Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; №5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; №19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; №24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; №17, 79, 80, 82-құжаттар; №18, 84, 86-құжаттар; №19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; №8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; №2, 10, 11-құжаттар; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 221-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«221-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу»;
312-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
313-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу»;
355-баптың тақырыбындағы «органдарының», «қызметінің», «полициясының», «органының» және «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер тиісінше «органдары», «қызметі», «полиция», «органы» және «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
504-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«504-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік)»;
544-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 544-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«544-1-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган»;
553 және 553-1-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 221-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi қағидаларды бұзу
1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегі белгiленген қағидаларды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқпаса -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк, субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 221-1-баппен толықтырылсын:
«221-1-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргiзу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптамалық қорытындылар беру, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу, қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң мамандарын, жұмыскерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі немесе Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптамалық қорытындылар беру, бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу - аттестатталған ұйымға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестатта көрсетілген, орындалатын жұмыстар бейінінің сәйкес келмеуі - аттестаттан айыра отырып, аттестатталған ұйымға айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«312-бап. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қойма үй-жайларында, жатақханаларда және тұрғын үйлерде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiнде өрт қауiпсiздiгi қағидаларында, техникалық регламенттерде, құрылыс нормалары мен қағидаларында, мемлекеттiк стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы құрал-сайманды, жабдықты, өрттi табу мен сөндірудің автоматты құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау қағидаларын бұзу немесе орындамау -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 312-1-бап алып тасталсын;
6) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу
Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян және (немесе) жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі көлемде нұқсан келтіруге әкеп соқпаса -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің отыздан елуге дейiнгi мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен бір жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстің осы бабына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кездегі бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома ірі көлемдегі нұқсан деп танылады.»;
7) 355-бапта:
тақырыбындағы «органдарының», «қызметiнiң», «полициясының» «органының» және «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер тиісінше «органдары», «қызметі», «полиция», «органы» және «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «органдарының», «қызметiнiң», «полицияның» «органының» және «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер тиісінше «органдары», «қызметі», «полиция», «органы» және «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «, қаржы және әскери полиция органдарының», «қызметiнiң», «органының» және «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер тиісінше «органдары, қаржы және әскери полиция», «қызметі», «органы» және «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 504-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«504-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік)
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) -
азаматтарға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «312-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
10) 544-бап алып тасталсын;
11) мынадай мазмұндағы 544-1-баппен толықтырылсын:
«544-1-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
осы Кодекстің 231 (бірінші бөлігінде), 249, 277, 284, 312, 313, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 460-баптарында көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы;
осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
осы Кодекстің 504-бабында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
4. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.»;
12) 553 және 553-1-баптар алып тасталсын;
13) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 561-баптың бірінші бөлігі «124 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «221 (бөгеттердің қауіпсіздігі бөлігінде), 221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігі бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (225-1 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 226 (үшінші - бесінші бөліктері), 228, 229, 231 (екінші бөлігі), 233, 314, 317-1 (өрт және жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 355, 356-баптар);»;
жиырма төртінші абзац алып тасталсын;
елу бірінші абзацтағы «312,» деген цифрлар алып тасталсын.
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
1) мазмұнында:
64-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 65-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің орман қорын күзетуге қатысуы»;
66-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдардың орман қорын күзетуге қатысуы»;
2) 15-баптың 5) тармақшасындағы «заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң» деген сөздер «заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 64-бап алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:
«65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің орман қорын күзетуге қатысуы
Мемлекеттік өртке қарсы қызметті ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның уәкілетті органмен және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған келісімімен регламенттеледі.»;
5) 66-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерiнiң», «мен сөндіруге қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерi» және «Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерiн құру мен олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер тиісінше «Өртке қарсы ерікті құралымдардың», «және оларды сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдар» және «Өртке қарсы ерікті құралымдарды құру және олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 68-баптың үшінші бөлігіндегі «қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерін» деген сөздер «өртке қарсы ерікті құралымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат):
1) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) бөгет - судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;
4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау - заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті органның ресми тануы;
4-3) бөгеттің қауіпсіздігі - бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;»;
2) 10-баптың 1, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
2) тармақшаның екінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы жүйелерiн басқару, сумен жабдықтау және су бұру, бөгеттердің қауіпсіздігі, гидромелиорациялық жұмыстарды жүргiзу саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.»;
«4. Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жерасты сулары мен жерасты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және осы Кодекстiң 66-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласындағы, азаматтық қорғау туралы тиiстi заңнамасымен реттеледi.
2) тармақшаның төртінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Бөгеттердің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді қоспағанда, су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.»;
3) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Су шаруашылығы құрылыстары меншiк иелерінің жауапкершiлiгi
1. Су шаруашылығы құрылыстарының меншiк иелері су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимінің, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуы үшiн жауапты болады.
2. Меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 36-бап мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2) және 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
19-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
19-3) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;»;
5) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2), 28-3) және 28-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;
28-2) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;