Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау
және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат):
1) 43-баптың 2-тармағы "жүзеге асыратын," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 328-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу
1. Қысқа мерзімді қарыздарды қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады, олардың қызметінің айрықша түрі:
1) жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беру;
2) құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алу, сақтау және сату болып табылады.
Ломбардтар инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілге салу билетін беруімен ресімделеді және онда кепілге қойылған мүлікті сақтандыру туралы талап болуы мүмкін. Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру ломбардтың есебінен жүзеге асырылады.
3. Ломбардтың кепілге қойылған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқығы жоқ.
4. Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.
5. Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін Ломбард операцияларын жүргізу ережелері болғанда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпарат:
1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;
2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;
3) операциялар жүргізгені үшін ставкалар мен тарифтер;
4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
5) кепілге салу билетін жоғалтқан жағдайда кепіл берушіге дубликаттар беру тәртібі;
6) өзге де талаптар қамтылуға тиіс.
Ломбард операцияларын жүргізу ережелері ломбардтың клиенттері көре алатындай жерге орналастырылуға тиіс.
6. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың, осы Кодексте кепіл берушіге берілетін құқықтармен салыстырғанда, кепіл берушінің құқықтарын шектейтін талаптары шарт жасалған кезден бастап жарамсыз болады. Мұндай талаптардың орнына осы Кодекстің тиісті ережелері қолданылады.";
3) 370-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "туралы талаптарды;" деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, консервациялау немесе тарату процесінде тұрған банкке қойылатын талаптарды;".
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат, № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат, № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат):
1) 727-баптың 1-тармағы "заемшыға" деген сөзден кейін "төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 728-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
3) 743-баптың екінші бөлігіндегі "банк қызметін реттейтін заң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж, № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат):
1) 168-2-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац "Банктердің" деген сөзден кейін ", банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде" деген сөздер "жеке тұлғаға -айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік "Банктердің" деген сөзден кейін ", банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 170-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"170-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының немесе банк
холдингінің ірі қатысушысы белгілерін заңсыз алуға
байланысты бұзушылықтар
1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банк холдингі белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 170-1-бапта:
тақырыбындағы "Банктердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына заңсыз қатысуына" деген сөздер "Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуына" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі "банктің Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуы" деген сөздер "банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік "Банктің" деген сөзден кейін ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 171-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"171-бап. Уәкілетті органға банк заңнамасына немесе
зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес
табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс
етпеуге, сол сияқты уақтылы табыс етпеуге немесе
мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуге байланысты
бұзушылық, не дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты)
табыс ету
Банктің, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың аффилиирленген тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуі, сол сияқты уақтылы табыс етпеуі немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуі не олардың дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс етуі -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 173-баптың сегізінші бөлігі "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының," деген сөздерден кейін "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың," деген сөздермен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 175-1, 175-2-баптармен толықтырылсын:
"175-1-бап. Қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлері
лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне
қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарды бұзу
Қаржылық ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын талаптарды қаржылық ұйымның бұзуы -
заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-2-бап. Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің
ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны
туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау,
сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын,
өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын сақтамау
Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру мен сақтандыру қызметі және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -
лауазымды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
7) 573-баптың бірінші бөлігі "175 (бірінші бөлік)" деген сөздерден кейін ", 175-1, 175-2" деген цифрлармен толықтырылсын.
4. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) тармақша 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
1) 91-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс;";
2) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
2) 122-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 процентін ауыл шаруашылығына кредит беруден алынуға тиісті (алынған) кірістер құрайтын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар салық салынатын табысты қызметтің осындай түрінен алынған табыс сомасына, сондай-ақ олардың активтерін орналастырудан алынған инвестициялық кіріс сомасына азайтады.";
4-1-тармақ алып тасталсын;
3) тармақша 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
3) 124-баптың 2-тармағының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар өткізілетін күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарды қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтеледі.";
4) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
4) 130-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерге салық ставкасы резидент емес заңды тұлғаға қатысты мемлекет нақты қолданатын салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын ставканың 1/3-інен аспайтын мөлшерді құрайтын немесе мүліктің нақты иесі немесе табыстың нақты иесі туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялылығы туралы заңдары бар мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлігі жатады.";
5) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
5) 131-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "уәкілетті органның лицензиясы негізінде заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға, кредиттік серіктестіктерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
6) 144-баптың 13) тармақшасындағы "өткізілер күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімінде тұратын акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі" деген сөздер "өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
7) 178-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) осы Кодекстің 130-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елдердің резиденттері болып табылатын тұлғалар алған, қызметтердің нақты көрсетілген жеріне қарамастан (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы осындай тұрақты мекемелермен байланысты қызмет көрсету бойынша қызметін жүзеге асыратын резиденттерге немесе резидент еместерге) қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;";
3) тармақшадағы "өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;" деген сөздер "өткізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай сөздермен толықтырылсын: "егер резидент емес заңды тұлғаның акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған осындай акцияларды, сондай-ақ, резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;";
23) тармақшадағы "табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады." деген сөздер "табыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
"24) Қазақстан Республикасы жасасқан және ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасында салық салу құқығы көзделген, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған басқа да табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады.";
8) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
8) 179-бапта:
3-тармақтың 9) тармақшасындағы "2) тармақшасында" деген сөздер "2) және 2-1) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақ алып тасталсын;
9) тармақша 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
9) 183-баптың 1-тармағындағы "Қор биржасының өткізілетін күнгі "А" және "В" ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде" деген сөздер "Өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
10) 190-баптың 1-тармағындағы "сатылатын күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдеріндегі акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды" деген сөздер "өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған, қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізілген акцияларды және облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді .
11) 227-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде лицензиясыз өзге заңды тұлғалар жүргізетін операциялар:
депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі;
аударым операциялары;
банктік заем операциялары;
банкаралық клиринг;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
сенімгерлік операциялары: сенімгердің мүддесі үшін және тапсырмасы бойынша банктер жүзеге асыратын ақшаны, тазартылған бағалы металдарды басқару;
банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі;
банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиялар негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі ұйымдардың қызмет көрсетуі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялары;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;
4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;
5) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету;
6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнінде көрсететін қызметтері;
8) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу;
9) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;
10) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі;
11) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз беру операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілдемелер және өзге міндеттемелер беру.".
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
8-бапта:
д-1) тармақшадағы "осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтік операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кітапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау" деген сөздер "осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртібін айқындайды;" деген сөздермен ауыстырылсын;
д-2) тармақша "банк операцияларының" деген сөздерден кейін "және банктер үшін сейф операцияларының" деген сөздермен толықтырылсын;
и-2) тармақшадағы "сейф операцияларына;" деген сөздер алып тасталсын.
6. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат, 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар):