Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялық қорлардың
мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 577-II Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжaт; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; 2004 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергiлiктi мемлекеттік басқару мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
209-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.".
2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат):
893-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"893-бап. Инвестициялық қорлардың активтерiн сенiмгерлiкпен
басқару
Инвестициялық қорлардың активтерiн сенiмгерлiкпен басқару ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен белгiленген шарттарда және тәртiппен жүзеге асырылады.".
3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар):
15-баптың e) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"e) қызметiнiң бiрден-бiр түрi қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргiзу болып табылатын уәкiлеттi ұйымдарға берiлетiн шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияларды қоспағанда, осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру туралы шешiмдер қабылдау;".
4. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; 2004 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерiс енгізу туралы" 2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың үшiншi бөлiгіндегі "8)" деген цифр "5)" деген цифрмен ауыстырылсын;
2) 11-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызмет;";
6) - 8) тармақшалар алып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11 12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар):
1) 30-баптың 4-тармағының б-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б-1) инвестициялық портфельдi басқару;";
2) 48-1-баптың 9-тармағындағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тарату массасын, конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн банкке сенiп тапсырылған немесе оның қаржы құралдарына орналастырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi енгiзiлмейдi. Зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.".
6. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат):
1) 1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"24) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгіндегі немесе басқаруындағы әр түрлi қаржы құралдарының жиынтығы не инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкi;";
2) 1-баптың 30) тармақшасындағы "оларды сақтауды" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге қызметтi" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "шығарылу мен айналысқа түсу және олардың мемлекеттік тiркелу" деген сөздер "шығарылуы, айналысқа түсуi мен өтелуi және олардың мемлекеттік тiркелуi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген және айналысқа жiберiлген" деген сөздер "Тiркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттік тiркеудiң шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.";
6) 10-баптың 1-тармағындағы "табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз мәлiметтер бар екендiгi" деген сөздер "олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "мен санаттары" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы "бip санаттағы" деген сөздер "бiр түрдегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі мiндеттемелерiн уақтылы орындамаған немесе орындамаған жағдайлар болмаса, өзi бұрын шығарған облигациялар бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналыста болған кезде және ол төмендегi талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттiктерiнiң бiреуi талап ететiн ең төменгi рейтингi болса;
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттiң левередж шамасы екеуден аспаса және жаңа шығарылымның барлық облигацияларын орналастыру нәтижесiнде көрсетiлген шамадан аспайтын болса;
3) жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар болса, эмитент облигациялардың одан кейiнгi шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.";
9) 16-баптың 1-тармағындағы "және осы Заңның 15-бабы 1-тармағы 1)-3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетiн" деген сөздер алып тасталсын;
10) 24-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгіндегі "эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы дәйектемесiз мәлiметтердi табыс ету" деген сөздер "олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 31-баптың 2-тармағындағы "Эмиссиялық бағалы қағаздар" деген сөздер "Облигациялар" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 69-бапта:
1-тармақтағы "Инвестициялық қордың инвестициялық портфелiн басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару" деген сөздер "Инвестициялық портфельдi басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
13) 71-бап алып тасталсын;
14) 73-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
7. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қаржылық қызметтер - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылатын сақтандыру рыногына, бағалы қағаздар рыногына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметi, сондай-ақ банк қызметi;";
2) 12-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;".
2-бап. Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының