Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
автожол саласын реформалау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2014.02.07. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 483-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«483-1-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу»;
2) мынадай мазмұндағы 483-1-баппен толықтырылсын:
«483-1-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу
Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу -
жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 548-бапта:
бірінші бөлік:
«447-5,» деген цифрлардан кейін «447-6,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«483,» деген цифрлардан кейін «483-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөліктің үшінші абзацы «483,» деген цифрлардан кейін «483-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-тармақтың 1) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 53-баптың 1-тармағы 10) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ағымдағы жөндеуді және күтіп-ұстауды, сондай-ақ жүріп өткені үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауды қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;»;
2) 88-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен не мемлекеттік тапсырманы орындаумен (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) байланысты;»;
3) 97-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер бойынша төлемдерi төлеуге берiлетiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражат көзделген мемлекеттiк мекеменiң төлеуге берiлетiн шоты және квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң төлем тапсырмасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi үшiн ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға негiз болып табылатын құжаттарды бiлдiредi.
3. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомалары және шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаражатты аударуы қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат түрінің негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi мен ақша аударымдары квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде жүргiзiледi.»;
4) 98-баптың 1, 2 және 3-тармақтарындағы «жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға)» деген сөздер «мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға мiндеттi.»;
6) 120-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсынады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жататын объектілерді салу, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеу кезінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиіс.».
4. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам, оның міндеттері жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру болып табылады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, концессия, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;»;
«9-1) автомобиль жолының учаскесі (бұдан әрі - жол учаскесі) - автомобиль жолының жалпы ұзындығы шегіндегі жол кесіндісі;»;
11), 16) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) - ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері);»;
«16) жол қызметі - автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау мен жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;»;
«18) жол қызметінің объектілері - жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені - жүріп өту үшін ақы алуға арналған, автомобиль жолы жабдығының, бағдарламалық жасақтамасының және элементтерінің жиынтығы;»;
«22) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалар - автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстардың, сондай-ақ бұл ретте пайдаланылатын материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдар.»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері)
1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) салынуы мен пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Жолдың бүкіл ұзындығы бойында көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығы қамтамасыз етіле отырып, жүріп өтудің жоғары сапада болу шарты орындалған кезде автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы төлеу енгізіледі.
3. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен немесе концессия шарттарының негізінде салынуы мүмкін.
Ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін автомобиль жолы (жол учаскесі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға, концессионерге беріледі.
Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады.
4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту автомобиль жолын пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе концессионермен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе концессионер мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы жаңа редакцияда (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мынадай кезектілікпен:
1) ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерді) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
2) автомобиль жолдарында (учаскелерде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруға жіберіледі.
6. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салу үшін концессионер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін пайдаланады.
7. Жергілікті атқарушы органдарға автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген және жүктерді алып өту мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.»;
3) 5-1-бапта:
тақырыбы «жолын» деген сөзден кейін «(жол учаскесін)» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер I санатты жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне), II санатты автомобиль жолдарының жекелеген учаскелеріне және астана мен республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жүріп өту үшін ақы мөлшерлемесі;»;
4) 5-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2-бап. Ақылы, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер»;
1-тармақта:
1) тармақшаның бесінші абзацындағы «қызметінің арнаулы автокөлік құралдары босатылады;» деген сөздер «қызметінің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;»;
2) тармақшада:
бірінші абзац алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді:
кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;»;
5) 5-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру
1. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру соғыс немесе төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ экологиялық, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған жағдайларда белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
3. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.»;
6) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер пайдаланушыларға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол сервисі объектілерін салу, күтіп-ұстау және дамыту үшін автомобиль жолының санатына қарай белгіленген нормалар негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер және жобалау құжаттамасына сәйкес жол бойындағы белдеу учаскелері беріледі. Концессияға немесе Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажеттеріне арналған жер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жол органына - жерді тұрақты пайдалануға, автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге жерді уақытша пайдалануға бөлінеді.»;
7) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеу жерлері, сондай-ақ жобалау құжаттамасында көзделген жол бойындағы белдеу учаскелері жол органының иелігінде, концессионерлердің немесе Ұлттық оператордың пайдалануында болады және автомобиль жолдарын және жол бойы сервисін дамытуға, көркейтуге ғана арналады.»;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «жол органдары» деген сөздер «жол органы, Ұлттық оператор» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын бекіту;
8-2) Ұлттық операторды құру;
8-3) автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
8-4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту;»;
9) 12-баптың 2-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;»;
«8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы ұсыныстар енгізу;»;
9) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Ұлттық операторды қаржыландыру;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;»;
10) 14-бапта:
1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «аймақтық бағдарламаларға» деген сөздер «өңірлік бағдарламаларға, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жол саласындағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
11) 15-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жол қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып орындауға міндетті.
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзірлеуші, өндірістік қадағалауды - жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді техникалық қадағалауды - тапсырыс беруші өз бетінше не тиісті аттестаты бар ұйымдар мен сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.