-ақ қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндеттерін орындамауы,-
лауазымды адамға - отыз айлық, заңды тұлғаға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) мынадай мазмұндағы 172-2-баппен толықтырылсын:
«172-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ықпал етудің
шектеу шараларын қолдану арқылы жүктелген
міндеттемелерді орындамауы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының өздеріне уәкілетті орган ықпал етудің шектеу шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттемелерді орындамауы, -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«187-бап. Резиденттің валютаны репатриациялау жөніндегі
міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етпеуі
Резидент өзі тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына төлеуге алған не резидент емес міндеттемелерді мәміле талаптарында көзделген мерзімдерде орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда, тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына резидент аударған ұлттық және шетелдік валютаны уәкілетті банктегі банк шоттарына есептеуді қамтамасыз етпеуі, -
жеке және лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық есептелмеген валюта он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кеткен жағдайларда және егер осы іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса туындайды.»;
4) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
Инсайдерлердің инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе оны заңсыз ашу бойынша іс-әрекеттері, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдар беру, егер олар үлкен зиян келтірмесе, -
айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 193-баптың бірінші бөлігінде:
«уәкілетті органның ұйғарымын» деген сөздер «уәкілетті органның ықпал етудің шектеу шараларында көрсетілген талаптарын бағалы қағаздар нарығы субъектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңды тұлғаларға» деген сөздердің алдынан «лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 194-баптың бірінші бөлігі «(дивидендтер төлеу)» деген сөздерден кейін «, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «197, 199,» деген цифрлар алып тасталсын;
8) 555-баптың бірінші бөлігіндегі «187 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер алып тасталсын;
9) 572-баптың бірінші бөлігіндегі «(екінші бөлігінде)» деген сөздер алып тасталсын;
10) 573-баптың бірінші бөлігінде:
«168-2 (бірінші - тоғызыншы» деген сөздерден кейін «, он екінші» деген сөзбен толықтырылсын;
«196-1,» деген цифрлардан кейін «197,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«198,» деген цифрлардан кейін «199,» деген цифрлармен толықтырылсын;
11) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының жиырма төртінші абзацындағы «197, 199» деген цифрлар алып тасталсын.
5. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 30 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 25 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 40-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі «1) тармақшасында» деген сөздер «1) және 1-1) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 117-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың тиісті бюджетті іске асыру туралы актілерін қабылдау жолымен өзгертілген;».
6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат):
1) актінің нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы»;
2) кіріспе алып тасталсын;
3) бүкіл мәтін бойынша «Жарлықты», «Жарлықтан», «Жарлықтағыдан», «Жарлықпен», «Жарлықтың», «Жарлыққа», «Жарлықта» деген сөздер тиісінше «Заңды», «Заңнан», «Заңдағыдан», «Заңмен», «Заңның», «Заңға», «Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «- банктердің, сақтандыру қоғамдарының, бірлескен кәсіпорындардың және басқаларының» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.»;
5) 4-бапта:
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе), басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қатынастар.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін.»;
6) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:
«8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі
1. Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.
Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:
1) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;
2) серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы;
4) серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;
5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
6) нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын
әкімшілік жауапкершілікке тарту;
8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;
9) аудиторлық есеп (ол бар болса);
10) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
2. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.
8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар
1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауға тиіс.
2. Мынадай құжаттар сақталуға тиіс:
1) серіктестіктің жарғысы, серіктестіктің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары;
3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
4) шаруашылық серіктестігін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
5) серіктестіктің статистикалық карточкасы;
6) серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-әрекет жасауына арналған лицензиялар;
7) серіктестіктің оның балансындағы (балансында болған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
8) серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
9) серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстарының хаттамалары, серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстары күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар;
10) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылған серіктестік қатысушыларының тізімі;
11) байқау кеңесі күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдары, бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері);
12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешімдері).
3. Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
4. Серіктестік шаруашылық серіктестігі қатысушысының талап етуі бойынша оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін серіктестіктің жарғысында белгіленген тәртіппен беруге міндетті.»;
7) 11-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасында «құқығы бар.» деген сөздер «;» тыныс белгісімен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.»;
4-тармақтың 5) тармақшасындағы «міндетті.» деген сөз «;» тыныс белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.»;
8) 27-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «құқығы бар.» деген сөздер «;» тыныс белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;
6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.»;
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «міндетті.» деген сөз «;» тыныс белгісімен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.».
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 2-бапта:
3) тармақшаның екінші абзацындағы «банк» деген сөз «банктің дауыс беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
бірінші абзацтағы «жағдайларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңда көзделген» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «банк» деген сөз «банктің дауыс беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не заңды тұлғалардың акцияларын иелену (акцияларымен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерімен) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтау мүмкіндігі;
13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауырлықтағы, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы.»;
2) 6-баптың 1-тармағының в) тармақшасы «өкілдіктеріне,» деген сөзден кейін «банктердің еншілес ұйымдарына,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1-тармақта белгіленген тыйым салу:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
уәкілетті орган белгілеген рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигациялармен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
4) 11-1-баптың 5-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) банктің көзделетін еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;»;
6) тармақша «пруденциалдық нормативтерді» деген сөздерден кейін «және басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 16-баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде:
«келесі үш күнтізбелік ай бойы» деген сөздер алып тасталсын;
6) 17-баптың 4-тармағындағы «келесі үш күнтізбелік ай бойы» деген сөздер алып тасталсын;
7) 17-1) бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банк акцияларын өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.»;