ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 121-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне олардың өтініштері бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең, осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен өзгертілген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген соманы бөліп төлеу ұсынылады.»;
2) 33-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі 7) тармақшадағы «жер учаскесіне талап етілмейді.» деген сөздер «жер учаскесіне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияға құқықты берген кезде талап етілмейді.»;
3) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі.»;
4) 43-бапта:
2-тармақта:
төртінші бөліктегі «жеті» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырмасыншы бөліктегі «бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырма үшінші бөліктегі «бес» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
төртінші бөліктегі «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «он жұмыс күні ішінде айқындайды» деген сөздер «жеті жұмыс күні ішінде айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі «екі айға дейінгі» деген сөздер «он бес жұмыс күніне дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы бекітілген жерге орналастыру жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне бір жұмыс күні ішінде жібереді.»;
үшінші бөліктегі «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының он қорытындысы келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде» деген сөздер «бекітілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының оң қорытындысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «алты» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 44-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елді мекен шегінде объект салу үшін мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін беру, осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерді қоспағанда, мынадай ретпен жүргізіледі:»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды және топографияны жасау;»;
2-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініштің, келісуші органдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, сәулет-жоспарлау тапсырмасының, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың және топографияның, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын тиісті орталық уәкілетті органдар бекітеді.»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, ахуалдық схеманы және топографияны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.»;
жетінші бөлік «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздерден кейін «сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 47-баптың 3-тармағының бесінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 48-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге сәулет және қала құрылысы органдары беретін трассалар схемаларына сәйкес өздеріне меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін жеке және заңды тұлғаларға;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер учаскесін сату немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру жөніндегі сауда-саттықтардың (конкурстардың, аукциондардың) қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Хаттама негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарты орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі жұмыс күні ішінде жасалады.»;
8) 49-1-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтағы «күнтізбелік отыз күнге дейінгі» деген сөздер «он үш жұмыс күніне дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақта:
«үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, ал елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген кезде жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақта:
«бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген кезде жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
9) 94-баптың 2-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы нұсқама жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жер учаскесіне осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құқық ауыртпалығы жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын иеліктен шығару құқықтарын шектемейді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа құқық иеленушіге ауысады.
Нұсқама мерзімі өткеннен кейін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап қою жаңа құқық иеленушіге қойылады.»;
10) 150-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «жеті» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамыр «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
157-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үлгілік жобалар (болған кезде) қолданыла отырып жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Іске асырылуына бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органнан - республикалық бюджеттен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан жергілікті бюджеттен қаржыландырудың растауы жоқ бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге де жол берілмейді.».
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 123, 124-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
13-тараудың 3 параграфының, 158 және 159-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
199-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«199-бап. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама»;
24-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 244-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім»;
25-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 296-1 және 296-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«296-1-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылау нысандары
296-2-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі»;
2) 90-6-бап мынадай мазмұндағы 39-2) және 39-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«39-2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
39-3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторингті жүзеге асырады;»;
3) 100-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 24-9), 24-10), 24-11), 24-12) және 24-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-9) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
24-10) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
24-11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасады;
24-12) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасады;
24-13) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасады;».
4) 13-тараудың 3 параграфы алып тасталсын;
5) 164-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе дербес салық төлеуші болып табылатын (қаржы ұйымдарын қоспағанда) оның филиалы;»;
6) 169-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шағын қуатты табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, тарифі тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданыла отырып бекітілген және тауарларды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері түсініледі.»;
7) 175-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, оның ішінде:
1) тауардың бұрын белгіленген бағасын арттыру арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:
тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;
тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы өзгеріссіз қалса не тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамының өзгеруі болмашы болса;
тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;
2) тауардың бұрын белгіленген бағасын түсірмеу арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:
тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар елеулі түрде төмендесе;
тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін туғызса;
тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етсе, егер бұл баға осындай тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайларында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.»;
8) 192-баптың 1 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет мынадай:
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
4) тиісті тауар нарығында бәсекелестік болмаған не оның даму деңгейі төмен болған;
5) қызметті бұрын құрылған мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
«9. Осы баптың 4-тармағы бірінші және екінші бөліктерінің 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.»;
9) 195-бап 3) тармақшадағы «мониторинг жүргізеді.» деген сөздер «мониторинг;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізеді.»;
10) 199-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«199-бап. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Қосымша уақытша шығындар қажет болған жағдайда мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, нарық субъектісінің өтінішінде хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері міндетті түрде жазылады.