биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді;
микроорганизмдердің штамдарын депонирлеуді;
жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті және экзотикалық ауруларын диагностикалауды жүзеге асыру;
19) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-1) тармақша жаңа редакцияда
20-1) пайдаланылмайтын мүлікті өткізу (оның ішінде экспорттау), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, қорғаныс объектілерін жалға беру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждары, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі үшін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алу (оның ішінде импорттау), сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) экспорттау;
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-2) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
21) 2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын орындау;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25) тармақша өзертілді
25) метрополитенді пайдалану (күтіп-ұстау, дамыту), сондай-ақ метрополитенмен жолаушылар мен багаж тасымалын іске асыру;
26) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27) азаматтық қорғаныстың арнаулы инженерлік іс-шараларын орындау;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 28) тармақша өзертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
29) құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
30) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
31) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну саласында жүзеге асырады.
3. Қазыналық кәсіпорындар өз қызметін:
1) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) денсаулық сақтау;
3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) егер олар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ғылыми зерттеулер;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) биологиялық әртүрлілікті және тектік қорды сақтау, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында жануарлар, өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсіруді, сондай-ақ табиғатты (зоологиялық саябақтарды, ботаникалық бақтарды, дендрологиялық саябақтарды) қорғауды, орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
7) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
9) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) сот-сараптама қызметі;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік кәсіпорындарға - табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілеріне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
135-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету
1. Мемлекеттік кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
136-бап. Мүлiктiк кешен ретіндегі мемлекеттік кәсiпорын
1. Мүлiктiк меншiк ретiнде мемлекеттік кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, жабдық, құрал-сайман, шикiзат, өнiм, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлеулерге (фирмалық атауы, тауар таңбалары) құқықтар және басқа да ерекше құқықтар кіреді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты, осы кәсіпорын бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiнде әрекет ететін тұста мәмiлелер (кепiл, жалға алу және басқалары) жасау - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық мемлекеттік кәсiпорынға қатысты жергiлiктi атқарушы органның шешімімен немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.
137-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның заңсыз алған табыстарын алып қою
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
138-бап. Мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жыл сайын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін - тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды.
Қазыналық кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекке ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн - тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгiлейдi.
139-бап. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:
республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының тиісті саланың уәкілетті органымен;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті атқарушы органмен немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.
2. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан бөлек, мемлекеттік кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке аудармағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Заңда көзделген жағдайларда, басшыны тағайындау, басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дара басшылық принципі бойынша әрекет етеді және егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін осы Заңда және мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарын іске асыру нәтижелілігіне және тиімділігіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынның басшысы жауапты болады.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
6. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді, осы Заңда белгіленген шектерде мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды.
Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты басшының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында белгіленеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы орынбасарларының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін басшы белгілейді.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк кәсiпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
140-бап. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қаржыландыру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорынның қызметі өзінің меншікті кірісі есебінен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін олардың өздері айқындайды.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін облыстың жергілікті атқарушы органы белгілейді.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
2-1. 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген нормативтер бойынша бір бөлігі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік кәсіпорындар таза табыстың бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорын тиісті бюджетке таза кірістің бір бөлігін аудару мерзімін бұзған кезде таза кірістің бір бөлігінің мерзімінде төленбеген сомасына мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2,5 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
3-параграф. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын
141-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi болуы мүмкін.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның қарамағында не оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн өзіне қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi болып табылатын мүлiк қана бола алады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 142-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 142-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
142-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың органдары
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның органдары оның басшысы, сондай-ақ осы Заңның 148-бабында көзделген жағдайларда байқау кеңесі немесе құрылуы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге алқалы басқару органдары болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша:
1) атауы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға болып табылатын орган;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
143-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталы
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы айқындайды, бірақ оның мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынға берiлетін мүлiктiң жалпы құнынан аспауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттік тiркеу күнінде белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің он мың еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.