Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 58-құжат):
105-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Мемлекеттік мекеменің шарттық міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; 2008 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 176-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«176-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит алу не оны пайдалану»;
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі» деген сөздер «елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 177- бапта:
177-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«177-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау»;
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі» деген сөздер «жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жетпіске дейінгі» деген сөздер «жетпіс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
3) 177-1, 177-2-баптар алып тасталсын;
4) 177-3-баптың екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі» деген сөздер «екі жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 177-4-баптың екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі» деген сөздер «төрт жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 177-5-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі» деген сөздер «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі» деген сөздер «елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 178-бапта:
бірінші бөліктің бесінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі» деген сөздер «жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі» деген сөздер «екі жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 179-бапта:
бірінші бөліктің алтыншы абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі», «айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі», «айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі» деген сөздер тиісінше «жүз айлық есептік көрсеткіш», «екі жүз айлық есептік көрсеткіш», «бес жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі», «айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзге дейінгі», «айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі» деген сөздер тиісінше «екі жүз айлық есептік көрсеткіш», «төрт жүз айлық есептік көрсеткіш», «бір мың айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 179-2-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі» деген сөздер «екі жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі» деген сөздер «үш жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 204-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі» деген сөздер «елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «177-1, 177-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
12) 632-баптағы «317-1-бабы» деген сөздер «177-3, 177-4, 177-5, 317-1-баптары» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бесінші және қырық жетінші абзацтарындағы «177, 177-1, 177-2,» деген цифрлар алып тасталсын.
3 тармақ 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді
3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №1, 1-құжат; №20, 152-құжат):
1) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) жергілікті атқарушы атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру жөніндегі қызметіне Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда оларды тоқтата тұру және жою құқығымен бақылауды жүзеге асырады;»;
13) тармақшадағы «лауазымды адамдарының» және «ұйымдастыру және» деген сөздер алып тасталсын;
2) 20-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді;»;
3) 48-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы І санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, ІІ, ІІІ және ІV санат объектілеріне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 51-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды.»;
5) 52-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу кезінде сараптама бөлімшелерінің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Сараптама бөлімшелері басшыларының тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар бекітетін, оларды тағайындау және қызметтен босату тәртібі мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттарды қамтитын олар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі.»;
6) 54-бап «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 69-баптың 1-тармағындағы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан» деген сөздер алып тасталсын;
8) 71-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты І санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан, ІІ санат объектілеріне - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, ІІІ санат объектілеріне - оңайлатылған схема бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, ІV санат объектілеріне хабарлау декларациясының негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
9) 72-бапта:
1-тармақтағы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер «рұқсат беретін органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
10) 74-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат беретін орган өтінім тіркелген кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде өтінімді табыс етілген материалдардың толықтығы және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі тұрғысында қарайды. Осы мерзімнің ішінде табыс етілген өтінім бойынша қосымша құжаттар сұратылып алынуы мүмкін.
Осы мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не табыс етілген материалдардың жеткіліксіздігі салдарынан және (немесе) оның осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбайды.
Өтінім қабылданбаған жағдайда табиғат пайдаланушыға қабылданбаудың себептері дәлелді түрде негізделіп, бас тарту жіберіледі.
3. Қабылданған өтінімдерді рұқсат беретін орган өтінім тіркелген күннен бастап төрт айдан аспайтын мерзімде қарайды. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.»;
11) 77-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсат беретін органның рұқсатты тоқтата тұруы немесе жоюы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезден бастап бір ай мерзім ішінде табиғат пайдаланушыға қабылданған шешімнің себептері және (немесе) оларды жою мерзімдері туралы жазбаша түрде хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Хабарламаны алу арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соғады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайлар анықталған кезден бастап бір ай мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдар берген қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты табиғат пайдаланушыға және жергілікті атқарушы органға қабылданған шешімнің себептері және (немесе) оларды жою мерзімдері туралы жазбаша түрде хабарлама беру арқылы тоқтата тұрады және жояды.»;
мынадай мазмұндағы 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттың қолданысын:
1) жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұза отырып берген;
2) жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты тоқтата тұру жөнінде белгіленген тәртіппен шаралар қолданбаған жағдайларда тоқтата тұрады.
