ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
57-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жұмыскер келісімшарт бойынша əскери қызметке, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген кезде жұмыскер тиісті құжатты үш күн мерзімнен кешіктірмей көрсеткен күннен бастап тоқтатылуға жатады.».
2. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1-6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-7), 1-8), 1-9), 1-10) жəне 1-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-7) əскери жолаушылар - əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының тізбесімен айқындалған адамдар;
1-8) əскери жүктер - уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен тасымалданатын қару-жарақтың, əскери техниканың, оқ-дəрінің жəне басқа да материалдық-техникалық мүліктің барлық түрі;
1-9) əскери тариф - əскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға қолданылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бекітілетін тариф;
1-10) əскери тасымалдар - уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылар орындайтын, əскерлерді, əскери жүктерді жəне əскери жолаушыларды тасымалдау;
1-11) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) - жүкті межелі пунктке дейін жеткізу үшін аралас тасымалдар операторының жүкті өз иелігіне қабылдағанын куəландыратын құжат;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уəкілетті мемлекеттік орган меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың əскери тасымалдарды орындау жəне ресімдеу қағидаларын, оның ішінде көлік түрлеріне əскери тарифтерді қолдану тəртібін əзірлейді жəне бекітеді.»;
3) 10-бап мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Əскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға əскери тарифтер қолданылады, ал əскери жүктерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тасымалдауға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес тарифтер қолданылады.
Əскери жолаушыларды жəне багажбен жəне жүк-багажбен тасымалданатын əскери жүктерді көлік түрлерінде тасымалдау жолаушыларды, багажды жəне жүк-багажды тасымалдауға қолданылатын тарифтер бойынша орындалады.».
3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 2-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; 2017 жылғы 20 сəуірде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 18 сəуірдегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы):
1) 8-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін ұйымдастыру жəне оларға жүктелген міндеттерді іске асыру мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;»;
2) 12-бапта:
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті жəне жауынгерлік қызметті ұйымдастыруға жəне атқаруға;»;
мынадай мазмұндағы 20-2) жəне 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын психологиялық-əлеуметтік қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;»;
«22-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау жəне ілгерілету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;»;
3) 13-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен - бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардан, əскери құралымдардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз жəне коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;»;
4) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық қауіпсіздік органдарының əскери қызметшілері əскери қызметін «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес өткереді.».
4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 жылғы 20 сəуірде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 18 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жəне əскери қызметшілер қатысатын тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.»;
2) 13-баптың 8-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе əскери қызметшісінің отбасы мүшелері, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, əскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;»;
3) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, осы Заңның 98-1 жəне 99-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi.»;
4) 77-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімі негізінде беріледі.
Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй комиссиялары қызметінің тəртібін уəкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.»;
5) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«99-бап. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан əскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғынжайлардың құқықтық режимі
1. Тұрғын үйге мұқтаж əскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі əскери қызмешілерді, курсанттар мен кадеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшілерін қоспағанда) мен олардың отбасы мүшелері - зайыбы (жұбайы); ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың біреуінің кəмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында білім алатын жиырма үш жасқа толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары жəне жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедек болған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедек балалары жəне жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; əскери қызметшінің асырауындағы ата-анасы - əскери қызмет өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
Əскери қызметші (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа) мен оның отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғынжай осы Заңда белгіленген мөлшерде беріледі.
Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж əскери қызметшіге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда), ал осы Заңда көзделген жағдайларда оның отбасы мүшелеріне олардың баянаты (өтініші) бойынша Əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі əскери қызметшілерінің (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден басқа) тұрғынжайға құқығын іске асыру осы Заңның 13-1-тарауында көзделген тəртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғынжаймен қамтамасыз етілген əскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден басқа) оны осы Заңда көзделген тəртіппен жекешелендіреді.
3. Əскери қызметшінің жəне онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғын жайы болмаған жағдайда, əскери қызметші тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбелер бойынша əскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы жəне өзге де жабық объектілердегі тұрғынжайларды күтіп-ұстау жəне орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.
5. Əскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшілердің (қаза табуы (қайтыс болуы) əскери қызметші құқыққа қайшы əрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы не өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дəлелденген жағдайлардан басқа кезде) отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғын үй берілмейінше, тұрып жатқан тұрғынжайларынан шығарылмайды. Тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін оларға Əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
6. Шетелге əскери қызмет өткеру үшін жіберілген əскери қызметшінің тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайы шетелде болатын барлық уақытына сақталады.»;
6) 101-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
7) 101-1-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған кезде қызметтен шығарылған күнге төленген айырма шегеріле отырып, өздерін тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтің бүкіл кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.»;
8) 101-8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызмет өткеру кезінде қаза тапқан қызметкерінің отбасына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдері шегеріле отырып, мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның ресми сайтында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес, қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейтілген, ол қаза тапқан кездегі отбасы құрамына пайдалы алаң нормасы сəйкес келетін сатып алу құнына тең мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.».
5. «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) əскери мақсаттағы жұмыстар - заттай нəтижесі бар, қорғаныс объектілерін жəне əскери мүлікті салуға, күрделі жөндеуге жəне жаңғыртуға, жаңа қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық жəне геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауға байланысты қызмет, сондай-ақ əскери мүлікке немесе мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми-зерттеу, тəжірибелік- конструкторлық жəне басқа да жұмыстар;
2) əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан əрі - жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау жəне əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету мүмкіндіктері бар заңды тұлға;
3) əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер - заттай нəтижесі жоқ, пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін сынауға, пайдалануға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюға байланысты қызмет, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми жəне өзге де қызмет;
4) əскери мақсаттағы тауарлар (өнім) - қару-жарақ, əскери жəне арнайы техника, оқ-дəрі, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдық, сондай-ақ оларға жинақтауыштар;
5) əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндіруші (бұдан əрі - отандық тауар өндіруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жəне неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) дайындау үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға;
6) қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс беруші (бұдан əрі - мемлекеттік тапсырыс беруші) - əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді əзірлеуге, зерттеуге, өндіруге, беруге арналған тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
7) қорғаныстық тапсырысты басты орындаушылар (бұдан əрі - басты орындаушылар) - қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар жəне уəкілетті ұйым;
8) қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар (бұдан əрі - операторлар) - қорғаныстық тапсырысты орындау немесе қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар;
9) қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан əрі - орындаушы) - оператормен, уəкілетті ұйыммен жəне (немесе) мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк тапсырыс берушiлер əскери мақсаттағы тауарлар (өнім) ретiнде пайдалануы не кейiннен бейiнін өзгертіп пайдалануы мүмкін өнiм мен технологиялар;
11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан əрі - қорғаныстық тапсырыс) - қорғаныс мұқтажы, мемлекеттегі əскери қауіпсіздікті жəне құқықтық тəртіпті, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесі (номенклатурасы) мен көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;
12) уəкілетті орган - қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) уəкілетті ұйым - əскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде отандық тауар өндірушілер жəне жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.»;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Қорғаныстық тапсырыстың құрамы
1. Қорғаныстық тапсырыстың құрамына:
1) қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықты өндіру жəне беру;
2) мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулер, мемлекеттік тапсырыс берушілердің жарақтандыруындағы қару-жарақтың, əскери жəне арнайы техниканың, техникалық құралдардың, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықтың тəжірибелік үлгілерін əзірлеу, оларды жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
3) қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықты жөндеу, жаңғырту жəне оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету;
4) пайдаланылмайтын əскери мүлікті қатерсіздендіру;
5) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, сондай-ақ оларға жинақтауыштарды кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою, қайта өңдеу, өткізу;
6) əскери, арнайы объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасын əзірлеу, оларды салу жəне жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп-ұстау жəне пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін əскери жəне арнаулы киім нысанын, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын өндіру кіреді.