Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне сәйкес, оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.»;
2) 12-бап мынадай мазмұндағы 32-1) және 43-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;»;
«43-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
3) 43-бапта:
7-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация беретін мынадай құжаттар:»;
4) 44-1-бапта:
2-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация қалалар мен аудандардың жер-кадастрлық схемаларын интернет-ресурста деректерді апта сайын жаңартып отыру кезеңділігімен орналастыруға міндетті.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер учаскелерiне жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы белгіленген үлгідегі өтiнiшті бередi. Бұл ретте өтінішке міндетті түрде өтініштің қабылданған күні бойынша тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын хабарлама беріледі, онда келісу үшін жер учаскесін таңдау актісі алынған күн көрсетіледі.»;
4-тармақтың бірінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындайды және оны келісу үшін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.»;
«Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған учаске жөніндегі мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстарға смета қоса беріледі.
Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жібереді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі түпкілікті таңдау актісін өтініш берушімен «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу арқылы келіседі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қол қойылған материалдар жер-кадастрлық жоспар дайындау үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға келіп түседі.»;
8-тармақтың төртінші, бесінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде жер-кадастрлық жоспар сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация жаңа жер-кадастрлық жоспарды бермейдi, ал жер-кадастрлық кітап пен жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы қол қойған уақытша жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушіге қол қою үшін жіберіледі.»;
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі жер-кадастрлық жоспармен қоса және уақытша жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жіберіледі.»;
5) 49-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.»;
6) 148-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «тиісті органдарға» деген сөздерден кейін «немесе Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «жер пайдаланушыларға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 152-баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;
8) 153-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «электрондық түрде» деген сөздер «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты қызметке:»;
9) 158-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, Мемлекеттік корпорация және лауазымды адамдар жер-кадастрлық құжаттамаға енгiзiлетiн мәлiметтердiң анықтығын қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
10) 162-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.».
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжаттар; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 68-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушілер (салық агенттері), қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін қағаз жеткізгіште «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынуға құқылы;»;
2) 71-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мониторингтеуге жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімі өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады.»;
3) 72-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеуші (салық агенті) осы бапқа сәйкес салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту үшін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жібереді.»;
4) 76-баптың 2-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушілер (салық агенттері) салықтық өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынуға құқылы.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.»;
5) 156-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;»;
6) 406-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:»;
«Құқықтарын мемлекеттiк тiркеу ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан кейiн жүргiзiлген, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган осындай тiркелген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептеген осындай объектiнiң құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж бойынша салық базасы болып табылады:»;
«Құқықтарын мемлекеттiк тiркеу ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан кейiн жүргiзiлген, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган мұндай тiркеу жылынан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын құн тұрғынжайдың жаңадан салынған салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж бойынша салық базасы болып табылады:»;
6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілейді.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.»;
«8. Тұрғын үйдiң салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж тұрғынжайдың бiр бөлiгi болып табылған жағдайда, салық базасы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектiлерiнiң жиынтық құны ретiнде айқындалады.»;
7) 557-баптың 3-тармағы 11) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға береді.»;
8) 584-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта бойынша немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы:
салық есептілігі үшін - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;»;
9) 598-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдары ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаттары үшін - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сұрау салуды беруге құқылы.».
4. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат):
11-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында, халықаралық пошта алмасу орындарында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.».
5. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат):
1) 188-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады не ол «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасының тұрғылықты жерi олардың заңды мекенжайына сәйкес айқындалады.»;
2) 190-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес беріледі.».
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):