ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
316-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау
1. Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Жануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) екі және одан да көп жануарға қатысты жасалған;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) бірнеше рет;
4) жас балалардың көзінше;
5) жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
191-бапта:
екінші бөлік «315 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «316 (үшінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
он алтыншы бөлік «316» деген цифрлардан кейін «(бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағының 160) тармақшасындағы «зертханалық» деген сөз «эксперименттік (зертханалық)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 227-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «адамдарға және» деген сөздерден кейін «эксперименттік (зертханалық)» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 2-2-тармағындағы «иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын» деген сөздер «үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
40-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) жануарларды тасымалдау;».
6. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-бапта:
1-тармақта:
4-3) тармақшадағы «иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын» деген сөздер «үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-9) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;»;
1-1-тармақта:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;»;
27) тармақшадағы «иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын» деген сөздер «үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;».
7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
134-баптың 2-тармағы 18) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 30 желтоқсан
№ 98-VII