Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау
мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-ІІ Заңы
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 5 қаулысымен осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп табылды
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат):
1) 15-бапта:
он алтыншы абзацта "тыйым салып" деген сөздер ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
он жетiншi абзацта "жағдайда" деген сөзден кейiн ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi абзацтар "тыйым салуға" деген сөздердiң алдынан ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Он алтыншы - жиырма бiрiншi абзацтарда көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.";
2) 17-бапта:
төртiншi бөлiк "ерекше жағдайларда" деген сөздерден кейiн "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Төртiншi бөлiкте көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.".
2. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағындағы "Жедел-iздестiру қызметiн" деген сөздер "Республика Бас Прокурорының келісімi бойынша жедел-iздестiру қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы в-1) тармақшамен толықтырылсын:
"в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары;";
3) 11-баптың 3-тармағының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"- бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;";
4) 12-бапта:
2-тармақтың а), б) және в) тармақшаларындағы "телефонмен және өзге сөйлесулердi тыңдау" деген сөздер "бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгі "Заңмен қорғалатын" деген сөздерден кейiн "жеке өмiрге тиiспеушiлiк," деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ "тыңдауға" деген сөзден кейiн "және жазып алуға" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:
1) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтердi қоспағанда, жедел-iздестiрудi жүргiзу iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;
2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуiнiң заңдылығын тексередi;
3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;
4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды;
5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентінің актілеріне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi;
6) жедел-iздестiру шараларын жүргізу кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы қаулылар шығарады;
7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актілерін шығарады;
8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;
9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.
3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы.".
3. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13, 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; № 10, 244-құжат; № 18, 338-құжат; 2001 ж., № 15-16, 224-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 6, 74-құжат):
1) 100-баптың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Оң қорытынды алғаннан кейiн кеден органдары бұл туралы прокурорға тауарлар жойылғанға дейiн жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Хабарлама алған соң прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау шараларын қолданады.";
2) 140-бапта:
алтыншы бөлiкте "Кеден төлемдерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
жетiншi бөлiкте "Кеден төлемдерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерi" деген редакцияда жазылсын;
3) 207-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасының заң актілері мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауын жүргiзу мақсатында осындай бақылаудан өткiзiлуге тиiстi тауарлар мен көлiк құралдары, кеден бақылауы үшiн қажеттi құжаттар болуы мүмкiн не бақылауы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын кез келген тұлғаның аумақтары мен үй-жайларына, кiруге прокурор санкция беретiн үй-жайларды қоспағанда, тиiстi тәртiппен ресiмделген ұйғарым болған кезде (тiнту және тексеру жүргiзбей) кiруге құқығы бар.";
мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Прокурордың санкциясы талап етiлетiн iс-әрекеттер кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда онсыз, бірақ кейін жиырма төрт сағат ішінде оны жазбаша хабардар ете отырып жүргiзiлуi мүмкiн. Аталған хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.".
4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат):
51-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі "прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздер "прокурордың санкция беруiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат):
1) актiнiң нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кiрiспе алып тасталсын;
3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлыққа" "Жарлықта", "Жарлықты" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңмен", "Заңға", "Заңда", "Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тараулардағы "I-XII" деген цифрлар тиiсiнше "1-12" деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) 2-бапта "Қазақстан Республикасының заңдарымен, халықаралық шарттарымен" деген сөздер "заң актілерімен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-баптың 6) тармақшасы "қалыптастырады" деген сөзден кейiн ", арнайы есепке алуды жүргiзедi," деген сөздермен толықтырылсын;
"құқықтық статистика" деген сөздерден кейiн "және арнайы есепке алу" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 6-бапта:
2-тармақтағы "бөлуге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мiндеттi." деген сөз алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) прокурорлардың қадағалау қызметiн қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қолдануға мiндетті.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бap.";
мынадай мазмұндағы 6-8-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.
7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы.
8. Прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.";
8) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Прокурордың талаптары мен актілеріне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актілерінiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.";
9) 11-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) өз құзыретi шегiнде:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану мәселелерi бойынша; құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;
осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) "Прокуратураның құрметтi қызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртібі туралы Ереженi бекiтедi;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;";
10) 12-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi.";
4-тармақ алып тасталсын;
11) 14-баптың 1-тармағы "Бас Прокуроры" деген сөздерден кейiн "бес жыл мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 15-баптың 1-тармағы "прокуратураларға" деген сөзден кейiн "Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актілері жариялануға тиiс.";
14) 20-бапта:
2-тармақта:
"алдырып тастау," деген сөздерден кейiн "қарау," деген сөзбен толықтырылсын;
"тоқтата тұру туралы," деген сөздерден кейiн "прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы," деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";
15) 21-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшадағы "шетел азаматтарын" деген сөздер "шетелдiктердi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) - 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерді тыңдау мен жазып алуға;
5-2) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарын қоспағанда) банктiк құпиясы бар құжаттарға қол жеткiзуге;
5-3) жеке және заңды тұлғалардың банктердегi ақшасы мен басқа да мүлкiне тыйым салу мен жеке және заңды тұлғалардың банк (корреспонденттiктен басқа) шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға;";
5-4) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға;";
2-тармақ "ресiмдейді" деген сөздiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 23-бапта:
1-тармақтағы "заңды және жеке тұлғалардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Прокурор наразылық келтiрiлген актiнiң күшiн арызды сот қарағанға дейiн өз қаулысымен тоқтата тұруға құқылы.";
17) 24-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда, ұйғарым енгiзiледi. Ұйғарымды нормативтiк құқықтық актiлерге енгізуге болмайды.";
2-тармақтағы "баяндалады" деген сөздер "болуға тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс. Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Ұйғарымға шағымның берiлуi оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұра алады.";
18) 25-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемiнде "Ұсынысты лауазымды адам немесе орган" деген сөздерден кейiн "заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
19) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
"26-1-бап. Прокурордың құқықтық актілерін мәжбүрлеп
орындату шаралары
1. Прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын өз еркiмен орындамаған жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органдарға жiберуге құқылы.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар прокурордың тиiстi қаулысын алған бойда оны орындауға дереу шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Лауазымды адамдар, азаматтар айғақтар беру үшiн прокуратура органдарына келуден бас тартқан жағдайда, прокурор ондай адамды прокуратура органдарына жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы, оны жиырма төрт сағат iшiнде iшкi iстер органдары орындайды.";
20) 27-бапта "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
21) 29-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға және олардан айғақтар алуға;";
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi жөнiнде банктерден жеке және заңды тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мәлiметтердiң жариялануға болмайтын талаптарын сақтай отырып, мәлiметтер алуға;
2-2) жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардан жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырып, олардың нәтижелерi туралы хабар берiп отыруды талап етуге;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қауiпсiздiктi және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн тексерiстi жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тартуға;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) сараптамалар тағайындауға;";
2-тармақта:
3) тармақша "құқық бұзушылық туралы іс жүргізу" деген сөздерден кейiн ", прокурордың талабын мәжбүрлеп орындау, жеткізу (күштеп әкелу)" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы "заңды және жеке тұлғалардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 30-баптың 1-тармағындағы "(кассациялық)" деген сөз алып тасталсын;
23) 33-баптағы "Пленумына" деген сөз "жалпы отырысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 35-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған немесе жүргiзiлiп жатқан iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады, бұған жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарда жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтер қосылмайды;";
4) тармақшадағы "нормативтiк сипаттағы актiлерге" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға санкция бередi;";
26) 41-баптың 6) тармақшасындағы "жеке және" деген сөздер алып тасталсын;
27) 42-баптың 1) және 5) тармақшаларындағы "немесе шешiмге", "немесе шешiмнiң" деген сөздер алып тасталсын;
28) 43-баптың 4) тармақшасындағы ", шаруашылық" деген сөз алып тасталсын;
29) 46-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;";
30) 48-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.";
7-тармақ "болуы керек" деген сөздерден кейiн ", оларға әскери қызмет және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;
31) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi,
әскери атақтары және нысанды киiмi
1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, біліктiлiгiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес мынадай сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi: