Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 29 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2005 жылғы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 26 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 5-баптың екінші бөлігінде «Аталған» деген сөз «Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жұмсартатын заңның кері күші болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.»;
3) 9-баптың бірінші бөлігінде:
«оларды» деген сөз «және оны» деген сөздермен ауыстырылып, «қолданылатын» деген сөзден кейін «әкімшілік-құқықтық» деген сөздермен толықтырылсын;
«әкімшілік жазаға,»деген сөздерден кейін «әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-баптың тақырыбында «Азаматтардың» деген сөз «Адамдардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 16-баптың сегізінші бөлігінде «азаматқа» деген сөз «жеке тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Жеке өмірге қол сұқпаушылық»;
«Азаматтардың жеке өмірі, жеке басының» деген сөздер «Жеке өмір, жеке бастың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 21-баптың екінші бөлігінде «өз қаулысымен» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 24-бапта:
екінші және үшінші бөліктерде «азаматтар», «Азаматтардың» деген сөздер тиісінше «жеке тұлғалар», «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте «азаматтар» деген сөз «жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 27-баптың екінші бөлігінде «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Лауазымды адамдардың және басқару функциясын
орындайтын өзге де тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің,
жеке нотариустар мен адвокаттардың әкімшілік
жауаптылығы
1. Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болуға тиіс.
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрі - дара кәсіпкерлер), жеке нотариус, адвокат, сол сияқты дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлері, сондай-ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.
3. Егер осы Кодекстің нормаларында олардың лауазымды адамдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылатыны көрсетілмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша лауазымды адамдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
Ескерту. Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын (яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген) не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.»;
11) 36-бапта:
бірінші бөлікте «тікелей» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Егер осы Кодекстің нормаларында олардың шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе өзге ұйымдарға қолданылатыны көрсетілмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша олар шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылады.»;
12) 39-баптың үшінші бөлігінде «азаматтар» деген сөз «жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 44-бап мынадай мазмұндағы 3-1 бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Әкімшілік жаза мүліктік залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянның орны осы Кодекстің 64-бабында көзделген тәртіппен толтырылады.»;
14) 45-бапта:
бірінші бөлікте:
4) тармақшадағы «әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды» деген сөздер «сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік «қызметін» деген сөзден кейін «немесе қызметінің жекелеген түрлерін» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 46-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.»;
16) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Әкімшілік айыппұл
1. Әкімшілік айыппұл (бұдан әрі - айыппұл) - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.
Осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген салық міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасының процентімен не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерімен көрсетіледі.
2. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмайды.
Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
3. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
4. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.
5. Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.
6. Заңды тұлғаларды шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
17) 49-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның
тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны судья қаулысының негізінде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен кейіннен өткізуден тұрады. Осындай затты өткізуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткізу жөніндегі шығыстарды шегере отырып, меншік иесіне береді.»;
18) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның
тікелей объектісі болған затты, сондай-ақ әкімшілік
құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүліктi
тәркілеу
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу оларды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз өндіріп алудан тұрады.
Меншік иесіне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелігінен алып қою тәркілеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншігіне өндіріп алынуға немесе жойылуға тиіс.
2. Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қана тәркіленуге жатады.
3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркілеуді аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
4. Тәркілеуді судья қолданады және ол осы бөлімнің ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкін.»;
19) 51-баптың бесінші бөлігінде «Аң аулау қаруларын» деген сөздер «Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дәрілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 52-бапта:
бірінші бөлікте «Жеке кәсіпкерлерді немесе» деген сөздер «Жеке тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, адвокаттарды және» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
21) 53-бапта:
тақырып, бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер «қызметін» деген сөзден кейін «немесе қызметінің жекелеген түрлерін» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік алып тасталсын;
22) 54-баптың тақырыбы мен мәтінінде «Өз бетімен» деген сөздер «Заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 55-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда жеке адамға қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін - он бес тәулікке дейінгі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерін жасағаны және (немесе) төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге тағайындайды.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
24) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«58-бап. Жол жүрісі ережелерін білуді тексеру
Осы Кодекстің 467-бабында (алтыншы бөлігінде) көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған, сондай-ақ 462 (екінші бөлігінде), 463(бірінші бөлігінде), 468 (бірінші және үшінші бөліктерінде) баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін олар емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінің (бөлімдерінің, басқармаларының, департаменттерінің) бастықтары мен олардың орынбасарлары шығаруға құқылы.»;
25) 59-баптың бірінші бөлігінде «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.»;
27) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«64-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу
1. Судья мүліктік зиян келтірген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келіп, егер зиянның мөлшері туралы дау болмаса, әкімшілік жаза қолдану туралы мәселені шешумен бір мезгілде осындай зиянды өндіріп алады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген мүліктік зиянның мөлшері туралы даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
2. Өзге уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік зиянды өтеу, кінәлі адам оны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүргізіледі.
3. Іскерлік беделді қорғау немесе әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздемелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.»;
28) 70-баптың бірінші бөлігінде», не жазаның қосымша түрінен» деген сөздер алып тасталсын;
29) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:
«71-1-бап. Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты
әкімшілік жауаптылықтан босату
1. Осы Кодекстің 9-1-тарауында, сондай-ақ 131, 158, 158-1-баптарында, 174-бабында (үшінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен бітімгершілікке келгеннен кейін тоқтатылуға жатады.
2. Бітімгершілікке келу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.»;
30) 73-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері осы Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.»;
31) 79-2-бап алып тасталсын;
32) 79-3-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру, егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -";
33) 82-баптың тақырыбында, бірінші абзацында және 83-баптың бірінші абзацында «Азаматтардың» деген сөз «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«84-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол сияқты
ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын
заңсыз шектеу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, белгіленген тәртіппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткізетін ақпаратты шектеулі қол жеткізілетін ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Лауазымды адамның осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасауы, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
35) 86 және 87-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«86-бап. Қылмыс жасады деген кінәлілік туралы мәліметтердi
тарату
Істі сот қарағанға дейін немесе ақтау үкімі болған кезде адамның қылмыс жасады деген кінәлілігі туралы мәліметтерді көпшілікке тарату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
87-бап. Еңбек туралы заңнаманы бұзу
1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның еңбек туралы заңнаманы және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
айлық есептік көрсеткіштің он бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және заңнамалық актілерде белгіленген мерзімде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі, -
айлық есептік көрсеткіштің он бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға, не жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.
2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе, оларды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.»;
36) 87-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
37) 88-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - қырықтан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
38) 88-1-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақытында аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
39) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау
ережелерін бұзу
1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманы жазатайым жағдайға әкеп соқпаған бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Лауазымды адамның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазатайым оқиғаға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көрінеу қауіп төндірсе, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
40) 96-баптың тақырыбында «Азаматтың» деген сөз «Жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 97-баптың екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:
«111-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық
бұзушылық жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
43) 113-баптың екінші абзацында «екіге» деген сөз «онға» деген сөзбен ауыстырылсын;
44) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«114-бап. Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекi
бұйымдарын сату
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату, -