Қазақстан Республикасының Президентінің "Лицензиялау туралы"
Заң күшi бар Жарлығына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 1997 ж. 13 маусымдағы № 121-1 Заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 9 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
9-баптың 1-тармағының 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"32) этиль спиртi мен алкогольдi өнiм өндiру, этиль спиртiн сақтау және өткізу, сондай-ақ алкогольды өнiмдi (сырадан басқа) сақтау және көтере өткізу;".
Қазақстан Республикасының