Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөніндегі кейбір
заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 154-1 Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. «Шаруа шаруашылығы туралы» 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., № 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 309-құжат; № 16, 411-құжат; 1993 ж., № 8, 183-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 21, 130-құжат):
1) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Шаруа шаруашылығының банктiк шоттары
Шаруа шаруашылығының банктiк шоттар ашуға және банктегi өз ақшасына билiк етуге құқығы бар.»;
2) 17-баптың:
1-тармағындағы:
«Банк мекемелерi» деген сөздер «банктер» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем алынып тасталсын;
4-тармағындағы «Банк мекемесi» деген сөз «банк» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармағы алынып тасталсын;
7-тармағы 6-тармақ деп есептелсiн.
2. «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызметтiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы» 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., № 51, 483-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96-құжат; № 24, 597-құжат; 1993 ж., № 8, 176-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; № 21, 130-құжат):
21-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi азатжолындағы «проценттерiн» деген сөз «сыйақыны (мүдденi)» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақ КСР-iнде айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» 1991 жылғы 18 маусымдағы Қазақ КСР Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 26, 332-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 14, 96-құжат; № 20, 120-құжат):
77-баптың 3-тармағындағы «ақшалай қаражатының» деген сөздер «ақшаның» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ КСР Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 28, 377-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат):
6-баптың:
4-тармағының екiншi азатжолындағы «кредиттiң проценттерiн» деген сөздер «кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақыны (мүдденi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ «төлем өтейтiн» деген сөздерден кейiн «сыйақы (мүдде) мөлшерiнде» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктерi туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 84-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар):
16-баптың бiрiншi бөлiгіндегі «ақшалай қаражат» деген сөздер «ақша» деген сөзбен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы» 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 5, 102-құжат; 1993 ж., № 17, 417-құжат):
1) 67-баптың екiншi бөлiгіндегі 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тараптардың атауы, олардың орналасқан жерi, қызмет көрсететiн банк көрсетiлген банктiк шоты;»;
2) 68-баптың 1) тармақшасындағы «ақша сомалары» деген сөздер «ақшасын» деген сөзбен және 101-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi азатжолындағы «ақша сомасы» және «ақша сомасын» деген сөздер тиiсiнше «ақшасы» және «ақшасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 82-баптың 1) тармақшасындағы «ақша сомаларына» деген сөздер «ақшасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 86-баптың үшiншi бөлiгіндегі «Ақша сомасын» деген сөздер «Ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 101-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
«банктiк шот ашқан кезде банк берген, одан ақша алуға болатын жеке сәйкестендiру коды;»;
6) 126-баптың екiншi бөлiгіндегі және 133-баптың екiншi бөлiгіндегі «ақша сомасын» деген сөздер «ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 132-баптың үшiншi бөлiгіндегі «ақша қаражатының» деген сөздер «ақшасының» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы» 1992 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
33-баптың бесiншi бөлiгіндегі «процентсiз несие» деген сөздер «сыйақы (мүдде) ставкасы белгiленбеген несие» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Көшiп келу туралы» 1992 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 314-құжат):
13-баптың а), г) тармақшаларындағы «ақшалай қаражаттардан» деген сөздер «ақшадан» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. «Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы» 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат):
1) 14-баптың оныншы азатжолындағы «ақшалай қаражатын» деген сөздер «банкiлiк, соның iшiнде ақша» деген сөздермен ауыстырылсын, «банкiлерден» деген сөз алынып тасталсын.
2) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Жеке кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметi
Жеке кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi.».
10. «Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесi туралы» 1993 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 9, 210-құжат; 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; № 21-22, 268-құжат):
6-баптың 1-тармағындағы «проценттердi» деген сөз «сыйақыны (мүдденi)» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы» 1993 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 9, 212-құжат):
1) 2-баптың:
1-тармағындағы «осы заңмен, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Заң күшi бар Жарлығымен, банкiлердiң қызметiн және проценттiк саясат мәселелерiн реттейтiн басқа да қалыптық құжаттармен» деген сөздер «қолданылып жүрген заңдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екiншi азатжолындағы «белгiлейтiн нарық» деген сөздер «белгiлейтiн қайта қаржыландырудың ресми нарқы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың:
бiрiншi бөлiгіндегі «тауар өндiрушiлерге процентсiз негiзде» деген сөздер «тауар өндiрушiлерге сыйақысыз (мүддесiз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгіндегі «проценттер» деген сөз «сыйақы (мүдде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Шетелдiк инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 280-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 жылғы 3 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Шетелдiк инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 5-тармағындағы «ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын.
13. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Банкроттық туралы» заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 11 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 25 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 3-тармағындағы:
«ақшалай қаражат» деген сөздер «ақша» деген сөзбен ауыстырылсын;
«орын ауыстырып» деген сөздерден кейiн «және айналысқа түсiп» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 10-баптың 1-тармағындағы «пайда немесе жеке» деген сөздер «таза» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 34-баптың 1-тармағындағы «пайда», «алынған пайдасын» деген сөздер тиiсiнше «табысын», «алынған таза табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 41-баптың 4-тармағындағы «пайда мен шығынды» деген сөздер «таза табысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 42-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы «жарғылық қорының» деген сөздер «жарғылық капиталының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 44-баптың 1-тармағының екiншi азатжолындағы «ақшалай қаражатпен» деген сөздер «ақшасымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 50-баптың:
5-тармағындағы:
«бар» деген сөз алынып тасталсын;
«ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармағындағы «ақшалай сома» деген сөздер «ақша» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармағындағы «ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 55-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «өсiм мен процент» деген сөздер «айыпақы мен сыйақыны (мүдденi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 58-баптың мәтiніндегі «жарғылық қоры», «жарғылық қорына» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталы», «жарғылық капиталына» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 59-баптың атауы мен мәтiніндегі «жарғылық қорына», «жарғылық қорындағы», «жарғылық қорға», «жарғылық қорды» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталына», «жарғылық капиталындағы», «жарғылық капиталға», «жарғылық капиталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 61-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «пайданы» деген сөз «таза табысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 64-баптың атауы мен мәтiніндегі «жарғылық қоры», «жарғылық қорының», «жарғылық қорын», «жарғылық қорды» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталы», «жарғылық капиталының», «жарғылық капиталын», «жарғылық капиталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 65-баптың 1-тармағындағы «жарғылық қордағы» деген сөздер «жарғылық капиталдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 67-баптың 2-тармағындағы «пайдасының» деген сөз «таза табысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 69-баптың 1-тармағындағы «жарғылық қордағы» деген сөздер «жарғылық капиталдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 71-баптың 2-тармағындағы «жарғылық қордағы» және 3-тармағындағы «жарғылық қорындағы» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталдағы», «жарғылық капиталындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 73-баптың мәтiніндегі «жарғылық қордағы» деген сөздер «жарғылық капиталдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 1) тармақшасындағы «пайдасының» деген сөз «таза табысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 74-баптың атауы мен мәтiніндегі «жарғылық қоры», «жарғылық қор», «жарғылық қордың», «жарғылық қорын», «жарғылық қорды» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталы», «жарғылық капиталын», «жарғылық капиталды», «жарғылық капиталдың», «жарғылық капиталының», «жарғылық капитал» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 77-баптың:
1-тармағының бiрiншi азатжолындағы «жарғылық қоры» деген сөздер «жарғылық капиталы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағындағы «жарғылық қорындағы» деген сөздер «жарғылық капиталындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 78-баптың атауы мен мәтiніндегі «жарғылық қоры», «жарғылық қордың», «жарғылық қорын», «жарғылық қорды» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталы», «жарғылық капиталдың», «жарғылық капиталын», «жарғылық капиталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 79-баптың 2-тармағының:
1) тармақшасындағы «жарғылық қоры» деген сөздер «жарғылық капиталы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы «пайдасы мен залалдарын» деген сөздер «таза табысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 80-баптың атауы мен мәтiніндегі «жарғылық қордағы», «жарғылық қорындағы», «жарғылық қорын», деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталдағы», «жарғылық капиталындағы», «жарғылық капиталын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағындағы «пайданы» деген сөз «таза табысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 84-баптың 1-тармағындағы «жарғылық қорға» деген сөздер «жарғылық капиталға» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 85-баптың мәтiніндегі «жарғылық қоры», «жарғылық қорына» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталы», «жарғылық капиталына» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 86-баптың 6-тармағындағы «банктiк емес қаржы мекемелерiнде» деген сөздер «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 87-баптың 3-тармағының
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) таза табысты пайдалану мен залалды өтеу тәртібі;»;
