ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне:
193-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «атом энергиясын пайдаланатын объектілер;» деген сөздерден кейін «патогендігі І топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын стационарлық ықтимал қауіпті биологиялық объектілер;» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 283-бапта:
тақырып «ядролық материалдармен» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен тиісті рұқсатсыз жұмыс істеу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
2) 284-бапта:
тақырыптағы «немесе ядролық материалдарды» деген сөздер «, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «немесе ядролық материалдарды» деген сөздер «, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 285-бапта:
тақырып «қағидаларын» деген сөзден кейін «немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген, аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
3. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 40-1), 40-2), 40-3), 40-4) және 40-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«40-1) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
40-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияны беруді жүзеге асырады;
40-3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
40-4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
40-5) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 17-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсету.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияны және лицензияның телнұсқасын беру және қайта ресімдеу, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру, лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі мен шарттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.»;
3) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша;»;
4) 21-бапта:
тақырыптағы «Патогендігі I - IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат» деген сөздер «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган меншік нысанына қарамастан микробиологиялық зертханаларға патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) қорытындысы негізінде береді.»;
2-тармақтағы «Биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ережені және режимдік комиссияның құрамын» деген сөздер «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ережені және оның құрамын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инженерлік, операциялық және техникалық талаптарды (зертхананың биологиялық қауіпсіздік деңгейі) қамтитын зертханалық тежеу шаралары сақталған кезде патогенді биологиялық агенттермен ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік, далалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізуге патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша жұмыста пайдаланылатын патогенді биологиялық агенттердің тәуекел тобына байланысты беріледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын әрбір объектіге (стационарлық немесе мобильді) патогенді биологиялық агенттердің атаулары көрсетіле отырып, патогендік тобы және қауіптілік дәрежесі ескеріліп, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беріледі.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект қызметінің осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беруге негіз болып табылады.
5. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алуға қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не анық емес құжаттар мен мәліметтерді ұсыну;
2) эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы;
3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу негізінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) теріс қорытындысы.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және оған қосымшадан айыруға мыналар негіз болып табылады:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың белгіленген мерзімде жойылмауы;
2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған, адамдардың, жануарлардың саулық жағдайына, өсімдіктер мен қоршаған ортаға қауіпті әсер ететін бұзушылықтың соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде қайта анықталуы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және оған қосымшадан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысын тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және оған қосымшадан айыру;
2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;
3) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы, оның таратылуы;
4) өтініш берушінің патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысын тоқтату туралы өз еркімен жүгінуі;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 30-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
6) 36-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, эпидемиялық мәні жоғары ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың 7) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 45-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «ерекше тәртіп бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 52-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «жоспардан тыс тексеру» деген сөздер «тексерулер» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «жүргізу нысанында жүзеге асырылады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер;
5) тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
9) 94-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды қамтитын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптар ескеріле отырып әзірленеді және қолданылады.»;
10) 95-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «кәдеге жаратуға» деген сөздерден кейін «(жоюға)» деген сөзбен толықтырылсын;
11) 14-тарау мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:
«95-1-бап. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдер коллекциясы
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларын жинау, сәйкестендіру, зерделеу, есепке алу, паспорттау, сақтау (депонирлеу) және күтіп-бағу Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
12) 113-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «тәртіпке сәйкес» деген сөздерден кейін «, биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін және биологиялық тәуекелдерді бағалауға қойылатын талаптарды ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 221-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша қосымша білім беруді білім беру және ғылым ұйымдары, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен кәсіптік өзін-өзі реттейтін ұйымдар жүзеге асырады.».
4. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 1-тармағында:
5) тармақша «талаптарды» деген сөзден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
16) тармақшадағы «халықаралық нормалардың талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негізінде» деген сөздер «фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидалары негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына, халықаралық нормалар мен ұсынымдарға сәйкес биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін ескере отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
3) 12-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның негізінде жүзеге асырылады.».
5. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілеріне және (немесе) диверсияларға, патогенді биологиялық агенттерді бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару ретінде әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және пайдалану үшін биологиялық технологиялар мен өзге де аралас технологияларды қолдануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;».
6. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-3-бапта:
1-тармақ «қауіпсіздігі» деген сөзден кейін «, биологиялық тәуекелдердің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «негізінде» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
7. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 5) тармақшасы «халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді» деген сөздер «халықаралық нормаларды, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 46-28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«46-28) ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 11-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацындағы «сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық» деген сөздер «Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:
«12-3-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша негізінде жүзеге асырылады.»;
5) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
6) 26-баптың 2-тармағы «тәртібі» деген сөзден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып әзірленетін және қолданылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 26-1-баптың 2-тармағындағы «ғылыми деректерге, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ескере отырып анықталатын» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдар, биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі ескеріле отырып анықталатын ғылыми деректерге,» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 33-баптың 3-тармағындағы «сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық» деген сөздер «Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 35-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы «сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекцияларын сақтауға» деген сөздер «Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруды, жүргізуді және күтіп-бағуды қамтамасыз етуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6-2) тармақшасындағы «Микроорганизмдердің депонирленген штаммдарының» деген сөздер «Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы «жөніндегі» деген сөзден кейін «, оның ішінде радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікке байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) Қарулы Күштерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
9. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып реттеледі.»;
2) 4-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу кіреді. Биологиялық қауіпсіздік саласын қозғайтын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шеңберінде ғылыми зерттеулерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу жөніндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметі Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
10. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
134-баптың 2-тармағының 18) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«денсаулық сақтау саласындағы референс-зерттеулерді;
өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы референттік (референс-) зерттеулерді;
патогенді биологиялық агенттермен, оның ішінде аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарымен жұмыс істеуді;»;
төртінші абзацтағы «Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын» деген сөздер «патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы 20) тармақшасындағы «пайдалану болып табылады.» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) биологиялық тәуекелдердің жоғары деңгейі және биологиялық қатерлердің туындауы болып табылады.»;
2) 19-бапта:
1-тармақ 10) тармақшасындағы «іс-қимылға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.» деген сөздер «іс-қимылға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) биологиялық тәуекелдерді бағалауға және биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикаға бағытталған шешiмдерімен және iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.»;
2-тармақ 7) тармақшасындағы «негізсіз шектеуге әкеп соғуға көрiнеу ықпал ететiн шешiмдер қабылдау мен іс-қимылдар жасауға жол берiлмейдi.» деген сөздер «негізсіз шектеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) биологиялық тәуекелдердің деңгейін арттыруға не Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің туындауына алып келуге көрiнеу ықпал ететiн шешiмдер қабылдау мен іс-қимылдар жасауға жол берiлмейдi.»;
3) 24-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «заңнамасы» деген сөз «заңнамасының және Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің төртінші абзацы «жоюмен» деген сөзден кейін «, патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеумен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 41-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға азаматтық қорғаудың патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге және ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің жұмыс істеуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жалпы іс-шаралары туралы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептілік құжаттамасын (ақпаратын) береді.».
13. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тармақша 2024 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-қосымша мынадай мазмұндағы 88-жолмен толықтырылсын:
«
88. | Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензия | | Иеліктен шығарылмай-тын; 1-сынып |
»;
2) 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 120-1-жолмен толықтырылсын:
«
120-1. | Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру | Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша | Иеліктен шығарылмай-тын; мерзімсіз рұқсат |
»;
230-жол алып тасталсын;
352-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
352. | Клиникалық практикаға жіберу немесе фармацевтикалық практикаға жіберу немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға жіберу үшін денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру | Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты | Иеліктен шығарылмай-тын; мерзімсіз рұқсат |
».
14. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
14-тармақтың үшінші - сегізінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақта:
11) тармақшаның сегізінші абзацындағы «қолданыстағы» деген сөз алып тасталсын;
32) тармақша мынадай мазмұндағы елу екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілерін тексеруге қолданылмайды.»;