ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2019.02.04. берілген өзгерістермен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар):
1) 285-2-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін:
оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын күтіп-ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; кепілдік міндеттемелерді қолдау бағыттары бойынша қаржыландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуы кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндіруші ұсынған жеңілдіктерді қаржыландыру арқылы ынталандыруға берілетін төлемақы түрінде жібереді.
Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларында:
қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;
экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;
экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптар;
пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжатты ұсынған кезде Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға өндіруші ұсынған жеңілдіктердің мөлшерін айқындау шарттары, оның ішінде тәртібі және қаржыландыру тәртібі белгіленеді;»;
2) 285-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжаттарды беру;
10-2) пайдаланудан шығып қалған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын сатып алуға жеңілдіктер алу құқығын көздейтін құжаттарды беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;».
2-тармақ 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14,72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы);
1) 248-бап мынадай мазмұндағы 28) және 29) тармақшалармен толықтырылсын:
«28) 2016 жылғы 1 қарашаға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде еркін қойма аумағында шығарылған және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін көлік құралдарын;
29) бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
тауар индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілсе;
осындай тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның растауы болса, 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін тауарды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Растау нысанын индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
2) 255-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) 2016 жылғы 1 қарашаға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде еркін қойма аумағында шығарылған және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін көлік құралының құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар;
17) егер мұндай шикізат және (немесе) материалдар 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылса, осы Кодекстің 248-бабының 29) тармақшасында көзделген тізбеге енгізілген, еркін қойма аумағында өндірілген тауар құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.»;
3) 276-15-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «7) - 13)» деген цифрлардан кейін «, 16), 17)» деген цифрлармен толықтырылсын.
3. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
301-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлар оларды нысаналы пайдалану тоқтатылған кезге дейін шартты түрде шығарылған болып есептеледі.
Мерзімдерін қоса алғанда, осындай тауарларды нысаналы пайдалануды тану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының индустрия және индустриялық-инновациялық даму және өнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы уәкілетті органдары айқындайды.».
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 163, 164, 166, 167 және 714-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«163-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік
164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу»;
«166-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерді бұзуы
167-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы»;
«714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган»;
2) 44-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «және реттелетiн нарықтар» деген сөздер алып тасталсын;
3) 62-баптың екінші бөлігіндегі «және реттелетiн нарықтар» деген сөздер алып тасталсын;
4) 163-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«163-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік
1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік -
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
5) 164-бапта:
тақырыптағы «және реттелетiн нарықтар» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктегі «салаларындағы және реттелетін нарықтардағы» деген сөздер «салаларында» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «және реттелетiн нарықтар» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «салаларындағы және реттелетін нарықтардағы» деген сөздер «салаларында» деген сөзбен ауыстырылып, «және реттелетiн нарықтар» деген сөздер алып тасталсын;
6) 166-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«166-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерді бұзуы
1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген мерзімдерде бермеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты беруі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің бағалардың алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланып отырған бағаны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін төмендетпеуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) деп:
1) осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсiмi) мен көтерілгенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган деңгейiн айқындаған баға бойынша есептелген кірістің (түсiмнің) арасындағы айырма;
2) осы баптың үшінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған кірісі (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;
3) осы баптың төртінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсімі) мен шекті баға деңгейін негізге ала отырып қалыптастырылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма түсiнiледi.
2. Кіріс (түсiм) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны да енгiзілуі керек.»;
7) 167-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«167-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы
Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы -»;
8) 168-баптың бірінші абзацындағы «салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы» деген сөздер «салаларында» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 463-баптың ескертпесіндегі «және реттелетін нарықтар» деген сөздер алып тасталсын;
10) 714-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
1. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
11) 804-баптың бірінші бөлігінің 35) тармақшасындағы «және реттелетiн нарықтарда» деген сөздер алып тасталсын;
12) 806-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін (әрекетсіздігін) жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады.».
5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат):
1) мазмұнында:
88-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың, 90-1, 90-2, 90-3, 90-4, 90-5, 90-6, 90-7 және 90-8-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Монополияға қарсы орган және оның өкілеттіктері
90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі
90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері
90-3-бап. Монополияға қарсы органның ведомствосына басшылық
90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы
90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы
90-6-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті
90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары
90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету»;
мынадай мазмұндағы 120-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«120-1-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тараудың, 124-5, 124-6, 124-7, 124-8 және 124-9-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«11-1-тарау. Қоғамдық маңызы бар нарықтар
124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар
124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті
124-7-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау
124-8-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттері
124-9-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары мен міндеттері»;
194-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«194-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), келiсiмдерi»;
мынадай мазмұндағы 195-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«195-1-бап. Монополияға қарсы комплаенс»;
19-тараудың, 212, 213, 214 және 215-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
229-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын тексеру»;
мынадай мазмұндағы 295-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«295-1-бап. Арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу және бұзу»;
2) 88-бап алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Монополияға қарсы орган және оның өкілеттіктері
90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі
1. Монополияға қарсы органның біртұтас жүйесін орталық атқарушы орган, оның ведомствосы және оған бағынысты аумақтық бөлімшелер құрайды.
2. Аумақтық бөлімшелер өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктері және орталық атқарушы орган бекіткен ереже шегінде жүзеге асырады.
90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері
Монополияға қарсы органның міндеттері:
1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
3) экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау;
4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады.
90-3-бап. Монополияға қарсы органның ведомствосына басшылық
Монополияға қарсы органның ведомствосына басшылықты ведомствоның бірінші басшысы жүзеге асырады.
90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы
1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде монополияға қарсы орган халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарламалар, ақпарат беру туралы сұрау салулар жіберу, консультациялар жүргiзу, тергеп-тексерулер туралы хабардар ету арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.