Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу,
Қылмыстық-атқару кодекстерiне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн
жеңiлдету, қылмыстардың кейбір құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту және
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат):
1) 39-баптың үшiншi бөлiгi "айыру" деген сөзден кейiн "және қоғамдық жұмыстарға тарту" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың үшiншi бөлiгіндегі "он алты жасқа" деген сөздер "он сегiз жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 48-баптың бесiншi бөлiгiнде:
а) тармағындағы "жетi жылдан астам мерзiмге" деген сөздер алып тасталсын;
б) тармағындағы ", сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстары үшiн жетi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға" деген сөздер алып тасталсын;
4) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"3-1. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйде қамауда ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, қамау түріндегі жаза мерзiмiнiң бiр күнiне екi күн, бас бостандығын шектеу түрiнде ұстауға - бiр күнге бiр күн, түзеу жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге - екi күнге бiр күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың екi сағаты үйде қамауда ұстаудың бiр күнi есебiмен есептеледi.";
5) 64-баптың үшiншi бөлiгi "жағдайда," деген сөзден кейiн "не шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса," деген сөздермен толықтырылсын;
6) 72-баптың үшiншi бөлiгіндегі "сегiз" деген сөз "он төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 79-бапта:
бiрiншi бөлiктiң д) тармағы алып тасталсын;
алтыншы бөлiк алып тасталсын;
8) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"81-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату
1. Кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бiрiншi рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
2. Кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкiн.";
9) 84-бапта:
а) тармағында "үштен" деген сөз "төрттен" деген сөзбен ауыстырылсын;
б) тармағында "жартысын" деген сөз "үштен бiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармағында:
"аса ауыр қылмысы" деген сөздердiң алдынан "адам өмiрiне қол сұғумен ұштаспаған" деген сөздермен толықтырылсын;
"үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн." деген сөздер "жартысын;" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
"г) адам өмiрiне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.";
10) 104-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiн қамауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
11) 106-бап алып тасталсын;
12) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру
Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсiнiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
13) 111-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
14) 115-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"115-бап. Соз ауруын жұқтыру
Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екi немесе одан да көп адамға не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
15) 154-бап алып тасталсын;
16) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"168-бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен
ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi
органдары мен лауазымды адамдарының құзырына
кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе
шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекеттер, -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының, оның уәкiлеттi органдарының немесе лауазымды адамдарының құзырындағы өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы, -
бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
17) 175-бапта:
бiрiншi бөлiк "екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
18) 177-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
19) 182-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
20) 183-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екіншi абзацы "түзеу жұмыстарына, не" деген сөздерден кейiн "мүлкi тәркiленiп немесе онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
в) тармағындағы "жасаса" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
"г) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiне, сондай-ақ аулауға толық тыйым салынған жануарларға, не олардан алынатын өнiмдерге қатысты жасалса, -";
екiншi абзацтағы "онсыз" деген сөз "мүлкi тәркiленiп немесе онсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "үш жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
21) 185-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
22) 186-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi айдан төрт айға дейiн қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
23) 187-бапта:
бiрiншi бөлiк "бас бостандығынан айыруға" деген сөздерден кейiн "немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк "қамауға," деген сөзден кейiн "не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
24) 193-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
25) 196-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
26) 209-бапта:
бiрiншi бөлiк "сотталған адамның" деген сөздерден кейiн "мүлкi тәркiленiп не онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте "немесе онсыз екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
27) 242-бап "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
28) 257-бапта:
бiрiншi бөлiк "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте "бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 275-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
30) 281-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
31) 282-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
32) 283-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
33) 285-баптың үшiншi бөлiгiнде "eкi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
34) 286-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
35) 287-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"287-бап. Су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу
1. Балықты және өзге де су жануарларын немесе өсiмдiктерiн заңсыз алу, егер бұл әрекет:
а) елеулi зиян келтiре отырып;
б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не су жануарлары мен өсiмдiктерiн жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып жасалса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты;
в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында;
г) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
д) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
e) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;
ж) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiре отырып жасалған не ұйымдасқан топ жасаған әрекет, -
сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
36) 288-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
а) тармағындағы "iрi" деген сөз "елеулi" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "түзеу жұмыстарына, не" деген сөздерден кейiн "қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац "пайдаланып" деген сөзден кейiн "әлденеше рет" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзац "айыппұл салуға, не" деген сөздерден кейiн "қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiрiп не ұйымдасқан топ жасаған әрекет -
сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
ескертудегi "жүз есе асып түсетiн", "үш жүз есе асып түсетiн" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "және одан да көп" деген сөздермен толықтырылсын;
37) 290-баптағы "шектеуге немесе" деген сөздерден кейiн "сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп," деген сөздермен толықтырылсын;
38) 291-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
1. Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
39) 299-баптың бiрiншi бөлiгi "айыппұл салуға," деген сөздерден кейiн "не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
40) 312-баптың ескертуi мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы бапқа қатысты лауазымды адамдарға осы Кодекстiң 307-бабына ескертуде көрсетiлген лауазымды адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң лауазымды адамдары жатады.";
41) 370-баптың бiрiншi бөлiгi "екi жылға дейiнгi мерзiмге" деген сөздердiң алдынан "екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не" деген сөздермен толықтырылсын;
42) 372-баптың бiрiншi бөлiгiнде "екi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
43) 375-баптың бiрiншi бөлiгiнде "бiр жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
44) 380-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы "зиян келтiрген" деген сөздерден кейiн ", әскери қызметшiлердiң (азаматтардың) немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соққан" деген сөздермен толықтырылсын;
45) 391-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж. № 3-4, 66-құжат, № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат):
1) 33-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "112" деген цифрлар алып тасталсын;
2) 37-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармағындағы ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен татуласуы" деген сөздер алып тасталсын;
3) 75-бапта:
бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жәбiрленушiнiң өзiне келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер мұндай талап қылмыстық iсте қойылмаса не қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қоюға құқылы.";
алтыншы бөлiк "өкiлi болуына;" деген сөздерден кейiн "одан дәлелдеу құралы ретiнде қылмыстық iзге түсу органы алып қойған немесе өзi берген мүлiктi, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамнан алып қойылған оған тиесiлi мүлiктi алуға, оған тиесiлi құжаттардың түпнұсқаларын алуға; заңда көзделген жағдайларда сезiктiмен, айыпталушымен татуласуға;" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 109-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың ережелерiне сәйкес судьяның шығарған қаулысына оны жариялаған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар шағымдануы, сондай-ақ прокурор судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестiрiлген сотқа наразылық бiлдiруi мүмкiн. Шағымдану мерзiмi өткеннен кейiн iс шағыммен, наразылықпен осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар мен прокурор хабардар етiле отырып, облыстық немесе оған теңестiрiлген сотқа жiберiледi. Облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың судьясы осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген ережелер мен мерзiмдердi сақтай отырып, шағымды, наразылықты қарайды және мынадай: шағымды, наразылықты қанағаттандырмай қалдыру және қалалық (аудандық) сот судьясының қаулысын өзгерiссiз қалдыру; шағымды, наразылықты қанағаттандыру және қалалық (аудандық) сот қаулысының күшiн жою туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.";
5) 116-баптың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында сезiктi, айыпталушы берген айғақтар дәлелдер ретiнде танылмайды және айыптау негiзiне алынбайды.";
6) 134-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "Ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейiн" деген сөздер "Нақты ұстау сәтiнен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 152-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiнi, айыпталушыны тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу үшiн бiр тергеу изоляторынан басқа тергеу изоляторына ауыстыру (этаптау) прокурордың қаулысы бойынша немесе анықтаушының, тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.";
8) 153-бап мынадай мазмұндағы 12-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"12-1. Iздестiрiлудегi адамды шет мемлекет Қазақстан Республикасына берген жағдайда қамауға алу мерзiмi оның Қазақстан Республикасы аумағына келген күнiнен бастан есептеледi. Бұл ретте адамды шет мемлекеттiң аумағында экстрадициялық қамау тәртібімен қамауда ұстау уақыты оны берген жағдайда жазаны тағайындау кезiнде жалпы қамауда ұстау мерзiмiне есептеледi.";
9) 161-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы Koдекстiң 232-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда мүлiкке тыйым салу прокурордың санкциясынсыз, бiрақ жиырма төрт сағаттың iшiнде оған мүлiкке тыйым салу жүргiзiлгенi туралы хабарлама жiберу арқылы жүзеге асырылады.";
10) 162-баптың бiрiншi бөлiгi "мүлiктiк" деген сөзден кейiн "және моральдық" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 188-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"4. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу ретi немесе соттылығы бойынша беру кезiнде оқиға болған орынды, сол жердi немесе үй-жайды қарау кезiнде табылған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар ұсынған заттар мен құжаттар осы Кодекстiң 223-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен берiледi.";
12) 192-бапта:
екiншi бөлiкте:
"142" деген цифрлар "142 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"145-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "145-бабында (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"146-155" деген цифрлар "146-153, 155" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"186-бабында (үшiншi бөлiгiнде) деген сөздер "186-бабында (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"188-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
"262-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
"266-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
"296-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
"319-322" деген цифрлар "319, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321, 322" деген сөздермен ауыстырылсын;
"327-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "327-бабында (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"176-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейiн "209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"223-бабында (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "224-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiкте:
бiрiншi сөйлем "Қылмыстық кодексiнiң" деген сөздерден кейiн "176-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"191-205" деген цифрлар "191-197, 199-205" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"207-баптарында," деген сөздерден кейiн "209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"222-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "224-бабында," деген сөздермен толықтырылсын;
"223-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi бөлiкте:
"176-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
"209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
"224," деген цифрлар алып тасталсын;
"226, 227-баптарында" деген сөздер "226-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2-бөлiкпен толықтырылсын:
"4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 227-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясы немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары жүргiзедi.";