Бағалы металдарға байланысты қатынастарды реттеу мәселелерi
бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының
1998 ж. 9 шiлдедегі № 277-1 Заңы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат):
9-баптың 1-тармағының 27) және 33) тармақшалары алып тасталсын.
2. "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 20-21, 404-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат):
13-бапта:
2-тармақтағы "Құйма түрiндегi алтынды қоспағанда, басқа" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын.
3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат):
210, 211 және 212-баптар алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының