Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат):
17-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері әскери қызметін «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өткереді.».
2. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;»;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) академиялық оралымдылық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) әскери, арнаулы оқу орындары - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бакалавр - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) бакалавриат -тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;»;
5-1) тармақшадағы «бiлiм берудiң бiлiм беретiн» деген сөздер «білімнің жалпы білім беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) бейіні бойынша доктор - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Болашақ» халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;»;
7-2) тармақшадағы «бiлiм беретiн оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) білім беру - имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;
9-2) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;»;
15) тармақшадағы «бiлiм беру туралы» деген сөздер «бiлiм туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-1), 18) және 18-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1) жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, білім беру мазмұнын өзі дербес айқындау және білім беру қызметін ұйымдастыру құқығын беретін білім беру ұйымы жұмыс істеуінің ерекше режимі;
18) гимназия - білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;»;
«18-4) докторантура - білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) дуальды оқыту - кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;»;
21) және 21-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-1) жоғары колледж - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;»;
21-2) тармақшада:
«мамандықтардың үш және одан да көп тобы» «даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің өз бетінше әзірленген білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21-3) ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;»;
мынадай мазмұндағы 21-4) тармақшамен толықтырылсын:
«21-4) инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) институционалдық аккредиттеу - білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;»;
26-1) тармақшадағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) және 28-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«28) интернатура - клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
28-1) кадет - әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;»;
мынадай мазмұндағы 28-2) тармақшамен толықтырылсын:
«28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары - ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;»;
29-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1) кәсіптік білім - білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;»;
мынадай мазмұндағы 29-2) тармақшамен толықтырылсын:
«29-2) кәсіптік даярлау - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;»;
30) тармақшадағы «білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) кәсіптік практика - болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;»;
35) тармақшадағы «кәсіптік білім берудің», «білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер тиісінше «кәсіптік білімнің», «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) курсант - әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;»;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) қабылдау квотасы - техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;»;
37-2) тармақшадағы «жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
38-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38-1) қолданбалы бакалавриат - білім беру бағдарламалары «қолданбалы бакалавр» біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;»;
мынадай мазмұндағы 38-2) және 38-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-2) қолданбалы бакалавр - орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым - бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;»;
39), 40), 41) және 41-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«39) қосымша білім беру - білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
40) лицей - білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
41) магистр - магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;»;
«41-2) магистратура - білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;»;
мынадай мазмұндағы 41-3) тармақшамен толықтырылсын:
«41-3) маман - адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;»;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;»;
мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2) және 49-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«48-1) оқыту - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
48-2) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы - балаларға және оқушы жастарға тәрбие, білім беру, оларды сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«49-2) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;»;
51-1) тармақшадағы «білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) тармақшадағы «кәсіптік оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
53-1) тармақшадағы «білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
53-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53-2) сынып жетекшілігі - педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелетін функция;»;
мынадай мазмұндағы 53-3), 53-4) және 53-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-3) техникалық және кәсіптік білім беру - білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
53-4) тыңдаушы - білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
53-5) тiрек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;»;
55) тармақшадағы «білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«56) ұлттық бiрыңғай тест - орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмнің бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен бiрiктiрiлетiн, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бiрi;»;
56-2) тармақшада:
«мамандықтардың үш және одан да көп тобы» деген сөздер «даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің өз бетінше әзірленген білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) және 59) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«57) философия докторы (РhD) - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;»;
«59) эксперименттік алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;»;
61) тармақшадағы «арнайы білім беретін оқу бағдарламалары» деген сөздер «мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-бапта:
4) тармақша «әлеуметтiк» деген сөздің алдынан «еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
12) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;»;
«15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;»;
24-1) тармақшадағы «білім берудің кәсіптік білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) тармақшадағы «білім берудің жалпы», «білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер тиісінше «білімнің жалпы», «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;»;
3) 5-бапта:
2-1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;»;
«6) тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ, әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;»;
6-1) тармақша алып тасталсын;
6-3) тармақшадағы «мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм беру туралы» деген сөздер «бiлiм туралы мемлекеттік үлгідегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1) тармақшада:
«бағдарламаларын» деген сөз «білім беру бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«келіседі» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
8), 8-1), 8-1), 8-2), 8-2), 8-3) және 8-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік білімнің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға береді;
8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
8-3) «Алтын белгi» белгiсi туралы ереженi бекiтедi;»;
«8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;
8-6) «Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы» және «Үздiк педагог» атақтарын беру қағидаларын бекiтедi;
8-7) «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекiтедi;»;
8-4) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. 2015 ж. 29 қарашадан 2017 ж. 1 қаңтарға дейін осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 2-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылды
2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылды
«9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;
әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;»;
10) тармақшадағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «білім берудің жалпы», «білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын» деген сөздер тиісінше «білімнің жалпы», «білімнің білім беру бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша «өткiзу» деген сөзден кейін «және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;
12-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;
13) тармақшадағы «кәсіптік оқу бағдарламаларының түрлері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
14-2) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 19-1) 19-2) және 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15-2) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
«19-1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;
20) тармақшадағы «техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері» деген сөздер «кәсіптер» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;
21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2) және 23-3) тармақшалармен толықтырылсын: