ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 84-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 9-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «6-тармағында» деген сөздер «7-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жария кадастрлық карта - Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;»;
12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) жер комиссиясы - облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және қорытындыларды дайындауға арналған алқалы орган;»;
24) тармақша «, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама» деген сөздермен толықтырылсын;
27-1) тармақшадағы «елді мекен» деген сөздер «кент, ауыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1) және 28-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен нысанға сәйкес бастапқы немесе кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын сәйкестендіру құжаты;
28-2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі - жүргізу тәртібі осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;»;
32-1) тармақша алып тасталсын;
3) 14-баптың 1-тармағында:
4-8) және 7-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-8) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«7-2) өтініштің, келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер учаскесін бөліп беру схемасының және жер-кадастрлық жоспардың нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын келісу;»;
16-2) тармақшадағы «жер учаскесіне» деген сөздер «жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын қоспағанда, жер учаскесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-7) тармақшамен толықтырылсын:
«16-7) жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үлгілік тізбесін бекіту;»;
4) 14-1-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «облыстың» деген сөз «осы Кодекстің 44-2-бабында өзгеше көзделмесе, облыстың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
6) және 6-1) тармақшалардағы «ұсыныстары мен», «ұсыныстарын және» деген сөздер алып тасталсын;
21) тармақша алып тасталсын;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы тармақтың 2-2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;»;
мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-2) аудандық маңызы бар қала әкімінің аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;
2-3) облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының облыстық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жер-кадастрлық жоспарды, оның ішінде облыстық маңызы бар қалалардың әкімшілік бағынысына берілген аумақта бекіту;»;
5) 16-баптың 2-тармағында:
1-2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) үлгілік тізбеге сәйкес жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тізбесін бекіту;»;
5-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде және ақпараттық ресурстарда электрондық нысанда орналастыру;»;
6) 17-баптың 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде және ақпараттық ресурстарда электрондық нысанда орналастыру;»;
7) 18-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) үлгілік тізбеге сәйкес жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тізбесін бекіту;»;
5-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде және ақпараттық ресурстарда электрондық нысанда орналастыру;»;
8) 19-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қала әкімінің құзыретіне үлгілік тізбеге сәйкес жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тізбесін бекіту де жатады.»;
9) 37-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Уақытша өтеулі» деген сөздер «Осы баптың 2-2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, уақытша өтеулі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жалға берушіні» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Өз міндеттерін тиісінше орындаған, республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қала шегінде орналасқан жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалдаушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 44-2-бабы 4-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда осы Кодекстің 44-2-бабында көзделген тәртіппен жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар.»;
10) 43-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «44-1-бабында көзделген жағдайды» деген сөздер «44-1 және 44-2-баптарында көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылып, «сондай-ақ» деген сөзден кейін «осы Кодекстің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін алдын ала таңдау;»;
6) тармақшадағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала,» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының және» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «елді мекен» деген сөздер «кент, ауыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Елді мекен» деген сөздер «Кент, ауыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскесіне құқық беру тәртібі осы Кодекстің 44-2-бабында реттеледі.»;
екінші бөліктегі «43-1, 44 және 45-баптарына» деген сөздер «43-1 және 44-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
1-2-тармақ алып тасталсын;
1-3-тармақтағы «45» деген цифрлар «44-2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың,» деген сөздер «облыстық маңызы бар қалалардың (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақта), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жерлерінде қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскесін беру туралы шешім осы Кодекстің 44-2-бабында көрсетілген тәртіппен қабылданады.»;
бесінші бөліктегі «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала,» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының және» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктің бірінші абзацындағы және 2) тармақшасындағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацы «облыстық маңызы бар қала» деген сөздерден кейін «(оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта)» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөліктегі «республикалық маңызы бар қалалар, астана» деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы бөліктегі «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші бөліктегі «алтыншы бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында, жетінші бөлігінің 1) тармақшасында және сегізінші» деген сөздер «жетінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында, сегізінші бөлігінің 1) тармақшасында және тоғызыншы» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші және он тоғызыншы бөліктердегі «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырмасыншы бөлікте:
«республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш беруші жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде жерге орналастыру жобасын дайындайды. Жерге орналастыру жобасының құрамында берілетін жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері, жер учаскесінің аралас меншік иелері және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.»;
мынадай мазмұндағы жиырма төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға өтелуге (орнын толтыруға) жататын залалдардың, алып қойылатын алқаптардың түріне қарай ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының есеп-қисаптары қоса беріледі.»;
2-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «44 және 45-баптарында» деген сөздер «44-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктердегі «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздер «облыстық маңызы бар қалалардың (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақта), аудандардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы қалаларда орналасқан жер учаскесін қоспағанда, объект салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін алдын ала таңдау жүргізіледі. Объект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер учаскесін таңдау нәтижелерін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның уәкілетті органы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімдейді.
Жер учаскесін таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес қарау және қорытындыны дайындау үшін кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні жер комиссиясына жібере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
сегізінші бөлікте:
екінші абзацтағы «осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацтағы «6-тармағында» деген сөздер «7-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықтарда (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себепті осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органы, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.»;
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала,» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының,» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскелерін беру жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін жағдайларда төмен тұрған жергілікті атқарушы орган, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жерге орналастыру жобасын осындай берудің мүмкін екендігі туралы өз шешімімен бірге жоғары тұрған жергілікті атқарушы органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жібереді.
Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның уәкілетті органы бекітілген жерге орналастыру жобасын облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органына, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне бір жұмыс күні ішінде жібереді.»;
төртінші бөліктегі «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала,» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының,» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1-тармақта:
бірінші абзацтағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала,» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының және» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жер учаскесінің орналасқан жері;»;
8-тармақтағы «беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация» деген сөздер «беру» деген сөзбен, «асырады» деген сөз «асырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскесін қоспағанда, мынадай құжаттар:»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты болып табылады.»;
10-тармақтың бірінші бөлігіндегі «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала,» деген сөздер «облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының және» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
екінші бөліктегі «45-баптарында» деген сөздер «44-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 43-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жер учаскесіне құқық беруді шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурстарда жүзеге асыру қажеттілігі себепті мұндай беруден бас тартылған жағдайда, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы сұралып отырған жер учаскесі бойынша конкурстарды жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.»;
12) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Жер учаскелерін сұралып отырған нысаналы мақсатына қарай берудің ерекшеліктері мен шарттары
1. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде учаскелердің орналасқан жеріне және сұралып отырған нысаналы мақсатына қарай жүзеге асырады.
2. Ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларын және (немесе) тіреуіштерді салу үшін жер учаскесін сұрау осы Кодекстің 44-1 және 44-2-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін сұрау осы Кодекстің 44-1 және 44-2-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мұнай мен газды мұнай құбыржолдарымен тасымалдауға, кейіннен сақтауға және көліктің басқа түрлеріне ауыстырып тиеуге байланысты мұнай-газ көлік инфрақұрылымы объектілерін салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін таңдау актісі мен жерге орналастыру жобасы магистральдық құбыржол саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органмен де келісіледі.
5. Ғибадат үйін (құрылысжайын) салу үшін жер учаскесін беру оның құрылысы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі.
6. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі.
Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнаулы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.
Арнаулы есепке қою кезінде азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі, олар туралы мәліметтер Мемлекеттік корпорациядан сұратылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратты кемінде тоқсанында бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен осы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
7. Құрылыс объектісін орналастыру үшін таңдалған аумақта бұзылуға немесе көшірілуге тиіс (оның ішінде жерді бөліп беру кезінде өнеркәсіп орындарының санитариялық-қорғау аймағына кіретін) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылысжайлар, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар, жасыл екпелер мен басқа өсімдіктер орналасқан жағдайда, өтініш беруші немесе оның сенім білдірген адамы жер учаскесін бөліп беру үшін талап етілетін келісулерді өзі дербес қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші жылжымайтын мүліктің меншік иелерінің әрқайсысымен жасалған меншік иесіне шығындарды өтеу талаптары туралы шартты қосымша ұсынады.
Шартта бар құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, жасыл екпелерді басқа жерге ауыстырудың, көшірудің нақты шарттары мен мерзімдері, құрылыс жүргізушінің жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелері көрсетіледі.
8. Су объектісінің жағалау жиегінен бес жүз метр шегінде орналасқан жер учаскелерін беру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерін қоспағанда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары айқындалғаннан, сондай-ақ олардың шаруашылық пайдаланылу режимі белгіленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Жағалау жиегін айқындау тәртібі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган бекіткен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларында айқындалады.