8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттың қолданысын жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты белгіленген тәртіппен жою жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда жояды.
9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және жою осы бапта көзделген тәртіппен, рұқсаттың қолданысымен шектелген мерзімдерде жүзеге асырылады.
10. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тартуға байланысты даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.»;
12) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу тәртібі
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу табиғат пайдаланушы атауын немесе ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгерткен, қайта ұйымдастырылған жағдайда және қоршаған ортаға ауыртпалықты арттыруға әкеп соқпайтын өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Рұқсатты қайта ресімдеу мына құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) рұқсатты қайта ресімдеуге өтінім;
2) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
3) салық төлеушінің куәлігі;
4) статистикалық карточка.»;
13) 79-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кешенді экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.»;
14) 86-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы «алып қою» деген сөздерден кейін «, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 169-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 324-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына табиғат пайдаланушылар 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін табыс еткен материалдар бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін табыс етілген материалдар толық болған және олар осы Кодекстің талаптарына сәйкес болған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы қарайды және береді және олар берілген мерзім ішінде қолданыста болады.».
4 тармақ 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді
4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат):
323-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «жергілікті мемлекеттік органға» деген сөздер «уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2002 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):
1) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
1) 11-бап мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«- халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;»;
2) 13-бапта:
2 абзац 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
үшінші бөліктің төртінші абзацы алып тасталсын;
3 абзац 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі
төртінші бөлік алып тасталсын.
6 тармақ 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді
6. «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):
1) 7-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы «жедел-құтқару» деген сөздерден кейін «, медициналық» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымы
Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
4) 13-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
5) 14-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
6) 25-баптың 5-тармағындағы «және жергілікті» деген сөздер алып тасталсын;
7) 27-баптың 1-тармағындағы «және жергілікті» деген сөздер алып тасталсын.
7 тармақ 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді
7. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат):
1) 5-бапта:
бірінші бөліктегі «шаралар» деген сөз «Азаматтық қорғаныс іс-шаралары» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында:
1) уәкілетті орган:
халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге беруді;
шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекітуді;
шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітуді;
төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;
мониторинг жүйесін ұйымдастыруды, халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін техногендік авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкіндер мен басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы құлақтандыруды;
2) жергілікті атқарушы органдар:
ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
төтенше жағдайлар кезінде баспанасыз қалған халық үшін уақытша тұрғын үй резервін жасауды;
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды;
3) ұйымдар:
шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді;
шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуді;
төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;
мониторинг жүйесін, персоналды, шаруашылық жүргізу субъектілерін және халықты техногендік авариялар туралы құлақтандыруды ұйымдастыруды;
ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды жүргізеді.»;
2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жер сілкінісінің зардаптарын жою мақсатында:
1) уәкілетті органның басшысы:
құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға;
жер сілкінісінің күші, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа беруді жүзеге асыруға;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары:
жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
қираған жерлер, шығындар мен жер сілкінісінің зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны уәкілетті органға беруді жүзеге асыруға;
3) ұйымдардың басшылары:
жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қызметкерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға міндетті.»;
3) 14-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «Жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер «Төтенше жағдайларды жою басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-бапта:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбіт және соғыс уақытындағы Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге табыс етеді және оларды іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«қазіргі заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым басшыларын және халықты одан қорғану тәсілдерін және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдар жасауға үйретуді ұйымдастырады;
халықты құлақтандырудың және байланыстың республикалық жүйесін дереу пайдалануға, оны жарақтандыру мен дамытуға тұрақты дайындық жасайды және оны қамтамасыз етеді.»;
5) 22-баптың екінші бөлігінде:
екінші, төртінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылып, сегізінші абзац алып тасталсын: «кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, эвакуациялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;».