Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісі және оның айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 153-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасындағы «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-1-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-тараудың тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 317-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «бақылауды және» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 568-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «бақылауын» деген сөзден кейін «және қадағалауын» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 634-баптың 2-1-бөлігіндегі «Жеке кәсiпкерлiк туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма екінші абзацында «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
14-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы, 145-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «Жеке кәсiпкерлiк туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
13-баптың 1-тармағының 18) тармақшасындағы, 19-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15,95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Су шаруашылығы құрылыстарының қауiпсiздiгiн меншiктенушілердiң қамтамасыз етуiн бақылауды:
1) су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін сақтауы үшін уәкілетті орган;
2) су шаруашылығы құрылыстарының техникалық жай-күйі үшін өнеркәсіптегі қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
2) 37-баптың 1-тармағының 28) тармақшасындағы, 48-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі, 51-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
17-баптың 38) тармақшасындағы, 119-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат, № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат):
16-баптың 25) тармақшасындағы, 328-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
556-баптың 5 және 7-тармақтарындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):
1) мазмұнында 22-баптың тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 19-баптың 3, 5-тармақтарындағы, 20, 21 және 22-баптардың 3-тармақтарының екінші бөліктеріндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-баптың тақырыбындағы және 1, 2, 3, 4, 5-тармақтарындағы «бақылау», «бақылауға», «бақылаудың», «бақылауды» деген сөздер тиісінше «бақылау мен қадағалау», «бақылауға және қадағалауға», «бақылаудың және қадағалаудың» «бақылауды және қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 62-баптың 10-тармағының екінші бөлігіндегі «бақылауға», 90-баптың 4-тармағының 14) тармақшасындағы «бақылауды», 149-баптағы «бақылауды», «бақылау» деген сөздер тиісінше «қадағалауға», «қадағалауды», «қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
19-баптың 14) тармақшасындағы, 20-1-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат):
1) 1-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
2) 5-баптың бірінші бөлігі, 6-баптың екінші бөлігінің жетінші абзацы «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 9-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «көлiктi бақылау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 25-бапта:
тақырыбы, бірінші бөлігінің бірінші абзацы, екінші бөлігінің 4), 9), 10), 11), 12), 13), 18), 19), 20), 21), 23), 24), 25) тармақшалары, 17) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші бөліктері «бақылау», «бақылауды», «уәкілетті» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалау», «мемлекеттік», «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «қадағалауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 25-1-бапта:
тақырыбы және 1-тармағы «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
62-3-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) оған қатысты тексеру тағайындалған тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтағы «тіркелген» деген сөз алып тасталсын;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда, тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмделедi, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.».
12. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; №9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат):
5-1-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасындағы, 11-1-баптың 2-тармағындағы «Жеке кәсiпкерлiк туралы» деген сөздер «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
11-баптың жиырма екінші абзацындағы, 31-баптың 2-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат):
6-баптың 16) тармақшасындағы, 9-5-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
1) 10-2-баптың 30) тармақшасындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-3-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 10-4-бабында реттелмеген тексерулер мәселелері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.».
16. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-бапта:
екінші абзацтағы «қадағалауды» деген сөз «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;
2) 4-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «қадағалау» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-бапта:
4) тармақшадағы «қадағалауды» деген сөз «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат):
10-2-баптың 10) тармақшасындағы, 41-1-баптағы, 41-2-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
17-1-баптың 2-тармағындағы, 19-баптың он сегізінші абзацындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат):
1) 25-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) мынадай мазмұндағы 25-4-баппен толықтырылсын:
«25-4-бап. Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
20. «Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 7-баптың бесінші абзацындағы «қадағалау» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 3-тармағындағы «мен қадағалау» деген сөздер алып тасталсын.
21. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат):
5-баптың 2-тармағының төртінші абзацындағы «қадағалауды» деген сөз «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын.
22. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар):
1) 2-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын;
2) 5-баптың 9) тармақшасы, 12-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы «бақылау жасау» деген сөздерден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын.
23. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж.,№ 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар):
13-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасындағы, 18-5-баптың 2-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):