Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы
қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы»
Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесiн қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат, 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат):
1) 42-баптың 6-тармағы бірiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "жүз және одан да көп қатысушысы бар" деген сөздер "шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 45-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.";
3) 58-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Шаруашылық серіктестік бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.
Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлік қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.
Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.";
4) 88-бапта:
"мөлшерi" деген сөз "ең төменгi мөлшерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мен азайту" деген сөздер алып тасталсын;
5) 139-бапта:
1-тармақ "құқықтарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "және санаттары" деген сөздер алып тасталсын;
6) 292-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актілерінде белгiленедi.";
7) 301-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
8) 303-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағалы қағаздар кепiлi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.".
2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат):
1) 202-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу";
бірiншi абзацтағы "эмиссия" деген сөз "эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сондай-ақ" деген сөзден кейiн "эмиссиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 202-1-баппен толықтырылсын:
"202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының
ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер
беруi
Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып, не онсыз, бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
3) 204-баптың тақырыбы және бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"204-бап. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының
көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -".
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат, № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-140-құжаттар; № 24, 153-құжат, 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат):
1) 168-2, 170, 171, 172-1 және 173-баптардағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
2) 170-1-баптың екiншi бөлiгiнiң бірiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 174-баптың екiншi бөлiгiнiң бірiншi абзацы "дер кезiнде" деген сөздердiң алдынан "жүзеге асырмау, сол сияқты" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 191-баптың тақырыбы және бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"191-бап. Жарияланған акцияларды шығару проспектiсіне
өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуге арналған
құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы, -";
5) 193-баптың бірiншi бөлiгiнiң бірiншi абзацында:
"орналастыру" деген сөзден кейiн "және (немесе) өтеу" деген сөздермен толықтырылсын;
"(рұқсатты)" деген сөз алып тасталсын;
6) 194-баптың бірiншi бөлiгінiң екiншi абзацындағы "жиырмаға дейiнгi" деген сөздер "елуден екi жүзге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 194-1 және 195-1-баптармен толықтырылсын:
"194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртібін бұзу
Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртібін бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезіндегі олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
"195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау
мақсатында мәмiлелер жасасу
Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
8) 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша
құқықтарды есепке алу және растау тәртібін бұзу
Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртібін бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ құқықтарды растау тәртібін бұзуы, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) мынадай мазмұндағы 196-1-баппен толықтырылсын:
"196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары
мен тәртібін бұзуы
Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен тәртібін бұзуы, -
лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
10) 197-баптың тақырыбында және бірiншi абзацында "орналастыру және өтеу" деген сөздер "орналастыру және (немесе) өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 199-баптың бірiншi абзацындағы "баспа басылымдарында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 573-бапта:
тақырыбындағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
бірiншi бөлiкте:
"мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
"88 (бірiншi бөлiк)" деген сөздерден кейiн ", 139 (бірiншi бөлiк)" деген сөздермен толықтырылсын;
"170," деген цифрдан кейiн "170-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
"193," деген цифрдан кейiн "194-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
"195," деген цифрдан кейiн "195-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
"196," деген цифрдан кейiн "196-1, 197-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
13) 636-баптың бірiншi бөлiгi 1) тармақшасының жиырма үшiншi абзацы (167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздерден кейiн ", 184" деген цифрмен толықтырылсын.
4. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 196, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар, 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 17 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
11-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) депозитарийлiк қызметтi қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет;".
5. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат):
14-бапта:
үшiншi бөлiкте "жабық" деген саз алып тасталсын;
төртiншi бөлiкте "Шаруашылық серiктестерiн, жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серіктестіктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негiздемесi бойынша" деген сөздер "Шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесi бойынша шаруашылық серіктестіктерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар, № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат):
1) 3-баптың 5-тармағында:
бірiншi абзацтағы "акциялардың" деген сөз "орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) тармақшасындағы "акцияларының (қатысушылар салымдарының) елу процентiнен" деген сөздер "орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
1-тармақтағы "жарғылық капиталдарына қатысуға" деген сөздер "жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) банктердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг берушi ұйымдардың, сондай-ақ акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуға (бір эмитенттiң орналастырылған акциялары жалпы санының он бес процентiнен аспайтын мөлшерде);";
а-1) тармақшасы алып тасталсын;
б) тармақшасындағы "жарғылық капиталына банктердiң қатысуына" деген сөздер "акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн банктердiң сатып алуына" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) және г) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"в) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың акцияларын банктердiң сатып алуына;
г) заңды тұлғалардың кепiл ретiнде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес банктердiң меншiгiне ауысқан жағдайларда, осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн банктердiң сатып алуына (бұрын кепiлге қабылданған акциялардың банктiң меншiгiне ауысуы арқылы банк сатып алған акциялардың құны банктiң өз капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс, бұл ретте оларды өткізу мерзiмi бір жылдан аспауға тиiс);"
е) тармақшасындағы "қолданылмайды" деген сөз алып тасталып, е-1) тармақшасындағы "асыру" деген сөз "асыруға қолданылмайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Банк сатып алған акциялардың не бір заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң құны, осы тармақтың г) тармақшасында көрсетiлген жағдайды қоспағанда, банктiң өз капиталының он процентiнен аспауға тиiс.";
3) 9-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 11-баптың 2-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "жарғылық капиталының" деген сөздер "орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру";
6) 16-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс.";
3-тармақтың бірiншi бөлiгi "Банктiң құрылтайшылары және акционерлерi - заңды тұлғалар" деген сөздер "Заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылып, "акцияларын" деген сөзден кейiн "олар орналастырылған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
8-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "оның акционерлерiнiң банктiң жарғылық капиталындағы үлестерiн (акцияларын)" деген сөздер "оның акционерлерiнiң акцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-бапта:
2-тармақтағы "Жарғылық капиталының" деген сөздер "Жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "(акционерлердiң үлесiн)" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды" деген сөздер "дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған "билiк ете алмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;";
6-тармақтағы "акцияларының" деген сөз "дауыс беретiн акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "Банктiң жарғылық капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысатын" деген сөздер "Тiкелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 17-1-бапта:
3-тармақта:
бірiншi абзацтағы "дауыс берушi" деген сөздер "орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "банктiң дауыс берушi" деген сөздер "банк" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірiншi бөлiгiнде:
бірiншi абзацтағы "дауыс берушi" деген сөздер "орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "банктiң дауыс берушi" деген сөздер "банк" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 19-баптың 3-тармағы бірiншi бөлiгiнiң в) тармақшасындағы "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 21-бапта:
1-тармақта:
"оның басқа банктер мен қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуы" деген сөздер "оның басқа банктердiң акцияларын және басқа қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерiн иеленуi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"тұлға қатысқан" деген сөздерден кейiн "не акцияларын резидент емес жеке немесе заңды тұлға иеленетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"Банктiң дауыс беретiн" деген сөз "Банк" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жарғылық капиталына осы қатысуы" деген сөздер "акцияларын осы сатып алуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 3-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
12) 30-бапта:
3-тармақтың е) тармақшасындағы "эмиссиялау" деген сөз "шығару" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "жарғылық капиталына қатысушы" деген сөздер "акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн иеленетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"54-1-бап. Банктiң аффилиирленген тұлғаларының есептiлiгi
1. Банктiң заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күннiң iшiнде уәкiлеттi органға жыл сайын қаржылық есептiлiк табыс етуге тиiс.
2. Банктiң жеке тұлға болып табылатын iрi қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күннiң iшiнде уәкiлеттi органға кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтерден құралатын, сондай-ақ:
1) оның басқа тұлғалармен бірлесiп өз араларындағы шартқа орай не өзге де тәсiлмен банк қабылдайтын шешiмдерге ықпал етуi туралы, оның iшiнде мұндай ықпал ету мүмкiндiгiн айқындайтын өкiлеттiктер берудiң сипаттамасы қамтылатын;
2) ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзiне тиесiлi үлестерiн (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдарда өзiнiң атқаратын лауазымдары туралы;
3) алынған қарыздар есебiнен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзiне тиесiлi үлестерiн (акцияларды) сатып алуы туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы мәлiметтерден құралатын ақпаратты қамтитын, бірақ бұлармен шектелмей, есептiлiк табыс етуге тиiс.
Есептiлiк табыс етудiң тәртібі мен оның нысандары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
3. Банк холдингi уәкiлеттi органға:
1) есептi тоқсаннан кейiнгi қырық бес күн iшiнде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептiліктi және оған түсiндiрме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күн iшiнде, аудитор куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және оған түсiндiрме жазбаны табыс етуге тиiс.
4. Банктiң заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысының жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбада, сондай-ақ банк холдингiнiң тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбаларда мыналар: