ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2024.01.01. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 61-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-11) тармақшамен толықтырылсын:
«2-11) мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын әзірлеу және бекіту;»;
2) 92-баптың 3-тармағында:
«қатарынан екі жыл» деген сөздер «бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесiнің меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күн жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталған кез деп есептеледі.»;
3) 94-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 92 және 93-баптарында көзделген жағдайларда жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап қою жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін ұсынылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім - бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымсыз пайдалануды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай болып белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім бір жыл болып белгіленеді.»;
төртінші бөліктегі «үшінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 145-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау:
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 145-1-баппен толықтырылсын:
«145-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды аумақтық бөлімшенің жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - бақылау субъектісі) қатысты жүргізеді.
2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаудың немесе ұтымсыз пайдаланудың уақтылы жолын кесу және алдын алу, бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мақсаты бойынша пайдаланбау және (немесе) оларды ұтымсыз пайдалану фактілері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қашықтан зондтау деректері негізінде жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында аумақтық бөлімшенің есепке алуына жатады, ол нөмірленген, тігілген және аумақтық бөлімшенің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жыл сайын ағымдағы жылғы қыркүйек пен қараша аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқау жасалады, ол бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау субъектісіне жіберіледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалмайды.
7. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқауда бұзушылықтың сипаты, оны жою тәртібі, нұсқауды орындау және анықталған бұзушылықты жою арқылы оның орындалуы туралы ақпаратты жіберу мерзімдері көрсетіледі.
8. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқау бақылау субъектісіне қолма-қол табыс етіледі немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында және аумақтық бөлімшенің жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспекторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат арқылы жіберіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқауды алғаны туралы бірінші белгі қойылған күн оны алған күн болып есептеледі.
9. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқауды орындау үшін мерзім оны алған күннен бастап бір жыл болып белгіленеді.
10. Бақылау субъектісі Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқауды орындау мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге анықталған бұзушылықты жою арқылы оның орындалғаны туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
11. Аумақтық бөлімшенің жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары бақылау субъектісінен Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың орындалғаны туралы ақпаратты алғаннан кейін жерді қашықтан зондтау деректерін қолдану арқылы оның анықтығына бақылау жүргізеді.
12. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың белгіленген мерзімде, оның ішінде бақылау субъектісінің оның орындалғаны туралы ақпаратты жібермеуі түрінде орындалмауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.»;
6) 146-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өз құзыреті шегінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалары барлық мемлекеттік органдар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін міндетті.»;
7) 148-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар беруге;».
2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) 1-баптың 57-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 36-баптың 20-2) тармақшасы алып тасталсын.
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 3-баптың 1-тармағының 68-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капитал ұлғайтылмай жүзеге асырылады.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен берілетін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы органның оң қорытындылары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Монополияға қарсы органның қорытындысында мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдерді сақтай отырып, қосалқы мердігерлікке беретін мемлекеттік тапсырманың міндетті көлемі айқындалуы мүмкін.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелердің көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережесі қызметін денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік тапсырмаларға:
1) оны техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша;
2) қоғамдық сананы жаңғырту, этносаралық қатынастар мен ішкі саяси тұрақтылық, шетелдегі отандастар мен ел ішіндегі қандастарды қолдау, қоғамдық даму, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету салаларындағы;
3) аэроғарыш қызметі саласындағы;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
5) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада және паралимпиада комитеттеріне берілетін;
7) мәдениет және туристік қызмет салаларындағы, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы;
8) білім, ғылым салаларындағы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарын медициналық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүйесінің медицина қызметкерлері мен өзге де қызметкерлері үшін оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;
11) кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасының су жолдары мен шлюздерін күтіп-ұстау бойынша;
12) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және дамыту бойынша;
13) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, сондай-ақ геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру бойынша;
14) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу бойынша;
15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру бойынша;
16) елді мекендердің құрылыс салынған аумағындағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу бойынша;
17) жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру бойынша;
18) жалпы мемлекеттік маңызы бар қала құрылысы құжаттарын әзірлеу және жетілдіру бойынша;
19) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында энергия үнемдеу шеңберінде іс-шаралар өткізу және энергия тиімділігін арттыру бойынша;
20) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы;
21) мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды жасау, жаңарту және басып шығару, мемлекеттік геодезиялық желілерді жасау, дамыту және жұмыс жағдайында ұстау, техникалық жобаларды жасау, Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды қалыптастыру және жүргізу, Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын жасау және дамыту бойынша;
22) әлеуметтік-еңбек саласындағы;
23) мұнай және газ конденсатын есепке алу, Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласы өндірістік көрсеткіштерінің диспетчерлік қызметтерін көрсету бойынша;
24) көмірсутектерге және уранға қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы;
25) халықтың көші-қоны саласындағы;
26) мемлекеттік қызметтер көрсету, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісуі бойынша өзге де міндеттерді орындау бойынша тапсырыстар жатқызылуы мүмкін.
Бұл тізбе түпкілікті болып табылады және кеңінен түсіндірілуге жатпайды.
4-2. Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосу үшін осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың өзге мүмкіндігінің болмауы;
2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;
3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында бәсекелестіктің болмауы;
4) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, зияткерлік меншік объектілерінің ерекшелігі мен бірегейлігі.
Мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген белгілерге сай келмейтін тапсырыстарды мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосуға тыйым салынады. Осы тармақты бұза отырып жасалған мәмілелерді мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін.»;
3) 154-3-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге білікті заңды тұлғалар тартылады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
4) 154-4-баптың 3-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдап отыруға, қажет болған жағдайда, білікті заңды тұлғалар тартылады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
5) 155-2-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық және жергілікті концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, білікті заңды тұлғалар тартылады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
6) 155-3-баптың 3-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық және жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыруға, қажет болған жағдайда, білікті заңды тұлғалар тартылады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
7) 176-баптың 1) тармақшасындағы «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды» деген сөздер алып тасталсын;
8) 179-баптың 4-тармағындағы «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды» деген сөздер алып тасталсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
4-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
1) 83-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптардың, реттеуді қатаңдатудың бәсекелес ортаның жай-күйіне әсерін бағалау жүргізіледі.
Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.»;
2) 90-1-бапта:
1-тармақтағы «атқарушы орган, оның ведомствосы» деген сөздер «мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «атқарушы» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 90-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық
Монополияға қарсы органға басшылықты оның бірінші басшысы жүзеге асырады.»;
4) 90-6-бапта:
13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20-2) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады;»;
27) тармақша «ұсыныстарды және» деген сөздерден кейін «мемлекеттік кәсіпорындар,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
29) тармақша «мемлекеттік монополия» деген сөздерден кейін «, арнайы құқық» деген сөздермен толықтырылсын;
39-1) тармақша алып тасталсын;
39-2) және 39-3) тармақшалардағы «және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 39-4) тармақшамен толықтырылсын:
«39-4) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған, экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне осы Кодекстің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады;»;
5) 90-7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған тұлғалар монополияға қарсы органға сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.
Сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім уәжді өтініш алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданады;»;
4-тармақтың 6) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 116-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «мемлекеттік монополия» деген сөздерден кейін «, арнайы құқық» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 7) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 120-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«120-бап. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу
1. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің өтінімдерін қарау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес жария тыңдаулар өткізеді.
2. Монополияға қарсы орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың бағаларына сараптама жүргізеді.
3. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері жазбаша түрде мыналарды:
1) тауарларға мемлекеттік монополия, арнайы құқық енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
2) өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептерін растайтын негіздеуші материалдарды бере отырып, кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға бағалардың алдағы өзгеруі (көтерілуі және (немесе) төмендеуі) және олардың өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептері туралы хабарламаны беруге міндетті.
4. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімі хабарлама немесе ақпарат қарауға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды. Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспауға тиіс.
5. Монополияға қарсы орган хабарламаны немесе ақпаратты қарау барысында осы Кодексте белгіленген мерзімдерде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
6. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде хабарламаны немесе ақпаратты қарау мерзімі мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі тиісті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
7. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін хабарламаны немесе ақпаратты қарауды қайта бастайды.
8. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.»;
8) 168-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «нарық субъектілері)» деген сөздерден кейін «немесе әлеуетті бәсекелестер» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 172-бапта:
2-тармақтағы «бәсекелестiктiң жай-күйiне талдау және бағалау» деген сөздер «бәсекелестiктiң жай-күйiне талдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақ «мемлекеттік монополия» деген сөздерден кейін «, арнайы құқық» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 174-баптың 11) тармақшасындағы «жасау сияқты әрекеттерiне тыйым салынады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) негізгі қуатқа тең қолжетімділік бермеу сияқты әрекеттерiне тыйым салынады.»;
11) 175-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацта түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақшаның төртінші абзацындағы «салыстырмалы» деген сөз «тиісті немесе салыстырмалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 15-тарау мынадай мазмұндағы 176-1-баппен толықтырылсын:
«176-1-бап. Негізгі қуатқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету
1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауары, инфрақұрылым объектісі (бұдан әрі - негізгі қуатты иеленуші) негізгі қуат болып табылады, оларға қол жеткізбей басқа да нарық субъектілері тиісті немесе сабақтас тауар нарығында тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыра алмайды.
2. Нарық субъектісінің тауары, инфрақұрылым объектісі мынадай шарттардың жиынтығы кезінде:
1) технологиялық ерекшеліктерге байланысты тауарды, инфрақұрылым объектісін қайталау мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан орынсыз болса;
2) негізгі қуатты иеленуші тиісті тауарды, инфрақұрылым объектісін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы болса;
3) негізгі қуатты иеленушіде тиісті тауарға, инфрақұрылым объектісіне қолжетімділікті беру мүмкіндігі болса;
4) негізгі қуатты иеленушінің тиісті тауарға, инфрақұрылым объектісіне қол жеткізуден негізсіз бас тартуы бәсекелестікке теріс әсер ететін болса;
5) негізгі қуатты иеленушінің тиісті тауар көлеміне, инфрақұрылым объектісіне қолжетімділік биржалық сауда-саттық арқылы берілмесе, негізгі қуат деп танылады.