2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 131, 131-1, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 311, 328-2 (бірінші бөлігінде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бірiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 380 (бірінші бөлігінде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 490, көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстiң 163-1, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бірiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бірiншi бөлiгiнде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 396 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 439 (бірiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 446, 459, 477 (бірiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 131, 131-1, 281-1, 298-1 (бірiншi бөлiгiнде), 300, 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бірiншi бөлiгiнде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бірiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бірiншi бөлiгiнде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
6) осы Кодекстің 461 (үшінші және сегізінші бөліктерінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 463-4 (төртінші - алтыншы бөліктерінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 464-1 (үшінші бөлігінде), 464-2 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 464-3 (бірінші, бесінші - жетінші бөліктерінде), 467-1 (екінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 471 (үшінші және он үшінші бөліктерінде), 472, 474, 475, 485-487-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 447-1 (екінші бөлігінде), 447-3, 461 (бірінші, екінші, төртінші-жетінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 463-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-5 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші бөлігінде), 463-7 (бірінші бөлігінде), 463-8 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 467-1 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 471 (он екінші бөлігінде), 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 476, 485 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлері;
8) осы Кодекстiң 281-1, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi бөлiгiнде, 300, 311, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөніндегі бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
10) 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) 298-1 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
12) осы Кодекстің 377, 380 (бірінші бөлігінде), 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)- баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін — ішкі істер органдарының көші-қон полициясы басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
13) осы Кодекстің 394-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - көші-қон полициясының арнаулы атақтары бар қызметкерлері.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 544-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 544-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2008.05.07 № 64-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 544- бап өзгертілді
544-бап. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 544-1-баппен толықтырылды
544-1-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
осы Кодекстің 231 (бірінші бөлігінде), 249, 277, 284, 312, 313, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 460-баптарында көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы;
осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
осы Кодекстің 504-бабында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
4. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 545-546-баптар алынып тасталды
03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 547-бап өзгертілді
547-бап Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бірiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 444, 446 (бірiншi бөлiгiнде), 446-2, 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бірiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 548-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 548-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 548-бап өзгертілді
548-бап. Көлік бақылау органдары
1. Көлік бақылау органдары осы Кодекстің 246 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 439, 440, 440-1, 441, 447, 447-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 447-2, 447-4, 447-5, 447-6, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 457, 458, 458-1, 458-2, 459, 460 (әуе кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1 бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылатын кезде, екінші, үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде), 467-1, 473-1, 470 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479 - 480 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-1, 481, 483, 483-1, 486 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Көлік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
осы Кодекстің көлік бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 447-2, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 459-460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1-бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылатын кезде, екінші, үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479-480 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-1, 481, 483, 483-1, 486 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша — көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 548-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)
548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстің 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-7, 219-8 (бірінші бөлігі), 219-10-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II; 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 549-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 549-бап өзгертілді
549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 441, 443 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 444, 446 (бірiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бірiншi бөлiгiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 481 (теңіз және әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтар бөлігінде), 488-489 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 549-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 549-1-бап өзгертілді
549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 357-2 (бірінші бөлігінде), 492 (бірінші бөлігінде), 494 (бірінші бөлігінде), 494-1 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 495, 496 (бірінші бөлігінде), 497-1, 497-2, 497-3-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III Заңдарымен 550-бап өзгертілді; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен 550-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 550-бап өзгертілді
550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87 (бірінші-төртінші бөліктерінде), 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттік еңбек инспекторлары;
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдары құқылы.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 551-бап өзгертілді
551-бап. Әділет органдары
1. Әділет органдары осы Кодекстiң 128-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 551-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 551-1-бап өзгертілді
551-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін ретт саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 357-2 (бірінші бөлігінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, — заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары;
2) 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 551-2-баппен толықтырылды
551-2-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 525 - 527-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және әкімшілік жазалар қолдану туралы көрсетілген істерді қарауды атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының (аумақтық органдар) басшылары мен олардың орынбасарлары жүзеге асырады.
2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр.ред. қара ); 2009.04.12 № 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 552-бап өзгертілді
552-бап. Көшi-қон жөніндегі органдар
1. Көшi-қон жөніндегі органдар (өз құзыреті шегінде) осы Кодекстің 399-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөніндегі органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөніндегі органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 553-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 553-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 553-бап өзгертілді
553-бап. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 553-1-баппен толықтырылды
553-1-бап. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 554-бап өзгертілді
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 123 (екінші бөлігінде), 175 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 220 (бірінші бөлігінде), 240, 240-1, 241 - 246 (бірінші бөлігінде), 247 - 250, 261, 264, 265, 270 - 272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 306-3 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;