27) 88-баптың атауы мен мәтiніндегі «жарғылық қоры», «жарғылық қорды» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталы», «жарғылық капиталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 89-баптың атауы мен мәтiніндегі «Жарғылық қорды», «жарғылық қорын», «жарғылық қорды» деген сөздер тиiсiнше «Жарғылық капиталды», «жарғылық капиталын», «жарғылық капиталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 90-баптың атауы мен мәтiніндегі «Жарғылық қорды», «жарғылық қорды», «жарғылық қорын» деген сөздер тиiсiнше «Жарғылық капиталды», «жарғылық капиталды», «жарғылық капиталын» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 91-баптың мәтiніндегі «жарғылық қордың», «жарғылық қорды» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталдың», «жарғылық капиталдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 92-баптың мәтiніндегі «жарғылық қоры», «жарғылық қордағы» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталы», «жарғылық капиталдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 6) тармақшасындағы «пайданы» деген сөз «таза табысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 94-баптың 1-тармағындағы «жарғылық қордағы» деген сөздер «жарғылық капиталдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 95-баптың мәтіндегі «жарғылық қорларына», «жарғылық қордың», «жарғылық қорына» деген сөздер тиiсiнше «жарғылық капиталдарына», «жарғылық капиталдың», «жарғылық капиталына» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 97-баптағы «пайдасы мен залалдарын» деген сөздер «таза табысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 98-баптың 2-тармағындағы «пайдасы» деген сөз «таза табысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 99-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кооперативтiк қаржы есебiн бекіту және оның таза табысын бөлу;»;
37) 106-баптың 5-тармағындағы «ақша қаражаты» деген сөздер «ақшасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
38) 107-баптың 4-тармағындағы «ақшалай қаражаты» деген сөздер «ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 130-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздарға: облигация, коноссамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады.»;
40) 136-баптағы «белгiленген процентпен» деген сөздер «көрсетiлген сыйақысын (мүддесiн)» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 137, 138-баптар алынып тасталсын;
42) 139-баптың:
1-тармағындағы «пайдасының» деген сөз «таза табысының» деген сөздермен ауыстырылсын.
3) тармағындағы «жарғылық қорды» деген сөздер «жарғылық капиталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 140-бап алынып тасталсын;
44) 144-баптың 1-тармағындағы «салымдар құпиясын» деген сөздер «банктiк салымдар құпиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 187-баптың 2) тармақшасындағы «банкiге» деген сөзден кейiн «банктiк» деген сөзбен толықтырылсын;
46) 199-баптың екiншi бөлiгіндегі «пайданың» деген сөз «таза табыстың» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 200-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы:
«процентпен» деген сөз «сыйақымен (мүддемен)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен процент ставкасынан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 207-баптың 3-тармағындағы «ақшалай қаражатпен», «ақшалай қаражаты» деген сөздер тиiсiнше «ақшамен», «ақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 282-баптың:
1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
«Төлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асырудың тәртібі мен жолдары Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi және оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.»;
2-тармағындағы «проценттердi» деген сөз «айыпақы мен сыйақыны (мүдденi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 291-баптың:
1-тармағының бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзiнен алынатын ақшаны немесе бағалы қағаздарды - нотариат кеңесiнiң депозитiне, ал заң құжаттарында белгiленген реттерде соттың депозитiне салуға» деген сөздер «мiндеттемелерiн орындау үшiн өзiнен алынатын ақшаны депозит шарттарында, ал бағалы қағаздарды - нотариат кеңсесiнiң атына сақтау шарттарында, ал заң құжаттарымен белгiленген жағдайларда соттың атына орналастыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақшаны немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарында салу немесе нотариат кеңсесiнiң немесе соттың атына сақтау мiндеттеменiң орындалғаны болып есептеледi.
Ақша немесе бағалы қағаздар атына салынған нотариат кеңсесi немесе сот бұл туралы несие берушiлерге хабарлайды.»;
51) 301-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепiл мәнi болып табылатын ақша банкке орналастырылады.»;
52) 302-баптың 1-тармағындағы «проценттерiн» деген сөз «сыйақыны (мүдденi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 303-баптың:
4-тармағындағы «ұстаушыға, не банктiң немесе нотариат кеңсесiнiң депозитiне берiледi» деген сөздер «ұстаушыға берiледi, не банкке орналастырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер кепiл туралы шартпен өзгеше белгiленбеген болса, кепiл мәнi болып табылатын ақша банкке орналастырылады.
Осы ақша үшiн есептелетiн сыйақы (мүдде) кепiл берушiге тиесiлi болады.»;
54) 18-тараудың 4-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. КЕПIЛДIК ЖӘНЕ КЕПIЛ БОЛУШЫЛЫҚ
329-бап. Кепiлдiк
1. Кепiлдiк бойынша кепiлдiк берушi, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап беруге мiндеттенедi.
2. Бiрлесiп кепiлдiк берген адамдар, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, несие берушi алдында ортақтасып жауап бередi.
3. Кепiлдiк шарты болашақта туындайтын мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн де жасалуы мүмкiн.
330-бап. Кепiл болушылық
Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.
331-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi мен нысаны
1. Кепiл болушылық немесе кепiлдiк шарттарының негiзiнде кепiлдiк және кепiл болушылық пайда болады. Кепiлдiктi қолдану заңмен белгiленуi мүмкiн.
2. Кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлдік немесе кепiл болушылық шартының жарамсыз болуына әкелiп соқтырады.
3. Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышқордың мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын несие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшiн жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.
332-бап. Кепiлдiк берушiнiң және кепiл болушының жауапкершiлiгi
1. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер шартта өзгеше белгiленбесе, тек заңды талапты ғана қамтамасыз етедi. Кепiлдiк берушi мен кепiл болушы, егер олар әрекет қабiлетсiздiгi туралы өздерiне күнi бұрын белгiлi болған борышқорға кепiл болса, ал несие берушi бұл мән-жайды бiлмесе, жауапкершiлiктен босатылмайды.
2. Кепiлдiк берушi несие берушi алдында, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, борышқор сияқты айыпақы, сыйақы (мүдде) төлеудi қоса алғанда, борышты өндiрiп алу жөніндегі сот шығындарын және борышқордың мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан туындаған несие берушiнiң басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап бередi.
3. Кепiл болушы несие берушi алдында, егер кепiл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепiл болушылықта көрсетiлген сома шегiнде жауапты болады. Қосалқы жауапкершiлiктi мойнына алған кепiл болушыға талаптар қойылғанға дейiн несие берушi бұл талапты борышқор қанағаттандыратындай, атап айтқанда, қарсы талапты есепке алу және белгiленген тәртiп бойынша борышқордың мүлкiнен ақы өндiрiп алу арқылы ақылға қонымды шаралар қолдануға тиiс.
333-бап. Кепiлдiк берушiнiң өзiне несие берушi талаптар қойған жағдайдағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Кепiлдiк берушi, несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырғанға дейiн бұл туралы борышқорға ескертуге, ал егер кепiлдiк берушiге қуыным жасалса, борышқорды iске қатыстыруға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда борышқор өзiнiң несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын кепiлдiк берушiнiң қайтарып қойған талабына қарсы қоюға құқылы.
2. Кепiлдiк берушi, егер кепiлдiк шартынан өзгеше туындамаса, несие берушiнiң талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюға қақылы. Кепiлдiк берушi бұл қарсылықтарға құқығын тiптi егер борышқор олардан бас тартқан немесе өзiнiң қарызын мойындаған жағдайда да жоғалтпайды.
334-бап. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi мен кепiл болушының құқықтары
1. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөніндегі барлық құқықтары және кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышқордан несие берушiге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын (мүддесiн) төлеудi және борышқор үшiн жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге қақылы.
2. Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi борышқорға қойылған талапты куәландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыруға және осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелер, егер заңдарда немесе кепiлдiк берушiнiң борышқорымен шартында өзгеше көзделмесе және олардың арасындағы қатынастарда өзгеше туындамайтын болса, қолданылады.
4. Кепiл болушы дәл осындай құқықтарға борышқордың несие берушi алдындағы мiндеттемесiн өзi орындаған бөлiгiнде ие болады.
335-бап. Борышқордың мiндеттеменi орындамағаны туралы кепiлдiк берушi мен кепiл болушыға хабарлауы
Кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған борышқор кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға бұл туралы дереу хабарлауға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда өз кезегiнде мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiден негiзсiз алынғанды өндiрiп алуға, не борышқорға керi талап қоюға қақылы. Соңғы жағдайда борышқор несие берушiден тек негiзсiз алынғанды ғана өндiрiп алуға қақылы.
336-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы
1. Кепiлдiк және кепiл болушылық өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге, сондай-ақ осы мiндеттеме кепiлдiк берушi мен кепiл болушының жауапкершiлiгiн соңғылардың келісімiнсiз арттыруға немесе өзге де қолайсыз салдарға әкелiп соқтыратындай өзгерген жағдайда, тоқтатылады.
2. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiге жаңа борышқор үшiн жауап беруге келісім бермесе, кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме жөніндегі борышты басқа жаққа ауыстырумен тоқтатылады.