ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 76-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 123, 124-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
14-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі»;
66, 67 және 68-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі;»;
3) 14-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері өз міндеттерін орындаған немесе өздеріне заң бойынша берілген құқықтарды іске асырған кезде олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді.
Кәсіпкерлік субъектісі, егер құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру және (немесе) міндеттерін орындау кезінде ол мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіліп берілген құзыреті шегінде берген ресми түсіндірмесін басшылыққа алса, оның ішінде, егер мұндай түсіндірме кейіннен кері қайтарылып алынса, қате деп танылса немесе мазмұны өзгермеген нақ сол бір нормативтік құқықтық актіге қатысты жаңа, мағынасы бойынша өзге түсіндірме берілсе, мұндайда да адал деп есептеледі.
Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актісін шығару салдарларынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
4. Кәсіпкерлік субъектісі жол берген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық тексерулер жүргізу барысында сипатталуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісін куәландыратын дәлелдерді негіздеу және мән-жайларды ашу мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілері ұсынған нақты деректер сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгілегенге дейін анық деп есептеледі.
Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық белгісіздіктері кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына түсіндіріледі.»;
4) 64-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу тәртібін, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
5) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау осы Кодекске және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 66, 67 және 68-баптар алып тасталсын;
7) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттар жасасудың ерекшеліктері
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде осы Кодексте және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген тәртіп қолданылады.»;
8) 82-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал енгізілген немесе реттеу қатаңдатылған кезде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына да, сондай-ақ заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау процесіне де қолданылмайды.
Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралып жатқан заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша осы бапта белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде жүргізілуі мүмкін.»;
9) 109-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «күнтізбелік жиырма бір күн» деген сөздер «күнтізбелік алпыс күн» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі және 37-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын.
3. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 3-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің орнықты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;»;
3) тармақшада:
«органдардың және ведомстволардың» деген сөздер «органдар мен олардың ведомстволарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкімдердің» деген сөз «әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді, реттеушілік саясатты іске асыруға жәрдемдеседі.»;
3) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру;»;
«2-1) заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;
2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын қорытынды беру;
2-3) өз құзыреті шегінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құқықтық ақпараттандыруды, «Е-заңнама» ақпараттық жүйесін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;»;
4) 16-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
2-2) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;»;
5) 18-бапта:
1) тармақшада:
«органдардың, ведомстволардың» деген сөздер «органдар мен олардың ведомстволарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкімдіктер мен әкімдердің» деген сөздер «әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді және олардың күшін жоюды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарында, мәслихаттар мен олардың аппараттарында, әкімдіктерде, әкімдердің аппараттарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында бақылау жасау;»;
4) тармақша алып тасталсын;
6) 19-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «автоматтандырылған» деген сөз «бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу.»;
7) 23-баптың 1-тармағының 4) және 9-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;»;
«9-3) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен жүргізуді қамтамасыз ету;»;
8) 24-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 4-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасы қатысушы» деген сөздер «Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғылыми сараптаманы, халықаралық шарттың жобасын дайындауға қатысқан немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты жасасуға бастамашы болған адамдарды қоспағанда, қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының мазмұнына қарай ғылыми ұйымдар, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын бір немесе бірнеше сарапшы (сараптама комиссиясы), оның ішінде шетелдіктер жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айқындау;»;
2) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысын алу міндетті.»;
3) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдары халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныс енгізген кезде сол бір мезгілде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты енгізеді.
Егер халықаралық шартты іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса, халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсынысқа заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ұсынады.».
5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 19-20, 81-құжат; № 21-22, 86, 91-құжаттар):
134-баптың 2-тармағында:
7-1) тармақшадағы «заңнамалық актілердің жобаларына,» деген сөздер «заңнамалық актілердің жобаларына, ратификациялауға жататын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) заң жобаларына, ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ету;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық дерекқорды, экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу;».