Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3, 4 және 5-тармақтарды қоспағанда ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темір жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |