Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау
мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)»2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат, № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар):
371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасында:
екiншi абзацтағы «және мал дәрiгерлiк» деген сөздер алып тасталып, «қызметтi» деген сөзден кейiн», мал дәрiгерлiк саласындағы қызметтердi: мал дәрiгерлiк мақсаттағы препараттарды өндiру және өткізудi; мал дәрiгерлiк мақсаттарға арналған дәрi-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткізудi; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi; мал дәрiгерлiк емдеу-профилактикалық қызметтерiн;»деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацтағы «және сатуды» деген сөздер алып тасталсын;
жетiншi абзац алып тасталсын;
он төртiншi абзацтағы «жүргiзу» деген сөз «жүргiзудi» деген сөзбен ауыстырылып, «мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдер өткізудi» деген сөздер алып тасталсын;
он бесiншi абзацтағы «тексерудi,»деген сөз алып тасталсын;
он жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтердi: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi, пайдалануды;»;
жиырма екiншi және жиырма үшiншi абзацтар алып тасталсын;
жиырма бесiншi абзацтағы», салуды» деген сөз алып тасталсын;
жиырма сегiзiншi абзац алып тасталсын;
жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«темір жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеудi; қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеудi;»;
отыз бiрiншi абзацтағы «түрiн қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды.»деген сөздер «түрiн;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз екiншi абзацпен толықтырылсын:
«экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды, нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды.».
2. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағындағы «iс-әрекеттi» деген сөзден кейiн»(операцияларды)»деген сөзбен толықтырылсын;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктiлiк талаптары - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға үмiткер жеке және заңды тұлғалар сай келуге тиiстi талаптар;
2) лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын және жаңғыртатын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган;
3) лицензиат - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
4) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат.»;
3) 3-бапта:
5-тармақ «iс-әрекет» деген сөзден кейiн»(операциялар)»деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақтағы «осы Заңмен белгiленедi және», «тұрғысынан орын алуы мүмкiн» деген сөздер алып тасталсын, «қорғау» деген сөзден кейiн «мақсатында осы Заңмен белгiленедi» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi. ";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Лицензиялау саласындағы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лицензиарларға лицензиялау жөніндегі өкiлеттiктерiн лицензиялау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.»;
5) 6-баптың үшiншi бөлiгi «орган» деген сөзден кейiн «және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 7-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi «iс-әрекеттi» деген сөздерден кейiн»(операцияларды)»деген сөзбен толықтырылсын;
7) 9-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес атом энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерi;»;
11) тармақшадағы», салу» деген сөз алып тасталсын, «пайдалану» деген сөзден кейiн». Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақшадағы «мен сату» деген сөздер алып тасталсын;
18) және 22) тармақшалар алып тасталсын;
26) тармақшадағы «мен топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату» деген сөздер алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда);
31) тармақшадағы «тексеру,»деген сөз алып тасталсын;
35) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
«45-1) шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу;»;
46) тармақшадағы», экскурсиялық» деген сөз алып тасталсын;
47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) темір жолдың жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлерді жасау және жөндеу;
48) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызмет:
жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану;;
57) тармақшадағы «өндiру.»деген сөз «өндiру;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 58) - 60) тармақшалармен толықтырылсын:
«58) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi;
59) экологиялық аудиторлық қызмет;
60) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және табиғат қорғау жұмыстары.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен белгiленедi.»;
8) 10-бапта:
2) тармақшадағы «және мал дәрiгерлiк қызметiмен» деген сөздер «қызметпен» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ветеринария саласындағы қызмет: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру және өткізу; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өткізу; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргiзу; ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет;»;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нотариаттық қызмет;»;
7) тармақшадағы», тотализаторлар, казинолар» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;»;
10-2) тармақша алып тасталсын;
9) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бас лицензия бойынша белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбеге кiретiн және сол қызмет түрiнде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) импортына (келісім-шарттар санына қарамастан жыл сайынғы импорттау көлемiне) берiлетiн лицензия қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi.»;
10) 15-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензияланатын қызмет түрлерiне біліктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдардың қорытындысын қажет ететiн қызмет түрлерiнiң осы Заңға сәйкес лицензияланатын тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.»;
11) 16-бапта:
2) тармақшаның бiрiншi бөлiгіндегі «лицензиаттың» деген сөз «өтiнiш берушiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктегi «Лицензиат (субъект)»деген сөздер «Өтiнiш берушi» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «мұқтажына мiндеттi түрде өнiм» деген сөздер «мұқтаждары үшiн мiндеттi түрде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер)»деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «iс-әрекеттер» деген сөз «ic-әрекет (операциялар)»деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 22-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «лицензиядағы» деген сөз «осы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 24-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «Мемлекеттік органдар (лицензиарлар)»деген сөздер «Лицензиарлар» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
82-1-баптың бiрiншi бөлiгi алып тасталсын.
4. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж, № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
9-бапта:
1-тармақтағы «Заңды және жеке» деген сөздер «Жеке және заңды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызмет түрлерi және лицензиялау тәртібі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен айқындалады.».
5. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 137, 142-құжаттар):
1) 21-баптың 1) тармақшасы «шаруашылық» деген сөздiң алдынан «Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 22-баптың екiншi бөлiгіндегі «заңдармен» деген сөз «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат):
27-баптың 1-тармағының 22-3) тармақшасы және 31-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы «заңдарында» деген сөздiң алдынан «лицензиялау туралы» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 320-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 9-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
2) 14-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі екiншi сөйлем алып тасталсын.
8. «Әдiлет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат):
1) 17-баптың 2) тармақшасы «заңдарында» деген сөздiң алдынан «лицензиялау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 19-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «заңдарында» деген сөздiң алдынан «лицензиялау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялау,»деген сөздер алып тасталсын.
9. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық
қызметтi мемлекеттік лицензиялау
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. .
10. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
12-баптың 1-тармағы «заңдарында» деген сөздiң алдынан «лицензиялау туралы» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 21, 176-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
7-баптың 13) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы сәуірдің 15-сі. № 45-III ҚРЗ