Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 19 маусымдағы № 134-1 Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., № 14 (қосымша), № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1994 жылғы 13 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының еңбек мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы, 1997 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне толықтыру енгізу туралы» 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 173-1-баппен толықтырылсын:
«173-1-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары сомасын азайту немесе жасыру, оларды төлеу мерзiмiн бұзу
Мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасын азайту немесе жасыру, сондай-ақ Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа оларды төлеу мерзiмiн төлеушiлердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалуды жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай, кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын әрi мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес төлейтiн жеке тұлғалардың бұзуы -
азаматтар мен лауазымды адамдарға жиырма есептiк көрсеткiш мерзiмiне дейiн айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк өндiрiп алу салынғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл осы iс-әрекет -
азаматтар мен лауазымды адамдарға отыз есептiк көрсеткiш мөлшерiнде дейiн айыппұл салуға әкеп соқтырады.»;
237-7-бапта «169-3» деген цифрдан кейiн «173-1» деген цифрмен толықтырылсын;
248-1-баптың 1) тармақшасының жиырма сегiзiншi абзацы «171» деген цифрдан кейiн «173-1» деген цифрмен толықтырылсын.
2. «Шаруа шаруашылықтары туралы» 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., № 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 309-құжат; № 16, 411-құжат; 1993 ж., № 8, 183-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 21, 130-құжат):
11-баптың 8-тармағында «әлеуметтiк сақтандыру жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын.
3. «Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және агроөнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы» 1990 жылғы 13 ақпандағы Қазақ КСР Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 327-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
38-бапта:
1-тармақтың жетiншi абзацы алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
39-бапта «45 жас» деген сөз «1998 жылғы 1 шiлдеден бастап аталған зейнеткерлiк жасты жыл сайын алты айға, бiрақ тұтас алғанда көп дегенде үш жылға кейiннен ұлғайта отырып 50 жас» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 25, 328-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 6, 125-құжат; № 13-14, 323-құжат; № 16, 401-құжат; 1993 ж., № 8, 159-құжат; 1994 ж., № 9-10, 148-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 176-құжат; № 14, 276-құжат):
8-баптың екiншi бөлiгi «және Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн түсiмдер» деген сөздермен толықтырылсын;
81-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1-тармақшасында «ағымдағы» деген сөз «өткендегi» деген сөзбен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 208-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы):
35-баптың бiрiншi бөлiгіндегі «зейнетақылар» деген сөз «мемлекеттік әлеуметтiк және өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын.
45-баптың бiрiншi бөлiгiнiң үшiншi және төртiншi абзацтары «мемлекеттік» деген сөзден кейiн «әлеуметтiк жәрдемақылармен және» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Бiлiм беру туралы» 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 6, 110-құжат; № 13-14, 327-құжат; № 16, 402-құжат; 1993 ж., № 8, 154-құжат; 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; 1995 ж., № 15-16, 104-құжат; № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 183-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы):
28-баптың бiрiншi бөлiгіндегі алтыншы абзац алып тасталсын.
7. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; 1995 ж., № 23, 155-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы):
32-бапта:
бiрiншi бөлiктегi «және олардың отбасыларын» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктегi «өмiр бойына зейнетақы» деген сөздер «асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктегi «осы негiз бойынша тағайындалған зейнетақы» деген сөздер «мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын.
8. «Арал өңiріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы):
13-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы жаңа 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар:
Экологиялық апат - 1,5;
экологиялық дағдарыс - 1,3»;
1), 2) және 3) тармақшалар 2), 3) және 4) тармақшалар болып есептелсiн;
2) тармақшадағы «зейнетақы», «және жәрдемақы» деген сөздер алып тасталсын;
9. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат):
12-бапта:
үшiншi бөлiктiң 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
3) тармақшадағы «3)»деген сан алып тасталсын;
13-бапта:
мынадай мазмұндағы жаңа бiрiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы заңның 5 және 6-баптарында аталған аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемақы алуға құқығы бар:
төтенше радиациялық қатер аймағы - 2 айлық есептiк көрсеткiш;
ең жоғары радиациялық қатер аймағы - 1,75 айлық есептiк көрсеткiш.»;
бiрiншi бөлiк екiншi бөлiк болып есептелсiн;
екiншi бөлiкте:
1) тармақшада:
бiрiншi абзацтағы «және зейнетақы» деген сөздер алып тасталсын;
жетiншi абзац алып тасталсын;
2) тармақшадағы «және жәрдемақы», «жәрдемақылар», «жәрдемақы» деген сөздер алып тасталсын.
10. «Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 28-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 22, 135-құжат):
15-баптың 2-тармағының «а)»тармақшасының үшiншi абзацында»(еркектер - 60 жас, әйелдер - 55 жас)»деген сөздер алып тасталсын;
22-баптың 4-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«а) қызмет етудiң белгiленген мерзiмiн атқаруы бойынша;
зейнетақыға құқық беретiн қызмет сiңiрген жылдары бойынша және әскери қызметке болудың шектi жасына жету;».
11. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы):
24-баптың бiрiншi бөлiгiнiң он екiншi абзацындағы «тағайындалған зейнетақының кемiнде 30 процентi сақтала отырып» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша), 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; «1997 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Банкроттық туралы» Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; 1997 жылғы 11 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы);
45-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Заңды тұлға-жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады»;
49-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Заңды тұлға-жинақтаушы зейнетақы қорын тарату зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
85-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi».
182-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі «зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиiстi органға жолдануына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындалғанға не оларды тағайындаудан бас тартылғанға дейiн не тоқтатыла тұрады» деген сөздер «зейнетақы төлемдерiн тағайындау және/немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиiстi ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдерi тағайындалғанға және/немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан және/немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейiн тоқтатыла тұрады» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. Қазақстан Республикасы Президентінің»Лицензиялау туралы«1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының Президентінің «Банкроттық туралы» заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 1997 жылғы 9- сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңы; 1997 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «лицензиялау туралы» заң күшi бар Жарлығына өзгерiс енгізу туралы» 1997 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
11-бап мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызмет;
6) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызмет;
7) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызмет.».
14. Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңы; 1997 жылғы 15 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы» заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгізу туралы» 1997 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар кейбір Жарлықтарына өзгерiс мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
1-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетiн арнаулы қорларға төлемдер төлеу» деген сөздер «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, жинақтаушы зейнетақы қорларына, Жол қорына мiндеттi жарналар төлеу және қаржы бөлу» деген сөздермен ауыстырылсын:
10-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбекке ақы төлеу және зейнетақы төлемдерi түрiнде алынған кiрiстер»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Зейнетақы төлемдерi түрiнде алынатын кiрiстерге жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған төлемдер жатады»;
13-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын;
«6) зейнетақы қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шотына жiберiлген инвестициялық кiрiстер»;
14-баптың 1-тармағында «мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыруға бөлiнген қаржы және Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетiн арнаулы қорлар» деген сөздер «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, жинақтаушы зейнетақы қорларына, Жол қорына мiндеттi жарналар төлеу және қаржы бөлу» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарнасын төлеудi зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген мөлшерде шегеруге құқығы бар»;
34-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша алып тасталсын;
9-баптың 4-тармағының 1/-тармақшасы «және зейнетақы төлемдерi» деген сөздермен толықтырылсын.
8) тармақша 7) тармақша болып есептелсiн;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi, стипендиялар, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасы бойынша төленетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ өзге де жәрдемақылар мен төлемдер, оның iшiнде жүктiлiгi мен босануы бойынша, жарақат алу және денсаулығына басқа да зиян келуi салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтуға және асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақылар;»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Салық төлеушiнiң жиынтық жылдық кiрiсi мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарының сомасына мынадай мөлшерде азайтылады:
1) жеке адам үшiн - айына он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;
2) заңды тұлға үшiн - айына әрбiр қызметкерге шаққанда жиырма есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде.»;
50-баптың 1-тармағында:
2) тармақша алып тасталсын;
3) - 7) тармақшалар тиiсiнше 2) - 6) тармақшалар деп есептелсiн.
76-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын;
«23) электр қуаты.»;
169-баптың екiншi абзацы «сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету» деген сөздермен толықтырылсын;
171-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының толығымен және уақтылы аударылуы үшiн» деген сөздермен толықтырылсын;»;
176-бапта:
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «асыраушысынан айрылуына байланысты өмiрлiк зейнетақы» деген сөздер «асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Салық полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9-тармақ алып тасталсын;
178-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік бюджетке салықтардың, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң, бақылау жұмысының нәтижелерi бойынша айыппұлдар мен өсiмдердiң қоса есептелген және түскен сомаларынан, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналарды уақтылы төлемегенi үшiн алынатын өсiм сомасынан 10 процент аударым.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық қызметi органдарының әлеуметтiк даму және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
15. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы);
6-баптың екiншi және үшiншi абзацтарындағы «есептеледi» деген сөз «1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi» деген сөздермен ауыстырылсын:
9-баптың 1-тармағының оныншы абзацындағы «зейнетақы» деген сөз «мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын:
11-бапта:
28-тармақтағы «алып жүрген зейнетақысына ай сайын ең төменгi жалақы мөлшерiнде ай сайын қосылатын үстемақылар, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын.
32-тармақ «қайтыс болған/қайтыс болған зейнетақы төлемдерiн алушыны қоспағанда/»деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақтағы «зейнетақымен қамтамасыз ету және» деген сөздер алып тасталсын;
16-баптың 1-тармағының сегізiншi абзацындағы «зейнетақы» деген сөз «мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар» деген сөздермен ауыстырылсын:
17-баптың бiрiншi бөлiгіндегі «Зейнетақы қорынан (11-баптың 28, 32-тармақтары)»деген сөздер алып тасталсын.
16. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат):
2-баптың 3-тармағындағы бiрiншi абзацы «немесе арнаулы заң актілерімен белгiленген тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
54-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.»;
72-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;