Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өсімдіктерді қорғау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 584-II Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар, № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; 2004 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгізу туралы" 2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 1-тармағында:
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"53) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызмет;";
мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:
"53-1) тiркеу сынақтарына, өндiрiстiк сынақтарға және ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу;".
2. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесi;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесі;";
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;";
2) 6-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекіту;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережелерiн әзiрлеу мен бекіту;";
10) тармақша "пестицидтердi (улы химикаттарды)" деген сөздерден кейiн "өндiру (формуляциялау), өткізу және" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын;";
4) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), әкелу, сақтау, өткізу, тасымалдау және қолдану, сондай-ақ олардың тiркеу және өндiрiстiк сынақтарын жүргiзу мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жатады.";
5) 14-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызмет лицензиялануға тиiс.";
3-тармақ "Пестицидтердi (улы химикаттарды)" деген сөздерден кейiн "өндiру (формуляциялау), өткізу және" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 20-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы "ерекше қауiптi" деген сөздердiң алдынан "зиянды және" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының