Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 ж. 5 желтоқсандағы
№ 506-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 35-баптың бесiншi бөлiгінiң екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi абзацтары "көзделген" деген сөздiң алдынан ", 479, 480-баптарында" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 61-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасының мемлекеттік тiліндегі мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
3) 63-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"3. Егер әкiмшiлiк айыппұлдар заң актілерінде белгіленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының процентiмен көрсетiлген жағдайда, оларды бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салған кезде, айыппұл әрбiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бөлек өндiрiлiп алынады.";
4) 64-баптың екiншi бөлiгi "азаматтық" деген сөздiң алдынан ", залалды өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 69-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"Ескерту. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген белгiлi бiр әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.";
6) 84-баптың бiрiншi абзацы "Белгiленген" деген сөз кiшi әрiппен жазылып, осы сөздiң алдынан "Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ," деген сөздермен толықтырылсын;
7) 87-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы "жалақыны" деген сөзден кейiн "және өсiмпұлды" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"114-бап. Кәмелетке толмағандарға темекiнi және темекi
бұйымдарын сату
1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату, -
жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкімшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) 121-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жер асты суларын байқаушы және режимдiк ұңғыларды, су объектiлеріндегі байқаушы режимдiк тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылық белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылық белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру, - ";
10) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:
"135-1-бап. Лауазымды адамның және ұйым басшысының өзiне
сенiп тапсырылған объектiлердiң (мүлiктiң)
қауiпсiздiгi мен сақталуын қамтамасыз ету
жөніндегі мiндеттерiн орындамауы және (немесе)
тиiсiнше орындамауы
1. Лауазымды адамның, сол сияқты мемлекеттік орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы болып табылмайтын ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған Қазақстан Республикасының ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектiлерiнiң және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiздiгi мен сақталуының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
11) 137-бапта:
тақырыбындағы "немесе өзге қызметпен айналысу" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац "немесе өзге қызметпен айналысу" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып," деген сөздер ", кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiс (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар қосымша тәркiленiп," деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "және лицензиядан айрыла отырып," деген сөздер ", кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiс (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар қосымша тәркiленiп," деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"139-бап. Лицензиялау ережелерi мен нормаларын бұзу
1. Заңдарда белгiленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, -
белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықтарды жоймау, -
белгiлi бiр қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бec жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
13) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"147-бап. Монополияға қарсы заңдарды бұзу
1. Бәсекенi шектеу, жосықсыз бәсеке, рыноктағы басым (монополистiк) жағдайды терiс пайдалану, сол сияқты монополияға қарсы заңдарды өзге де бұзушылық, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса және кiрiс алуға әкеп соқпаса, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - жүзден төрт жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кiрiс алуға әкеп соққан әрекеттер, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi, ақшалары, бағалы қағаздары тәркiлене отырып, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
14) 158-бапқа ескертудiң 1-тармағындағы "құқық қорғау органдарына" деген сөздер ", заң актілеріне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) мынадай мазмұндағы 163-1-баппен толықтырылсын:
"163-1-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды тарату, көрмеге қою, сату, -
жеке тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
16) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңдарын бұзу
1. Мемлекеттік сатып алу туралы заңдарда көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн негiзсiз қолдану, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік сатып алу тәсiлiн уәкiлеттi органмен келісіп алмай, ондай келiсу заңдарда көзделген жағдайда, қолдану, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүргiзiлетiн мемлекеттік сатып алу туралы конкурсты ұйымдастырушының ақпаратына заңдарда қойылған талаптарды бұзу, сол сияқты анық емес ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесiнiң қатысушыларын - ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ашық және жабық конкурстарды, сондай-ақ екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурстарды өткізу кезiнде бюджеттік қаражатты қосымша жұмсауға әкеп соқпаған мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген бюджеттік қаражатты қосымша жұмсауға әкеп соққан iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген бюджеттік қаражатты iрi мөлшерде қосымша шығындауға әкеп соққан iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бiрiншi - алтыншы бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктердi) әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдарды мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты конкурс ұйымдастырушысының басшысы және (немесе) оның орынбасары деп; осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған лауазымды адамдарды мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты конкурс ұйымдастырушысының басшысы және (немесе) оның орынбасары, сондай-ақ конкурс комиссиясының хатшысы деп түсiну керек; осы баптың төртiншi, бесiншi, алтыншы бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдарды конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелерi және хатшысы деп түсiну керек.
2. Құқық бұзушылық жасау кезіндегі айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен асатын сома осы баптың мақсаттары үшiн iрi мөлшер деп танылады.";
17) 168-бапта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы "әлденеше рет" деген сөздер "табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өздерiне жүктеген мiндеттердi ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану арқылы орындамауы, - ";
бесiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы "не" деген сөзден кейiн "банк заңдарын бұзып, сол сияқты" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 169-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы ", оның келiп түскен күнiн есептемегенде бiр операциялық күннен асырып," деген сөздер алып тасталсын;
19) мынадай мазмұндағы 169-1-баппен толықтырылсын:
"169-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық,
қола және қаржы вексельдерiн шығару
Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару, -
азаматтар мен лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
20) 170-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"170-бап. Банкке немесе банк холдингiне iрi қатысушы
мәртебесiн заңсыз алуға байланысты құқық бұзушылық";
бiрiншi бөлiк "Банкке" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала келісімiнсiз банк холдингi мәртебесiн алу, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
21) мынадай мазмұндағы 170-1-баппен толықтырылсын:
"170-1-бап. Банктердiң заңды тұлғалардың жарғылық
капиталдарына заңсыз қатысуына байланысты
бұзушылықтар
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не иемденiп алуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
22) 171-бапта:
тақырыбы "дер кезiнде" деген сөздердiң алдынан "табыс етпеуге, сол сияқты" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi абзацта:
"дер кезiнде табыс етпеуi" деген сөздер "табыс етпеуi, сол сияқты дер кезiнде табыс етпеуi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"уәкiлеттi мемлекеттік органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 172-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңдарда белгiленген зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртібін бұзуы, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
24) 173-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi мемлекеттік органға есеп-қисапты не сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган сұратқан өзге де ақпаратты дер кезiнде табыс етпеуi, табыс етпеуi не анық емес етiп табыс етуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы "орындамауы," деген сөздерден кейiн "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оны тiркеу үшiн бiрлескен қызмет туралы шартты уәкiлеттi мемлекеттік органға табыс етпеуi не дер кезiнде табыс етпеуi, - " деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұза отырып жүзеге асыруы, ";
жетiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы "лицензиялардың көшiрмесiн лайықты" деген сөздер "тиiсiнше құжаттау, құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"187-бап. Ұлттық және шетелдiк валюта түріндегі қаражатты
шетелден қайтармау, сол сияқты импорттық мәмiлелер
бойынша алынатын тауарды алмау не ақшаны қайтармау
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банктерiнiң шоттарына мiндеттi аударуға жататын ұлттық және шетелдiк валюта түріндегі қаражатты шетелден қайтармау, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаған жағдайда, -
азаматтар мен лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Валюта заңдарында белгiленген мерзiмде импорттық мәмiлелер бойынша оған төленген ақша сомасына баламалы тауарды алмау не ақшаны қайтармау, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
26) 191-бапта:
тақырыбындағы ", сондай-ақ акциялар эмиссиясына ұлттық бiрегейлендiрiлген нөмiр беру үшiн" деген сөздер алып тасталсын;
бiрiншi абзацтағы ", сондай-ақ мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық бiрегейлендiрiлген нөмiр беру үшiн" деген сөздер алып тасталсын;
27) 192-баптың бiрiншi абзацындағы "рыногына кәсiби қатысушыларға" деген сөздер "рыногы субъектiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 193-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы ", бағалы қағаздар эмиссиясына ұлттық бiрегейлендiрiлген нөмiр беру үшiн" деген сөздер алып тасталсын;
29) 194-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Эмитенттiң лауазымды адамдарының облигациялар бойынша сыйақы төлеудiң және (немесе) оларды өтеудiң заңдарда белгiленген тәртібін бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
30) 196-баптың бiрiншi абзацындағы "эмитентiнiң немесе" деген сөздер алып тасталсын;
31) 197-баптың тақырыбы мен мәтiніндегі "орналастыру" деген сөз "орналастыру және өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) мынадай мазмұндағы 197-1-баппен толықтырылсын:
"197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және
бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың
қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.";
33) мынадай мазмұндағы 205-1-баппен толықтырылсын:
"205-1-бап. Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде
қызметтi заңсыз жүзеге асыру
Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заң актілерінде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
34) 206-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы "он процентi" деген сөздерден кейiн ", бiрақ жиырма айлық есептiк көрсеткiштен кем емес" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацы "елу процентi" деген сөздерден кейiн ", бiрақ қырық айлық есептiк көрсеткiштен кем емес" деген сөздермен толықтырылсын;
35) мынадай мазмұндағы 208-1-баппен толықтырылсын:
"208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген)
сомасын төлеуден жалтару
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген берешектi төлеу мерзiмiнен тоқсан күннен асқан берешегi болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға - жүргiзiлген есеп айырысу сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
36) 209-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
екiншi абзацта:
"жеке кәсiпкерлерге және" деген сөздер алып тасталсын;
"заңды тұлғаларға" деген сөздер "жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"төленбеген" деген сөз "үстеп есептелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы "есептелген аванстық төлемдер сомасынан елу" деген сөздер "төленген аванстық төлемдер сомасынан он" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы "есептелген аванстық" деген сөздер "төленген аванстық" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
"6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
ескертудiң 2-тармағындағы "Бiрiншi" деген сөз "Екiншi" деген сөзбен ауыстырылсын;
37) 210-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац "Салық агенттерiнiң" деген сөздерден кейiн "және өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта:
"жеке кәсiпкерлерге" деген сөздерден кейiн ", лауазымды адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
"аударылмаған" деген сөз "ұстап қалмаған" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацы "жеке кәсiпкерлерге" деген сөздерден кейiн ", лауазымды тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
38) 211-бапқа ескерту "салық төлеушi" деген сөздерден кейiн ", сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
39) 213-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы "жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздерден кейін ", заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацы "қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздерден кейiн ", заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
40) 215-баптың екiншi бөлiгi бiрiншi абзацының қазақ тiліндегі мәтiнiнде "төленген" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
41) 217-баптың бiрiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацындағы "төлем құжаттарын (вексельдi қоспағанда), салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн табыс етпей" деген сөздер "төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай" деген сөздермен ауыстырылсын;
42) мынадай мазмұндағы 225-1-баппен толықтырылсын:
"225-1-бап. Электр желiлерi мен жылу желiлерiнiң күзет
аймақтарында жұмыстар жүргiзу
Қарамағында электр және жылу желiлерi бар ұйымдардың келісімiнсiз электр және жылу желiлерiнiң күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды салуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгiнiң тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға салу, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
43) 240-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-
эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу";
бiрiншi және екiншi бөлiктердiң бiрiншi абзацында "және өзге де" деген сөздер ", санитариялық-эпидемиологиялық және" деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 242-баптың бiрiншi абзацы "табиғат қорғау" деген сөздерден кейiн "және санитариялық-эпидемиологиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
45) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"243-бап. Атмосфераға шығарындыларды, сарқынды суды ағызуды
жол берiлетiн шектi нормативтерден асырып жiберу,
не рұқсат алмай ластаушы заттарды шығару, сарқынды
суды ағызу, өндiрiс қалдықтарын орналастыру және