3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
4-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, тиісті түрде хабарланған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуі туралы белгі қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
4-2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жазады.
5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
6. Осы бөлікте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін, оның көшірмесі қолхат алынып, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дереу тапсырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 4-2-бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі болса, ол көрсетіледі.
12.07.01 ж. № 240-II; 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр .ред. қара ); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ; 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара);2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 311- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.05.07 № 64-IV (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.04.05. № 156-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08 № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.09.11. № 197-ІV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.12 № 215-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара); 2009.08.12 № 225-IV (бұр. ред. қара); 2010.06.01. № 238-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.21.01. № 242-ІV (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 636-бап өзгертілді
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
1) мыналардың:
iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 86, 86-1, 96, 111-117, 135-1, 136, 143, 147-1 (екінші бөлігі), 159 162, 163, 163-2, 163-3, 163-4, 203, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi бөлiгi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318-321, 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336 (үшiншi бөлiгi), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екінші бөлігі), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 344, 354-1, 355-357, 362, 362-1, 363, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екiншi бөлiгi), 396 (екінші бөлігі), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484, 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);
өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның (229, 314, 317-1 (өрт және жарылыс қауіпсіздігі бөлігінде машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (екінші, үшінші бөліктері) , 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы;
әскери полиция органдарының (512-1 - 512-4-баптар);
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның (124 (бірінші бөлігі), 278 (бірінші бөлігі), 356-баптар);
ветеринария саласындағы уәкілетті органның 317-1-бап (ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың 147-1 (екінші бөлігі), (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-2, 356-баптар);
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының 246 (екінші бөлігі), (283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-1 (үшінші бөлігі), 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 317-1, 356-баптар);
денсаулық сақтау органдарының (87-2, 317-1 (ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 322 (үшінші және төртінші бөліктері), 324, 326-328 -баптар);
мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82, 130-баптар);
туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (158-3, 356, 357-3-баптар);
ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (168-3, 338 (бірінші бөлігі), 338-1-баптар);
өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөніндегі органдардың (308, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың, (309-2 (төртінші бөлігі), 356 (үшінші бөлігі) - баптар);
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
энергетика, және минералды ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның (127, 223, 224, 224-1-баптар);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi) - баптар);
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (231 (екінші бөлігі), 233, 356-баптар);
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртінші және бесінші бөліктері), 163, 222 (бiрiншi бөлiгi), 231(екінші бөлігі), 233, 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 317-1 (тамақ өнімдеріне, ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 323 (екінші бөлігі), 324, 326-328, 356, 362, 494 (екінші бөлігі) - баптар;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (317-1 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 492 (екінші бөлігі), 494 (екінші бөлігі), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктері), 494-2 (екінші бөлігі), 496 (екінші бөлігі) - баптар);
көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 442, 445-баптар);
көлiк бақылау органдарының 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 471 (1-1-бөлігі), 484, баптар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 168-3, 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);
ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның (356-бап);
қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 168-3 (бірінші - төртінші бөліктері), 184, 184-1 (үшінші бөлігі), 190, 192, 194, 200, 202-баптар);
акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдардың (163, 213, 214-баптар);
қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 145, 151, 154, 154-1, 155, 156, 157, 162, 163, 176 (бірінші бөлігі), 179, 179-1, 195, 200, 203, 211, 213, 214, 217, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514-519, 521, 522, 529, 532-535-баптар);
салық қызметі органдарының (154, 155, 156, 157, 168-1, 213, 214, 357-1, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 532-535, 537-1-баптар);
кеден органдарының (140 (екінші бөлігі), 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413-415, 417, 418, 421, 423, 424, 426-430, 432-434-баптар), сондай-ақ осы Кодекстің 323 (екінші бөлігінде), 357-1, 461 (үшінші бөлігінде)- баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
әдiлет органдарының (129, 145, 168-3, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 354-3 356, 357-1, 357-4, 357-6, 376 баптар);
заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың, 87-2, 140 (екінші бөлігі) 192, 193, 196, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 343 (бiрiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 477 (үшiншi бөлiгi), - баптар);
мемлекеттік монополия саласындағы уәкілетті органның (147-1-бабы);
табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (356-бап);
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (153, 356, 357-3-баптар);
техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері) 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 356, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);
мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (223-225 , 225-1-баптар);
индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасағанда), (168-3, 317-1-баптар (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге, ойыншықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (157-1, 158 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 356, 357-1, 357-4, 376-баптар);
қарамағында газ құбыры бар ұйымдардың (226-229-баптар);
атом энергетикасы жөніндегі органдардың (222, 315, 316-баптар, 317-1 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
шекара қызметi органдарының (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394-баптар;
мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі) ;
Республикалық ұланның (388-бап), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (362-1, 388-баптар);
күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің (135-1, 136, 160, 220, 312, 323 (екінші бөлігі), 330, 331, 332, 333, 336, 355, 356-2, 362-1, 368, 369 (екінші бөлігі), 370, 371 (екінші бөлігі), 373, 388, 463 (1-1-бөлігі) 465, 472, 473, 529-баптар);
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (177-3, 177-4, 177-5, 184-1 (бесінші бөлігі), 356-баптар);
мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (87-2, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 396 (екiншi бөлiгi) баптар;
білім беру саласындағы уәкілетті органның (87-2, 311-1 (жетінші бөлігі) 356, 357-1-баптар);
жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 165, 237-1, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктері), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 342, 343, 357-2 (екінші бөлігі), 346-352-баптар);
банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың (155-1 (төртінші бөлігі), 356-баптар);
облыстың жергілікті атқарушы органының 309-4-бап (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктер), 357-2-бап (бірінші бөлік)
медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 85-1 (екінші бөлігі), 85-2 (екінші бөлігі), 322 (бесінші бөлігі)- баптар);
монополияға қарсы органның (147-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;
2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкiлеттi қызметкерлерi ( 158, 168-3 (бірінші - төртінші бөліктері) (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиаттары жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 179, 179-1, 183, 188 (екінші бөлігі) 357-1, 357-5-баптар).
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері уәкілдік берген лауазымды адамдар (514-2-бап).
2. Осы Кодекстiң 543 - 576-8-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап), 477-баптың төртінші бөлігі, 478, 479-баптар, 480-баптың үшінші және төртінші бөліктері, 481-бап (автомобиль көлігінде және электр көлігінде құқық бұзушылық жасағаны үшін);
түзеу мекемелеріндегі немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушының (367-бап);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);
жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.
09.08.02 ж. № 346-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 09.07.04 ж. № 583-II 637-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 637-бап өзгертілді
637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 151, 334-1, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 356-2, 357-3, 366, 375, 381-1 513, 516-1,521-1, 531, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.
2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөніндегі қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара ) ; 2007.09.01. № 213-III ; 2008.04.07 № 55-ІV (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 638-бап өзгертілді
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi ашылғаннан кейiн дереу, монополистік қызметті жүзеге асыру кезінде - тергеу немесе тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін, ал салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы , сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн жасалады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам ашылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
3-1. 240 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде), 261, 265, 304 (екінші бөлігінде)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерін белгілеу талап етілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшері белгіленген кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретінде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының деректері пайдаланылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкін.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 639-бап өзгертілді
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын
жағдайлар
1. Ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса, және осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түріндегі жазаны соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ресімдейді. Айыппұл түрінде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртек беруді соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.