Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 153-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
елу бесінші абзацта:
«163-6,» деген цифрлар алып тасталсын;
«346-352» деген цифрлар «346, 347, 348, 350, 351, 352» деген цифрлармен ауыстырылсын;
елу тоғызыншы абзацтағы «органның (147-бап) уәкiлеттi лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздер «органның (147-бап);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпысыншы абзацпен толықтырылсын:
«облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 349-баптар) уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар):
1) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
2) 16-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
3) 17-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
4) 18-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) 4-баптың 57-1) тармақшасы «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-баптың 2-тармағындағы «өзге де заңдарында» деген сөздер «салық заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 6-тармағындағы «жер және азаматтық заңдарымен» деген сөздер «Жер және Азаматтық кодекстерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттік органдар жүйесi
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттік органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жатады.»;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) мемлекеттік орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын бекiтедi;
17) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
18) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
6) 13-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) есептi кеспеағашты және кесу жасын бекiтедi;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
7) 14-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
8) 15-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
9) 26-баптың 6-1) тармақшасындағы, 36-баптың 9-тармағындағы, 41-баптың 3) тармақшасындағы, 67-баптың 3-тармағындағы, 73-баптың 3-тармағындағы, 79-баптың 2-тармағындағы, 80-баптың 5-тармағындағы, 96-баптың 3-тармағындағы, 98-баптағы, 99-баптың 4-тармағындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 38-бапта:
4) тармақшадағы «заңдарында» деген сөз «экологиялық заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «уәкiлеттi орган әзiрлеген және Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «заңдарында» деген сөз «салық заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «заңдарында белгiленген» деген сөздер «Үкіметі белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен регламенттеледі.»;
12) 77-баптың 3-тармағындағы «уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен оның маманданған» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның мамандандырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 113-баптың 1-тармағының 19) тармақшасындағы «заңдарында белгiленген» деген сөздер «Үкіметі бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мазмұнындағы 11-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және мемлекеттік органдар жүйесi».
4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 33-баптың 1-тармағында:
«басқаруды» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 36-бап мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін бекітеді;
17) елді мекендерді сумен жабдықтау және оларға су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;
18) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын бекiтедi;
19) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекiтедi;
20) судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiтедi;
21) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 37-баптың 1-тармағында:
3-1), 5) және 25) тармақшалардағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-4) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) су объектiлерiн және ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимiн бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 29) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;»;
«29) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 38-бапта:
1) тармақшадағы «уәкілетті орган бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 39-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 53-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау суды бастапқы есепке алу қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.».
5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) өндіріс және тұтыну қалдықтары (қалдықтар) - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс немесе тұтыну процесінде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);»;
38) тармақша алып тасталсын;
39) тармақша «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 16-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 17-бапта:
37) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
«39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;»;
4) 19-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 20-бап мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) 15-бап мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін бекітеді;
19) қызметтің барлық салалары үшін еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
20) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын бекітеді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
21) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
22) әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
23) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
24) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды;
25) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімін айқындайды;
26) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 16-бапта:
2), 6), 19), 20), 23) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
15) тармақшадағы «әзiрлеп, бекітеді» деген сөз алып тасталып, «белгілейді» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
«26) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 17-баптың 5) тармақшасындағы «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
4) 18-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 35-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
6) 159-баптың 2-тармағындағы «заңнамасында белгiленген» деген сөздер «Үкіметі бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 179 және 186-баптардың 3-тармақтары алып тасталсын;
8) 205-баптағы «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 313-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
10) 317-баптың 1-тармағында:
5) тармақшадағы «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
6) және 10) тармақшалардағы «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 319-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«319-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен критерийлердi белгiлейдi.»;
12) 320-баптың 3-тармағындағы «еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
13) 330-баптың 11) тармақшасындағы «еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген талаптарда көзделген» деген сөздер алып тасталсын;
14) 339-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат):
1) 116-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
2) 117-баптың 2-тармағында:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) қаржы қызметінің нәтижелері туралы есепті;
2-2) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепті;»;
3) тармақшадағы «есептерді» деген сөз «есепті» деген сөзбен ауыстырылсын.
8-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы, 23-баптың 2-тармағындағы, 3-тармағының 5) тармақшасындағы, 56-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі, 63-баптың 2-тармағындағы, 64-баптың 3-тармағындағы, 65-баптың 1 және 4-тармақтарындағы,67-баптың 1-тармағындағы, 68-баптың 2-тармағындағы, 75-баптың 2-тармағындағы, 77-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі, 2-тармағының 2) тармақшасындағы және 4-тармағының бірінші абзацындағы, 216-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі, 218-баптың 3-тармағындағы, 4-тармағының бірінші бөлігіндегі, 270-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі және 3-тармағындағы, 276-13-баптың 6-тармағындағы, 276-15-баптың 3-тармағының бірінші, үшінші және бесінші бөліктеріндегі, 276-18-баптың 4-тармағының бесінші бөлігіндегі, 276-20-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 3-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі, 5-тармағының екінші бөлігіндегі және 7-тармағының бірінші бөлігіндегі, 276-22-баптың 8-тармағындағы, 282-баптың 3-тармағының бесінші бөлігіндегі, 292-баптың 5-тармағындағы, 431-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі және 2-тармағының бірінші бөлігіндегі, 507-баптың 6-тармағындағы, 511-баптың 4-тармағындағы, 547-баптың 4-тармағындағы, 554-баптың 4-тармағының 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі және 2) тармақшасындағы, 569-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі, 570-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі,571-баптың 4-тармағының бірінші абзацындағы, 574-баптың 6-тармағының төртінші бөлігіндегі, 576-баптың 4-тармағындағы, 581-баптың 5) тармақшасындағы, 584-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы, 646-баптың 9-тармағындағы, 650-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі, 653-баптың 1-1-тармағындағы, 6-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларындағы, 655-баптың 1-тармағындағы, 656-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы және 7-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган», «Уәкілетті орган», «уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 118-баптың 9-тармағындағы, 119-баптың 12 және 13-тармақтарының 2) тармақшаларындағы, 397-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 150-баптың 3-тармағындағы «уәкiлеттi органмен келiсім бойынша тиiстi өнеркәсiп саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 565-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда оның өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуді куәландыратын осы құжаттың телнұсқасы беріледі.»;
5) 651-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі «уәкілетті органмен келісім бойынша ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат):