Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2200 Заңы
(2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214-III Заңымен күші жойылды
ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен бас тақырыбы жаңа редакцияда
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар)
2 тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға (9 - 11-1 баптар)
жататын қызмет түрлерi
3 тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты (12 - 14 баптар)
4 тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі (15 - 22 баптар)
5 тарау. Лицензиялау туралы заңдарды (23 - 26 баптар)
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен кіріспе алып тасталды
1 тарау. Жалпы ережелер
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi.
2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған лицензиялық шарт аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi.
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктiлiк талаптары - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға үмiткер жеке және заңды тұлғалар сай келуге тиiстi талаптар;
2) лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын және жаңғыртатын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган;
3) лицензиат - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
4) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720 Жарлығымен 3-бап өзгертілді ҚР 02.07.97 ж. № 144-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актілерімен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi.
2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне лицензия берудiң оңайлатылған тәртібін белгiлеуге хақылы.
3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады.
Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс.
4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.
5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет (операциялар) түрлерiн ғана атқару үшiн қажет.
6. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгізу немесе оны жою мемлекеттік қауiпсiздiк, мемлекеттік монополияны iске асыру, құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында осы Заңмен белгiленедi.
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 4-бап толықтырылды ҚР 10.07.98 ж. № 283-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Лицензиялардың түрлерi
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады:
1. Субъектiлер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берiлетiндер;
2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер.
2. Қызмет көлемi бойынша:
1) бас - қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі;
2) бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрiнде), сондай-ақ капиталдың қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт-импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға берiлетiндер.
3) операциялық - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берiлетiндер.
3.
4. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша:
1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн;
2) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар.
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 5-бап толықтырылды ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 01.07.98 ж. № 259-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді және толықтырылды
5-бап. Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
1. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi.
1-1. Лицензиялау саласындағы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi.
3. Лицензиарларға лицензиялау жөніндегі өкiлеттiктерiн лицензиялау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. № 2447 Жарлығымен 6-бап толықтырылды; 08.12.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 05.07.00 № 79-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Лицензиялардың нысандары
Лицензиялардың берiлетiндерiнiң нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Осы Заңның 11-бабының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Халық Банкі, ал осы Заңның 11-бабының 2) тармақшасында көзделген қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын аудиторлық қызмет пен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
08.10.99 ж. № 471-1; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III ; 2006.05.07. № 164-III ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Лицензия және басқа да құқық белгiлеушi құжаттар
1. Қандай да бiр қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) жүзеге асыру үшiн лицензиядан басқа өзге де рұқсат алу талап етiлетiн болса (жер учаскесiн бөлiп беру және басқалар), мұндай рұқсаттар лицензия алғаннан кейiн берiледi.
Лицензия болмаған жағдайда рұқсат жарамсыз деп есептеледi.
2. Мемлекеттік органның, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру қоғамдарының, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, қызметтi жүзеге асыруға немесе лицензиялауды талап ететiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi (операцияларды) жасауға лицензия болған кезде ғана жол берiледi.
3. Лицензия болмаған жағдайда жасалған мәмiлелер жарамсыз деп есептеледi.
Егер лицензия алу талабы мәмiле жасалғаннан кейiн қойылса, заңда басқадай көзделмегендiктен бұл мәмiленiң күшi сақталады.
Лицензияның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату немесе қайсыбiр өнiмдi белгiлi бiр мемлекеттерге шығаруға эмбарго (тыйым) салу, егер заңдарда басқадай көзделмесе, осыған дейiн жасалған мәмiлелерге қолданылмайды.
8-бап. Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаларға берiлетiн
лицензиялар
Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актілерінде басқадай көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады.
2 тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға
жататын қызмет түрлерi
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720; 20.07.95 ж. № 2375; 20.07.95 ж. № 2370 Жарлықтарымен 9-бап өзгертілді; 10.06.96 ж. № 5-1; 21.01.97 ж. № 68-1; 07.04.97 ж. № 89-1; 13.06.97 ж. № 121-1; 11.07.97 ж. № 154-1; ҚР 09.07.98 ж. № 277-1; 09.07.98 ж. № 280-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 30.12.98 ж. № 343-1; 16.07.99 ж. № 430-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.07.00 ж. № 79-1; 15.01.01 ж. № 141-1; 13.06.01 ж. № 212-1; 15.12.01 ж. № 272-1; 17.01.02 ж. № 285-II; 10.07.02 ж. № 342-II; 07.04.03 ж. № 403-II; 08.05.03 ж. № 410-II (бұр. ред. қара); 04.06.03 ж. № 429-II; 01.07.03 ж. № 449-II; 13.01.04 ж. № 523-II (бұр. ред. қара); 10.03.04 ж. № 534-II ; 06.05.04 ж. № 550-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 176-III ; 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды
9-бап. Аса қауiптi объектiлерге байланысты және
(немесе) ерекше маңызды мемлекеттік мәнi
бар қызметтi лицензиялау
1. Кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату;
3)
4) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөніндегі барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендiлiк база және басқалар) пайдалану;
5) байланыс саласында телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнінде қызметтер жасау және көрсету, жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдарын жобалау, салу, байланыс желілері мен жолдарын техникалық пайдалану;
6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес атом энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерi;
7) құрамында оларды арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтiк заттар болатын өнiмдi дайындау және сату;
8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу;
9)
10) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату;
11) жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi;
12) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
12-1) мұнай өнiмдерiн өндiру;
13)
14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау;
15) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
16) күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау, монтаждау, ретке келтiру және техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру;
17) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және оларға күтiм жасау;
18) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды
19) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату;
20) жолаушыларды және жүктердi темір жол, өзен, теңiз, әуе көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар;
21)
22) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды
23)
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық жағынан қорғау, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтiру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистiк күтiм жасау жөніндегі қызметтiң барлық түрлерi;
25)
26) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу;
27)
28) фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, оларды көтерме, бөлшек саудада сату;
29) минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда);
30) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстар.
30-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын жай құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
31) өлшем құралдарын өндіру және жөндеу;
32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату;
33)
34) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету.
35) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды
36) шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет;
37) заңды тұлғалардың түстi және қара металл қалдықтары мен сынықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, ұқсатуы және өткізуi;
38) сот-сараптама қызметi;
39) 1998 ж. 10 шiлдедегі № 283-1 ҚР Заңымен алып тасталды
40) 1998 ж. 10 шiлдедегі № 283-1 ҚР Заңымен алып тасталды
41)1998 ж. 10 шiлдедегі № 283-1 ҚР Заңымен алып тасталды
42) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстары.
43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет:
әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою;
құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау;
44) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу;
45) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту;
45-1) шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу;
46) туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтер көрсетуі;
47) темір жолдың жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлерді жасау және жөндеу;
48) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызмет:
жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану;
49) iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар;
50) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша оларды өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою;
51) банкроттық процедураларында төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі қызмет;
52) кемелерге, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз және өзен порттарының қызметі;
53) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызмет;
53-1) тiркеу сынақтарына, өндiрiстiк сынақтарға және ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу;
54) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау;
55) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау және бөрене кесу жөніндегі жұмыстар;
56) арнайы су пайдалану, соның ішінде:
а) ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, балық өсіру және көлік қажеттері үшін тәулігіне елу текше метрден жоғары көлемде жер үсті су объектілерінен су алу және пайдалану;
б) жер үсті су объектілерінен кейінгі су пайдаланушыға су алу және беру.
57) темекi өнiмдерiн өндiру;
58) 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
59) 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
60) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету.
2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен белгiленедi.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720 Жарлығымен 10-бап өзгертілді; ҚР 07.04.97 № 89-I; 09.06.97 ж. № 116-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 11.06.01 ж. № 207-II; 07.01.03 ж. № 371-II; 04.07.03 ж. № 470-II; 06.07.04 ж. № 572-II; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет
көрсетуге байланысты қызметтi лицензиялау
Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады:
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім; кәсiптiк бастауыш білім, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім, оның iшiнде мамандықтар бойынша білім беретiн заңды тұлғалардың білім беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi;
1-1) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету бойынша;
2) медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысу;
2-1) ветеринария саласындағы қызмет: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру және өткізу; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өткізу; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргiзу; ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет;
3) мемлекеттік емес субъектiлердiң iз кесу (детективтiк) қызметiне байланысты заң қызметiн көрсетуi;
4) адвокаттық қызмет;
5) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды
6) нотариаттық қызмет;
6-1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет;
7) лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және оларды өткізу;
7-1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;
8)
9)
10) мүлiктi бағалау жөніндегі қызмет;
10-1) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы.
10-2) 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен алып тасталды
11) кредиттік бюроның қызметі.
ҚР Президентінің 1995.08.31. № 2447 Жарлығымен 11-бап жаңа редакцияда; 19.06.97 ж. № 134-I; 10.07.98 ж № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 04.07.03 ж. № 466-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты
қызметтi лицензиялау
Қаржы қызметi мен қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтiң мынадай түрлерi мiндеттi түрде лицензиялауға жатады;
1) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңдарына сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүзеге асыру, клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi.
2) аудиторлық қызмет;
2-1) 2006.05.05. № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөніндегі қызмет, сақтандыру брокерлерiнiң қызметi, сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет.
4) депозитарийлiк қызметтi қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет;
5) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызмет;
6) ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
7) ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
8) ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
ҚР 05.07.00 ж. № 79-II Заңымен тарау жаңа 11-1-баппен толықтырылды; ҚР 08.05.03 ж. № 411-II Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.09.06 . 56-III Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға
байланысты қызметті лицензиялау және валюталық
операцияларды лицензиялау
Лицензиялауға:
1) бөлшек сауда-саттықты жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасын алып қызмет көрсету;
2) валюталық операцияларды жүзеге асыру жатады.
3 тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты
мен импортын лицензиялау
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720 Жарлығымен 12-бап өзгертілді; 08.10.99 ж. № 471-1; 2005.15.04. № 45-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету айналадағы ортаны, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан алғанда лицензиялауға жататын тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тiзбесiн, сондай-ақ экспорт-импорт операцияларын жасауға лицензиялар беру мен ресiмдеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2.ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен алынып тасталды
3. Лицензия өтiнiш жасаушыға әрбiр жекелеген мәмiле бойынша экспорт немесе импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн күнтiзбелiк бiр жыл кезеңге берiледi. Лицензияның иесi лицензия берген органдарға ескерте отырып, одан бас тартуға құқылы.
Бас лицензия бойынша белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбеге кiретiн және сол қызмет түрiнде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) импортына (келісім-шарттар санына қарамастан жыл сайынғы импорттау көлемiне) берiлетiн лицензия қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi.