633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету
шараларына шағым беру
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.
7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.
37-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 634 -бап өзгертілді
634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен
негiздемесi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) уәкiлеттi лауазымды адамның осы баптың 2-1-бөлігінің ережелерін ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
2-1. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген тексерудің нәтижесі кәсіпкерлік қызмет саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 635-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 635-бап өзгертілді
635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi , сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса беріледі.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
4-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, тиісті түрде хабарланған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуі туралы белгі қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
4-2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жазады.
5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
6. Осы бөлікте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін, оның көшірмесі қолхат алынып, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дереу тапсырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 4-2-бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі болса, ол көрсетіледі.
12.07.01 ж. № 240-II; 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр .ред. қара ); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ; 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара);2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 311- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.05.07 № 64-IV (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.04.05. № 156-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV (бұр.ред.қара) 636-бап өзгертілді ҚР Заңдарымен
2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 357-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
1) мыналардың:
iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 86, 96, 111-117, 135-1, 136, 143, 159 162, 163, 163-2, 163-3, 163-4, 203, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi бөлiгi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318-321, 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336 (үшiншi бөлiгi), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екінші бөлігі), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 344, 354-1, 355-357, 362, 363, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екiншi бөлiгi), 396 (екінші бөлігі), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484, 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);
өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның (229, 314, 317-1 (өрт және жарылыс қауіпсіздігі бөлігінде машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (екінші, үшінші бөліктері) , 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы;
әскери полиция органдарының (512-1 - 512-4-баптар);
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның (124 (бірінші бөлігі), 278 (бірінші бөлігі), 356-баптар);
ветеринария саласындағы уәкілетті органның 317-1-бап (ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының 246 (екінші бөлігі), (283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-1 (үшінші бөлігі), 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 317-1, 356-баптар);
денсаулық сақтау органдарының (87-2, 317-1 (ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 322 (үшінші және төртінші бөліктері), 324, 326-328 -баптар);
мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82, 130-баптар);
туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (158-3, 356, 357-3-баптар);
ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (338 (бірінші бөлігі), 338-1-баптар);
өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөніндегі органдардың (308, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың, (309-2 (төртінші бөлігі), 356 (үшінші бөлігі) - баптар);
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
энергетика, және минералды ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның (127, 223, 224, 224-1-баптар);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi) - баптар);
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (231 (екінші бөлігі), 233, 356-баптар);
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртінші және бесінші бөліктері), 163, 222 (бiрiншi бөлiгi), 231(екінші бөлігі), 233, 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 317-1 (тамақ өнімдеріне, ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 323 (екінші бөлігі), 324, 326-328, 356, 362, 494 (екінші бөлігі) - баптар;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (317-1 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 492 (екінші бөлігі), 494 (екінші бөлігі), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктері), 496 (екінші бөлігі) - баптар);
көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 442, 445-баптар);
көлiк бақылау органдарының 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 471 (1-1-бөлігі), 484, баптар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);
ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның (356-бап);
қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 184, 184-1 (үшінші бөлігі), 190, 192, 194, 200, 202-баптар);
акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдардың (163, 213, 214-баптар);
қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 145, 151, 154, 155, 156, 157, 162, 163, 176 (бірінші бөлігі), 179, 179-1, 195, 200, 203, 211, 213, 214, 217, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514-519, 521, 522, 529, 532-535-баптар);
салық қызметі органдарының (154, 155, 156, 157, 168-1, 213, 214, 357-1, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 532-535-баптар);
кеден органдарының (140 (екiншi бөлiгi), 405 (бiрiншi бөлiгi), 409, 410, 413-415, 417, 418 , 421, 423, 424, 426-430, 432-434 -баптар);
әдiлет органдарының (129, 145, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 354-3 356, 357-1, 357-4, 357-6, 376 баптар);
заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың, 87-2, 140 (екінші бөлігі) 192, 193, 196, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 343 (бiрiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 477 (үшiншi бөлiгi), - баптар);
мемлекеттік монополия саласындағы уәкілетті органның (147-1-бабы);
табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (356-бап);
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (153, 356, 357-3-баптар);
техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері) 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 356, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);
мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (223-225 , 225-1-баптар);
индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасағанда), 317-1-бап (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге, ойыншықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (356, 357-1, 357-4, 376-баптар);
қарамағында газ құбыры бар ұйымдардың (226-229-баптар);
атом энергетикасы жөніндегі органдардың (222, 315, 316-баптар, 317-1 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
шекара қызметi органдарының (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394-баптар;
мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі) ;
Республикалық Ұланның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (388-бап);
күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің (135-1, 136, 160, 220, 312, 323 (екінші бөлігі), 330, 331, 332, 333, 336, 355, 356-2, 368, 369 (екінші бөлігі), 370, 371 (екінші бөлігі), 373, 388, 463 (1-1-бөлігі) 465, 472, 473, 529-баптар);
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (177-3, 177-4, 177-5, 184-1 (бесінші бөлігі), 356-баптар);
мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (87-2, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 396 (екiншi бөлiгi) баптар;
білім беру саласындағы уәкілетті органның (87-2, 311-1 (жетінші бөлігі) 356, 357-1-баптар);
жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 165, 237-1, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктері), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 342, 343, 357-2 (екінші бөлігі), 346-352-баптар);
банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың (155-1 (төртінші бөлігі), 356-баптар);
облыстың жергілікті атқарушы органының 309-4-бап (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктер), 357-2-бап (бірінші бөлік)
медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 85-1 (екінші бөлігі), 85-2 (екінші бөлігі), 322 (бесінші бөлігі)- баптар);
монополияға қарсы органның (147-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;
2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкiлеттi қызметкерлерi ( 158, 179, 179-1, 183, 188 (екінші бөлігі) 357-1, 357-5-баптар).
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері уәкілдік берген лауазымды адамдар (514-2-бап).
2. Осы Кодекстiң 543 - 576-8-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап), 477-баптың төртінші бөлігі, 478, 479-баптар, 480-баптың үшінші және төртінші бөліктері, 481-бап (автомобиль көлігінде және электр көлігінде құқық бұзушылық жасағаны үшін);
түзеу мекемелеріндегі немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушының (367-бап);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);
жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.
09.08.02 ж. № 346-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 09.07.04 ж. № 583-II 637-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 637-бап өзгертілді