Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2005.28.12. № 351-ө Өкімін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат):
1) 175-баптың ескертуінің 2-тармағы «Осы» деген сөзден кейін «Кодекстің 184, 184-1-баптарын қоспағанда, осы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«184-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -
бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
3) мынадай мазмұндағы 184-1-баппен толықтырылсын:
«184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік
үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе
интегралдық микросхемалар топологияларына
құқықтарды бұзу
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнін, олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулі мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -
бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулі залал келтірген немесе елеулі мөлшерде жасалған деп танылады.
2. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер ірі залал келтірген немесе ірі мөлшерде жасалған деп танылады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат):
1) 34-баптың бірінші бөлігі «184-бабында (бірінші бөлігінде),»деген сөздерден кейін»(184-1-бабында (бірінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;
2) 192-баптың төртінші бөлігі «184,»деген цифрлардан кейін «184-1,»деген цифрлармен толықтырылсын.
3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23; 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 961-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;»;
2) 971-бапта:
2-тармақта:
3) тармақшадағы «және бейне жазу» деген сөздер «немесе бейне жазу» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «басқа да» деген сөздер «өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «оның атауын» деген сөздерден кейін», кейіпкерлердің атауларын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 972-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы»(әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және т.б.)»деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «және» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы», (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негіз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектілері болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады»;
4) 975-бапта:
тақырыбы «Ресми құжаттардың,»деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Ресми құжаттардың,»деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөздермен толықтырылсын;
«жобаны» деген сөз «жобаларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі «Ресми құжаттарды,», «ресми құжатты,»деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құзыретті орган жобаны қабылдағаннан кейін ол әзірлеушінің есімі көрсетілмей-ақ және авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкін.»;
5) 978-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасында «жалға» деген сөз «прокатқа (жалға)»деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгізілсе, онда Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды одан әрі таратуға автордың келісімінсіз және авторлық сыйақы төленбестен жол беріледі.»;
6) 982-баптың 1, 2-тармақтарындағы, 3-тармағының бірінші бөлігіндегі және 5-тармағындағы «елу» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 983-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
8) 986-бапта:
2-тармақтағы «Фонограмма жасаушы,»деген сөздерден кейін «эфирлік және кабельдік» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «Фонограмманы, орындау жазбаларын жасаушы» деген сөздер «Фонограмма шығарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.»;
9) 987-бапта:
2-тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде:
«орындау» деген сөз «фонограмма» деген сөзбен ауыстырылсын; «жазбаны жасаушының құқығы» деген сөздер «фонограмма шығарушының құқықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орындау жазбасын шығару құқығы» деген сөздер «фонограмма шығару құқықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өзге де шетелдік орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалады.»;
10) 988-бапта «орындау жазбаларын немесе фонограмманы жасаған адамдардың» деген сөздер «фонограмма шығарушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 989-бапта:
1, 2, 3, 4-тармақтағы «елу» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Орындау жазбасын, фонограмма жасаушыға» деген сөздер «Фонограмма шығарушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 990-бапта:
тақырыбындағы «орындау жазбаларын жасаушылардың» деген сөздер «фонограммалар шығарушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орындау жазбаларын, фонограммалар жасаушылардың» деген сөздер «фонограммалар шығарушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 1006-баптың 3-тармағындағы «1000-1003» деген цифрлар «1000-1004» деген цифрлармен ауыстырылсын.
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат):
1) 128 және 129-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік
үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, интегралдық
микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің, интегралдық микросхема топологиясының мәнін олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға төрт жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
129-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің oннaн жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес туындылар мен фонограммалардың тәркіленген даналары, авторлық немесе сабақтас құқықтар иесіне оның өтініші бойынша берілетін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 628-бабында көзделген тәртіппен жойылуға тиіс.»;
2) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын,
тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық
атауын заңсыз пайдалану
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 551-бапта:
тақырыбындағы «Авторлық құқықтар жөніндегі органдар» деген сөздер «Әділет органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі органдар» деген сөздер «Әділет органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз төртінші абзацы алып тасталсын.
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) 61-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.»;
2) мынадай мазмұндағы 75-1-тараумен толықтырылсын:
«75-1-тарау. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне
құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар
объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды
мемлекеттік тіркеу үшін алым
422-1-бап. Жалпы ережелер
1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (бұдан әрі - алым) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - тіркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тіркеуді зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - тіркеуші орган) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.
422-2-бап. Алымды төлеушілер
Жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады, тіркеуші орган солардың мүддесі үшін тіркеуді жүргізеді.
422-3. Алымды есептеу, төлеу және төленген
сомаларды қайтару тәртібi
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
2. Алым сомасы салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке енгізіледі.
3. Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.»;
3) 495-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «үшін мемлекеттік баж алынады.»деген сөздер «үшін;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның осы Кодекстің 499-1-бабында көзделген заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік баж алынады.»;
4) мынадай мазмұндағы 499-1-баппен толықтырылсын:
«499-1-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның
заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін
мемлекеттік баж ставкалары
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) алдын ала патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;
2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін - 100 процент;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1500 процент;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.»;
5) мынадай мазмұндағы 505-1-баппен толықтырылсын:
«505-1-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган
заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде
мемлекеттік баж төлеуден босату
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Халық қа?арманы», «Отан» ордендерімен марапатталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.»;
6) 507-баптың 2-тармағының 10, 11) тармақшаларындағы «дейін төленеді.»деген сөздер тиісінше «дейін;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның алдын ала патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.».
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
46-баптың 1-тармағының 31) тармақшасындағы «баж болып табылады.»деген сөздер «баж;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13-1), 32) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) туындыларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;»;
«32) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж болып табылады.».
7. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат):
1) 2-бапта:
8) тармақшада «сым немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы» деген сөздер «сым арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшада:
«өзге құқық иеленушінің» деген сөздер «сабақтас құқықтар иеленушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орындаушылықты,»деген сөзден кейін «қойылымды,»деген сөзбен толықтырылсын;
18) тармақша «прокатқа» деген сөзден кейін»(жалға)»деген сөзбен толықтырылсын;
20) тармақша «орындаушылықтарды,»деген сөздерден кейін «қойылымдарды,»деген сөздермен толықтырылсын;
29) тармақшаның екінші сөйлемі алып тасталсын;
2) 6-бапта:
2-тармақта:
5) тармақшада:
«түріндегі жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады.»деген сөздер алып тасталсын;
«(мүсін, үлгі, макет, ғимарат және сол сияқты)»деген сөздерден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшілік алдында орындалған, көпшілік алдында көрсетілген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.»;
3-тармақ «оның атауымен» деген сөздерден кейін «, кейіпкерлердің атауларымен» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «мүсіндеме, кескіндеме» деген сөздер «кескіндеме, мүсіндеме» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және сақтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
5) 13-баптың 3-тармағындағы «жалға» деген сөз «прокатқа (жалға)»деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында «жалға» деген сөз «прокатқа (жалға)»деген сөздермен ауыстырылсын;