Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар):
1) мынадай мазмұндағы 240-1-баппен толықтырылсын:
"240-1-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу
талаптарын бұзу
Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген
эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі не
экологиялық рұқсаттың болмауы
Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға эмиссиялар көлемін асырып жібергені үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкасының бір мың проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 261-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"261-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу,
сарқынды суды ағызып жіберу талаптарын бұзу";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жіберу талаптарын бұзу, -";
4) 554-бапта:
бірінші бөлік "шаруашылық" деген сөзден кейін "және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
екінші абзацтағы "қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік аға инспекторлар және аумақтық мемлекеттік инспекторлар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары және мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлардың орынбасарлары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік аға инспекторлары" деген сөздер "мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық бас инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бас инспекторы мен оның орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы "306 (екінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "306-1 (үшінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;
6) 638-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
"3-1. 240 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде), 261, 265, 304 (екінші бөлігінде)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерін белгілеу талап етілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшері белгіленген кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.".
2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар):
1) бүкіл мәтін бойынша "Қоршаған ортаны ластағаны", "қоршаған ортаны белгіленген лимиттерден артық ластағаны", "қоршаған ортаны ластағаны", "Қоршаған ортаны белгіленген лимиттерден тыс ластағаны", "қоршаған орта ластануының", "қоршаған ортаны ластауға", "қоршаған ортаны ластау", "Қоршаған ортаны ластанғаны" деген сөздер тиісінше "Қоршаған ортаға эмиссия", "қоршаған ортаға белгіленген лимиттерден тыс эмиссия", "қоршаған ортаға эмиссия", "Қоршаған ортаға белгіленген лимиттерден тыс эмиссия", "қоршаған ортаға эмиссияның", "қоршаған ортаға эмиссиялауға", "қоршаған ортаға эмиссия", "Қоршаған ортаға эмиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 459-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"459-бап. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.
2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін экологиялық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
3. Экологиялық рұқсатта белгіленген тәртіппен ресімделмеген қоршаған ортаға эмиссиялар, жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен тыс қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-нен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша мәліметтер береді.";
3) 461-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"461-бап. Салық салу объектісi
Салық салу объектісі қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) қоршаған ортаға одан артық эмиссиялардың нақты көлемі болып табылады.";
4) 462-баптың бірінші бөлігіндегі "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай" деген сөздер "базалық ставкалардан кем болмайтындай және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шекті ставкадан жоғары болмайтындай" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат):
1) 6-баптың 4-тармағында:
"жер," деген сөзден кейін "экология," деген сөзбен толықтырылсын;
", қоршаған ортаны қорғау туралы" деген сөздер алып тасталсын;
2) 42-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жер учаскелеріне меншік иелері немесе жер пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.";
3) 65-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) өздерінің меншігі болып табылмайтын анықталған өндіріс пен тұтыну қалдықтары туралы жергілікті атқарушы органдарға хабарлауға міндетті.";
4) 133-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Су қорының жері мемлекет меншігінде болады.";
5) 145-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды" деген сөздер "өндіріс пен тұтыну қалдықтарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат):
1) 38-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
20-1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде экологиялық рұқсат алуға;";
2) 62-баптың 8) тармақшасындағы "ic-әрекеттер болып табылады." деген сөздер "іс-әрекеттер;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.".
5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат, № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздер тиісінше "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына" деген сөздер тиісінше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"46) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;";
3) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Су қорының жері мемлекет меншігінде болады.";
4) және 5) тармақшалары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
"25) судың бастапқы есебінің ережелерін бекітеді.";
5) 40-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тіркеу.";
6) 53-бапта:
1-тармақтағы "ережелердің" деген сөз "судың бастапқы есебінің ережелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндірістік бақылауды арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді.
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндірістік бақылау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аттестатталған су есебін жүргізу аспаптарының негізінде жүзеге асырылады.";
7) 72-бап мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде экологиялық pұқсaт алуға;";
8) 112-баптың 5-тармағы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға және" деген сөздермен толықтырылсын.
6. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж,. № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат):
1) 47-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы;";
2) 48-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы;";
3) 50-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу;".
7. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат, 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 92-құжат; № 16, 97, 102-құжаттар):
9-баптың 1-тармағында:
58) және 59) тармақшалар алып тасталсын;
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"60) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету.".
8. "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
23-бапта:
тақырыбы мен 1 және 2-тармақтардағы "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру кезінде қалдықтарға меншік құқығы, сондай-ақ қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу және оларды жою, жерді рекультивациялау мен қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелер жаңа меншік иесіне өтеді.".
9. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 41-5-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу" деген сөздер "экологиялық талаптарды және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарын сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 48-баптың 1-тармағындағы "қоршаған ортаны қорғау заңдарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 49-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның көлемін жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның көлемін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";
4) 50-баптың 1-тармағындағы "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның табиғатты пайдалануға берілген міндетті шарт ретінде тиісті экологиялық талаптарды қоса алғандағы рұқсаты" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның міндетті шарт ретінде келісім-шартқа тиісті экологиялық талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес берген экологиялық рұқсаты" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат, 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат):
2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес олардың қызметіне міндетті экологиялық аудит жүргізіледі.".
11. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген экологиялық талаптар сақталуға тиіс.";
2) 16-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац "шешімді" деген сөзден кейін "тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді органдарының келісімімен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды;".
12. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 173-құжат; 2000 ж., № 5, 115-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат):
1-баптың он екінші абзацындағы "өзге де" деген сөздер "табиғи" деген сөзбен ауыстырылсын.
13. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат):
6-бапта:
5-тармақтағы "қоршаған ортаны ластағаны" деген сөздер "қоршаған ортаға эмиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ядролық қондырғылар мен объектілерді салуға келісім беру туралы мәселені қарайды.".
14. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер беті мен жер асты суларын, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ олардың өзара әрекетіндегі климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілер жиынтығы;";
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "отырып" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген объектілердің жіктелуіне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 31-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 70-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) экологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.";
5) 78-баптың 7-тармағының 3) тармақшасындағы ", қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау орындарының" деген сөздер "орындарының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсетін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін халықаралық саудалауға шектеулер енгізеді;";